Атажұрт

Оралман куәлік мәселесі оң шешім таппақ.

 

АТАЖҰРТ еріктілері Астана қаласына ат басын бұрып біраз маңызды мәселенің оң шешім табуына жол тауып қайтты. Осындай маселелердің бірі – ОРАЛМАН КУӘЛІК мәселесі еді.

Атажұртқа оралып, азаматтық алу үшін алған “Оралман куәлігінің” уақыты өтіп кетіп, Қазақстан азаматтығын алаалмай жүрген Шеттен келген қандастардың саны 5000 ға жуықтайды (мүмкін оданда көп). Осыған байланысты бір ай бұрын (17.09.2018ж) АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ бұл муселені шешуді қолға алған еді. Ол үшін бір ай көлемінде Оралман куәлігі өткен қандастардың құжатын жию жұмыстары жасалып, нәтижесінде 3 мыңнан аса уақыты өткен құжаттар жиналды.

Атажұрт еріктілері жиналған үш мыңнан аса құжаттарды алып Астанаға барды, Астанадағы осы құжатты рәсімдейткн бкрдін-бір министірлік – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон көмитеті. Осы комитеттің шеттен көшіп келетін этникалық қазақтарға жауапты Дастан мырзамен кездесіп, Оралман куәлігінің уақыты өткен және төлқұжаттарының уақыты өтіп кетіп азаматтық алаалмай отырған қандастар мәселесін жан-жақты талқылады. Соңында Дастан мырза бұл мәселенің кезек күттірмейтін мәселе екенін түсініп, Атажұрт еріктілері дайындаған екі хатты яғный “оралман куәлік мәселесі” мен “ішкі-сыртқы Көші-қонға байланысты ұсыныс” хатты министр Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызына жеткізіп, алдағы уақытта заңға өзгерістер енгізуге болатынын айтты. Сондай-ақ Дастан мырза қазірше бұл мәселе туралы ешкімнен ұсыныс түспегенін және бұл өте керек ақпарат болғанын айтты.

Еске сала кетейік: бұған дейін 2017 жылдың қараша айында АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ тағыда “Оралман куәлік”-нің уақыты өткен 518 адамның құжатын жинап, аталған министрліктің орынбасар министрі және көші-қон мекемесінің бастығы болып кездесу өткізіп, артынан 2018 жылы сәуір айында Оралман Куәлікті ұзарту бойынша жаңа заң қабылданған болатын. Бірақ бұл заңның шикілігі байқалып бұл мәселе қайта туындаған еді.

Атажұрт еріктілері бұл мәселеге нүкте қоюға бар түйткілді меселені шешуге бар күшкмізді саламыз деп оты.

Осы күндері әлеуметтік желіде (WhatsApp) тарап жүрген, Астанада “Оралман куәлік” беріліп жатыр деген қауесеттің өтірік екенін Астана халалық жұмыспен қамту мекемесінің жауаптысы Асем ханым айтып берді.

6 комментариев

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары