Әлем ақпараты

Бас мүфтиге ашық хат

At vero eos et accusamus et iusto odio dignissimos ducimus qui blanditiis praesentium voluptatum deleniti atque corrupti quos dolores.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретке!

Құрметті Серікбай қажы!

Соңғы 2 жылда Қытайдағы саяси жағдайға байланысты ол жақта қайтыс болған қандастарымызға арнап Қазақстандағы туыстарының “Ғайып” жаназа намазын оқуға айрықша қажеттілік туындауда. Себебі Қытайда Ислам дінінің шариғат талаптарын орындауға қатаң тиым салынған. Исламның кез-келген дәстүрлі іс-шараларын ерікті атқарған адам бірден саяси қудалауға ұшырап,соңы жазықсыз сотталуға дейін барып жатыр. Саяси үйрену лагеріне аман-сау акетіліп,аз уақыт ішінде сүйегі келген молда, имамдар саны күн санап артуда.
Біз Қытайдан келген қандастармен тығыз жұмыс жасағалы ол жақта қайтыс болған туыстарына арнап жаназа намазын оқу туралы халықтан көптеген сауалдар мен өтініштер келіп түсіуде. Алғашында мұның жөні қалай болатынын білмегендіктен ондай істерге араласудан бас тартып, өтініштерді үнсіз қалдырған едік.
Алайда мұндай жағдайлар жиі қайталанған соң, діни сауаты бар имамдардан кеңес алып, ғайып-жаназаның жөн-жосығын сұрап білдік. Одан бөлек, Түркия қазақтары Стамбұл қаласы Зейтінбұрны мешітінде саяси қайраткерлерді, халықаралық ақпарат құралдары өкілдерін, атақты журналистерді, қоғам белсенділерін шақырып, Қытайда жаназасыз көмілген, мәйіт-сусыз, кебінсіз жерленген мұсылмандарға,соның ішінде қазақ бауырларға арнап ғайып жаназа өткізді. Бұл ақпарат он-лайн желісінде тікелей эфирде беріліп, дүниежүзі ақпарат құралдары жарыса хабарлады. Бұл мұсылмандар әлемінде айрықша жаңалық болды, әлем мұсылмандары қолдады. Осы мәселе соңғы кездері көбейіп кеткендіктен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни-пәтуа бөліміндегі Сансызбай Құрбан ұлы ұстаздан Серікжан Біләшұлы ақыл-кеңес сұрап, ауызша пәтуа алған еді. Сансызбай ұстаздың ғайып жаназаға берген пәтуасының аудиожазбасы да бар. Яғни, біздің имам ағзам Әбу Ханифа мазхабында нақты рұқсат етілмегенмен, басқа мазхабтарда рұқсат еткен дейді. Түркия қазақтары да сол бойынша ғайып жаназа өткізіпті. Сондықтан ғайып жаназа туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан ресми түрде бір пәтуа беруіне алыс-жақындағы ағайынның өтінішімен осы бір маңызды ұсынысты өзіңізге жолдап отырмыз. Өйткені иісі мұсылман үшін, әсіресе қазақ үшін – қайтыс болған жақынының жаназасын шығару – ең үлкен парыз. Ал ата-анаңды яки балаңда, туған-туысыңды жаназасын шығармай жерлеу – ең үлкен қасірет, сүйекке таңба деп қарайтын ұлттың өкіліміз. Осыған байланысты, Сізден сұрайтынымыз – ғайып жаназа шығару мәселесіне айрықша көз қарас,тиімді пәтуә бергізсеңіз екен. Екіншіден, жұма уағызынан кейін ресми түрде Қытайдағы қаракөз қазақтарымыздың Қытай қысымынан түрмеде өліп жатқандарына Алла тағаладан жарылқау тілеп, түрмеде отырған 500 000 қазаққа және саяси қыспаққа ұшырап отырған, тұтасымен құжаттарынан айырылып, Қазақстандағы бала-шағасына, туған-туысқандарына жете алмай отырған қазақтарға арнап Алла тағаладан оларға жеңілдік тілеп, дұға жасасаңыздар деген тілегіміз бар.

1. Абзал Құспан
2. Серікжан Біләшұлы
3. Қыдырәлі Оразұлы
4. Сәуле Әбілдаханқызы
5. Шаяхмет Қалиұлы
………………………………
Үшбу ашық хатқа жүздеген адам қол қоюға ниетті, алдағы күндерде сол ұзын-сонар тізімдіктің түпнұсқасын Мұфтиятқа тапсырамыз

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары