Ел жаңалықтары

Қытайдағы қазақ мәселесін көтеріп жүрген Серікжан Бiләшұлына қастандық жасалды.

Nemo enim ipsam voluptatem quia voluptas sit aspernatur aut odit aut fugit, sed quia consequuntur magni dolores eos qui ratione voluptatem.

“Ұр.кз”-ті “ұрам” деп ойлап отырсам, “стан.кз” сайты да менің кешегі жол апатына түсе жаздағанымыз туралы жазбамды біршама бұрмалап жіберіпті. “Станнан” Қазбек аға Исаның “қазақүні” сайты көшіріп басыпты…

Біріншіден, “қастандық болуы мүмкін” деген – ол біздің жорамалымыз ғана.

Екіншіден, егер бұл қастандық болса, онда тек маған жасалған қастандық емес.

Ол көлікте 5 адам болдық. Қытай мәселесін менен жүз есе артық білетін, жүз есе көп көтеріп жүрген, соңынан мыңдаған қазақты ерте алатын Серікжан Біләшұлы деген білімді де білікті, батыл да батыр азамат бар.

Ол көлікте мінез, болмыс тұрғысынан Серікжаннан бір мысқал кем емес, журналист ретінде Қытай мәселесін менен он есе артық айтып, артық жазып жүрген Нұргелді Әбдіғани деген құдай бере салған журналист бар.

Ол көлікте “Атажұрт” ерікті жастар (волонтерлар) бірлестігінің белсенді азаматы, Қытай мәселесіне мен сияқты тек сөзбен емес, нақты іспен қолғабыс боп жүрген Ардақ деген жігіт бар.

Ол көлікте Еркін деген өз басына іс түсіп, шөп жинағаны үшін “қылмысты” атанып, жауапқа тартылып жүрген бесіктен белі шықпаған бала бар. Тергеушілер 7 млн.теңге айыппұлмен ғана құтыласың деп отыр екен… Еркіннің мәселесін бөлек көтере жатармын…

Қысқасы, егер қастандық жасалған болса, жалғыз “Ақжүніске” қастандық жасалған жоқ. Осы бес адамға бірдей жасалды. Әсіресе, бұған дейін бірнеше рет “жайыңа жүрмесең, өлтіріп кетеміз” деп талай рет біреулер қорқытып қоңырау шалған Серікжан Біләшұлы “оларға” таудай кедергі боп тұр…

Сондықтан өте салмақты (серьезный) мәселені өсекке айналдырып, рейтингтің соңын қуып кетуге болмайды. Қайта серьезный мәселе ғып көтеріп, серьезно мән беріп, серьезный тақырып етіп, зерттеп жазсаңыздар, рейтингтеріңіз сонда жүз есе аспанға ұшар еді…

“Ұр.кз.” және “стан.кз” өсекшілері!

Өсек таратқанды қойып, адал жұмыс істіп, адал нан жесеңдерші. “Журналистпін” деп ұялмай айтатын дәрежеге жетсеңдерші. Сендер үшін ел-жұрт ұялып бітті. Өздерің неге ұялмайсыңдар осындай тірліктеріңнен? Әлде ұят өлген соң туғансыңдар ма?

(Сәуле Әбілдаханқызының фб парақшасынан)

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары