Ел жаңалықтары

“Қытайдағы қазақ мәселесі. Сайрагүл Сауытбайға араша” атты баспасөз мәслихатына шақырамыз

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua.

Баспасөз мәліметі

16 шілде күні сағат 10.00-де «Атажұрт» ерікті жастар ұйымы «Қытайдағы қазақтар мәселесі. Сайрагүл Сауытбайға араша!» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.
Спикерлер: Адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Құспан, «Атажұрт» жастар ұйымының жетекшілері: Серікжан Біләшұлы, Қыдырәлі Оразұлы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сәуле Әбединова.
Бүгінгі таңда Қытайдағы қазақтар мәселесі туралы, мұсалмандардың жаппай қудалауға, саяси, діни қуғын-сүргінге ұшырап жатқандығы туралы қазақстандық ақпарат құралдары да, шетелдік, халықаралық ақпарат құралдары да жарыса жазып, хабар таратуда. Халықаралық ақпарат агенттіктерінің және халықаралық сарапшылардың болжауынша, Қытай түрмелерінде жазықсыз қамауда отырған мұсылмандар саны 1 млн-ға жетуі мүмкін.
Қазақстанда бұл мәселеге ең алғашқылардың бірі болып «Атажұрт» ерікті жастар ұйымы назар аударды. Олар бұл тақырыпты қоғам назарына ұсынып, жаппай талқыға салғалы 1 жылдан асты. Содан бері:
– 500-ге жуық арыз және видеоарыз қабылданды;
– ҚР СІМ жәшік-жәшік арыз тапсырылды;
– Ағылшынтілді ақпарат құралдарында 100-ге жуық мақала жарияланды (мақалалар тізімі қосымша ұсынылады);
– Батыс елдеріндегі қытайтілді ақпарат құралдарында 100-ден аса мақала жарияланды;
– Жүздеген арыз ағылшын, қытай тілдеріне аударылып, БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комитетке әзірлену үстінде;
– 11 Қазақстан азаматы елге оралды;
– «Атажұрт» еріктілер ұйымы бір жарым жылдан бері асыраушысыз қалған ондаған отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсетіп, қыста көмірін түсіріп, ас-сумен қамтамасыз етіп отыр;
– Оқу мерзімі аяқталып, жатақханадан шығып, далада қалған Қытайдан келген 80 студентке уақытша жатақхана жалдап, оларды ас-сумен қамтамасыз етіп отыр т.б.

Бүгінде Қытай мәселесіндегі ең өзекті тақырып – Сайрагүл Сауытбайдың ісі.
21 мамыр күні Сайрагүл Сауытбайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылындағы үйінен таңғы 9.00-9.30 шамасында ұстап әкеткен. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы 1 бөлігі бойынша айып тағылып (шекараны заңсыз кесіп өту), содан бері қамауда отыр.
9 шілде күні Сайрагүлдің алғашқы сот отырысы өткен еді. Ол отырыста Сайрагүл де, оның адвокаты Абзал Құспан да сот ісі қазақ тілінде жүргізілуін талап етті. Судья Динара Тұтқабаева айыпталушы жақтың талабын қанағаттандырды. Келесі сот отырысын 13 шілде сағат 10.00-ге бекіткен болатын.
Осы баспасөз мәслихатында соттың өту барысы, Сайрагүл Сауытбайға қатысты тың деректер ашық айтылатын болады.

Өтетін күні: 16 шілде, сағат 10.00
Өтетін орны: 050035 Алматы қ., 8 ықшам аудан 4 А үй, 423-428 кеңсе. Адам құқығын қорғау жөніндегі халықаралық бюро. (Өтеген батыр көшесі, Абай көшесінің қиылысы. «Әл-Таир» мейрамханасының ғимараты, 4 қабат)

Ұйымдастырушы: «Атажұрт» ерікті жастар ұйымы.
Байланыс телефондары:
8 747 063 9031 Серікжан,
8 707 266 8899 Қыдырәлі
8 707 570 0407 Сәуле.

*Достар! Бөлісулеріңізді өтінемін.

3 комментария

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары