Әлем ақпараты

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Фото: dn.yenicag.ru

 

Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон «Интерфакс» агенттігіне хабарлады. 23 қазанда америкалық саясаткер Джон Болтон мен Путиин Мәскеуде кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында қос тарап АҚШ-тың орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығуын талқылады. Осыған дейін Мәскеу «Америка аталған келісімнен шығатын болса, әлемге үлкен қауіп төнеді» – деген. Джон Болтон бұл пікірмен келіспейтінін білдіріп, «керісінше, Ресей зымырандарының Еуропа аумағында орналасуы өте қауіпті. Уашингтон Ресей тарапы осы келісімді бұзып отыр деп есептейді, сол үшін одан шығу туралы шешім қабылдады» – деді. Жоспар бойынша екі ел басшысының кездесуі Парижде 11 қараша күні өтеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуына орай осы дата таңдалған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ президентінің кеңесшісі Мәскеудің 2016 жылғы президент сайлауына килігуі Ресейдің өзіне бумеранг боп ұшқанын баса айтқан. Оның ойынша, осы жағдайдан кейін астыртын қылықтары әшкере болған Ресей саяси қысымға ұшырап, ендігәрі Америкадағы сайлауға мүлде араласуға болмайтынын түсінген.

“The Qazaq Times”

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары