Әлем ақпараты

Қытай билігінен Қазақстан үкіметі Шыңжаңдағы Концлагерлерлерге жазықсыз қамалған этникалық қазақтарды босатуды сұрады.

Temporibus autem quibusdam et aut officiis debitis aut rerum necessitatibus saepe eveniet ut et voluptates repudiandae sint et molestiae.

Қытай астанасы Пекин қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев бастаған Қазақстандық делегация мен Қытай Сыртқы істер министрлігі Консулдық департаментінің директоры Го Шаочунь бастаған Қытайлық делегация екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар туралы кездескен.
“Тараптар консулдық саладағы екі мемлекет арасындағы ынтымықтастық пен азаматтардың виза алу мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар
Қазақстандық делегация Қытай тарапынан Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесін әділ шешіп, қос азаматтық туралы ұсталған қазақтарды босатуды талап етті, ал Қытай тарабы бұл мәселені оң шешуге уәде берді” – деп хабарласайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Қытай қазақтарын Концлагерлерге тығып жатқан Шыңжаң басшысы

Еске сала кетейік, 2016 жылға дейін Тибет халқын қанқақсатып, ГЕНОЦИД жасаған жауыз басшысы Чэнь Шуаньгоны Қытай басшысы осы жылдың аяғында негізінен Қазақтар мен Ұйғырлар тұратын Шыңжаң аймағына басшы етіп әкелді. Жауыз басшы келе салысымен алдымен Шыңжаңның жер-жерінде Концлагерлер салып, 2017 жылдан бастап Шыңжаңдағы қазақтарға қаратқан саясатын күрт өзгертіп, олардың шетелге шығатын төлқұжаттарын жинап алып жаппай Лагерьлерге қамай бастаған, олардың ішінде Қазақстанға барғаны үшін, қоныс аударғаны үшін, Қазақстандағы туыстарымен сөйлескені үшін қамалаған азаматтар бар. Тіпті бұған дейінгі жеткен мәліметтер бойынша 12 Қазақстан азаматын да Қытай үкіметі ешсебепсіз Концлагерлерлерге қамаған, оның қазірге дейін 8 Қазақстан азаматтары босап шығып және 4 азамат әлі сол Концлагерлерлерде қамауда отыр.
Бірқызығы екі елде “қос азаматтық” алуға жол берілмесе де Қытай үкіметі Қазақстан азаматтығын алған немесе ықтиярхатын алған қазақтарға “қос азаматтық” деген жала жауып, оларды жаппай лагерьлерге жазықсыз қамаған.

16 жастан бастап 90 дағы қартқа дейін Концлагерлерде Қытай тілін үйренуде.

Қазақстан азаматтығын алған қазақтарға “нопосын (тіркеу) өшірмеген, қос азаматтық” деген айып тағып қамаған. Ал Қытайдың мұхажырлар заңының 9 тармағында “егер Қытай азаматы басқа шетелге барып, сол елдің азаматтығын қабылдаған жағдайда, Қытай азаматтығынан автоматты түрде шығарылады”- деп жазылса да, өз заңдапына өздері қарсы болып, Қазақстан азаматтығын алған қазақтарды да “қос азаматтық” жаласымен қамаған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдері де хамелондай құбылған Қытай заңын түсінбесе керек, ондағы ұсталған қазақтарды “қос азаматтықпен ұсталды” деп қателесіп жүр.

Шыңжаңдағы Концлагерлерден бір көрініс

Бейресми мәліметтер бойынша қазірге дейін Қытайда 3 миллионға жуық қазақтар тұратын болса, әлем ақпараттарының мәліметтері бойынша қазір 500 мың қазақ Шыңжаң Концлагерлерінде қамауда отырған. Ал оның басым бөлігі Қазақстанмен қатысы жоқ, өмір бойы Қытайда өмір сүріп жатқан, тіпті шетелге шығатын төлқұжаттары да жоқ қарапайым егінші-малшы қазақтар құрайды, одан қалса бұрын Қазақстанға барған немесе Қазақстандағы туыстарымен сөйлескен Қазақтар құрайды.
Бір жарым жылға кетіп бара жатқан Қытай қазақтарының мәселесін арғы-бергі қазағы болып жақында болатын «Шаңхай бестігі сәмитіне» баратын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан көп үміт күтетін секілді. Әрине бұл зұлым саясатты тоқтатуға қазірше тек Елбасының қолынан келеді, солай деп сенейік.

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары