Атажұрт

Оралман куәлік мәселесі оң шешім табатын болды.

Оралман куәлік мәселесі оң шешім табатын болды.

 

АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ өткен айда “Оралман куәлігі” өтіп кетіп, Азаматтық алаалмай жүрген қандастардың мәселесін шешу мақсатында, 3 мыңнан артық уақыты өткен куәліктерді жинап Астана қаласына барған еді, осы куәліктермен қоса Атажұрт еріктілерінің атынан хат дайындап, Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің көші-қон мәселесіне жауапты өкілі Дастан мырзамен кездесіп, осы мәселені тез шешу бойынша жан-жақты талқылаған болатын, аталған министрлік өкілі бұл мәселенің кезек күттірмейтін маңызды мәселе екенін түсініп, алдағы уақытта дұрыс шешім шығаруға бар күшін салатынын айтқан.

Міне бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінен Атажұрт еріктілеріне арнаулы хаты келіп түсті.

Хатта: “Министрлік тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленді.

Осы Тұжырымдаманың екінші бөлімімен Қазақстан Республикасына келген этникалық репатрианттар және қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау нормалары қарастырылып, соның ішінде бөлімнің 5-тармағымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 – бабының 1-тармағына сәйкес «тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар» редакциясын, оралман мәртебесіне тәуелсіз этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы редакциясы қарастырылғанын қосымша хабарлаймыз.

Аталған өзгертулер барлық этникалық қазақтардың, сонымен қоса оралман мәртебесі өтіп кеткен этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу мүмкіндігін көздейді.

Осы орайда, аталған Тұжырымдама қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігіне келісуге жолданды” – жазылыпты.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ

ӘЛЕУМЕТТІК  ҚОРҒАУ

МИНИСТРЛІГІ

ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН

КОМИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ТРУДА  И СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ НАСЕЛЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КОМИТЕТ

ТРУДА, СОЦИАЛЬНОЙ ЗАЩИТЫ И МИГРАЦИИ

 

010000, Астана қаласы, Мәнгілік ел даң.  8,

Министрліктер Үйі, 6-кіреберіс

тел: (7172) 74 28 45, факс: (7172) 74 36 08

 

_________________№_________________

010000,  город Астана, пр. Мәнгілік ел 8,

Дом Министерств, 6 подъезд

тел: (7172) 74 28 45, факс: (7172) 74 36 08

 

 

 

Қыдырәлі Оразұлына

«Атажұрт» еріктілерінің басшысы

Алматы қ-сы, Абай даң., 143, 430 бөлме

 

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне  Сіздердің, Оралман куәлігінің мерзімінің өтуіне байланысты жолдаған хатыңызды өз құзыреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 21-бабы               2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады.

Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.

Егер, оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап, аталған мерзім ішінде оны ұзартуға өтініш тапсырмаған этникалық қазақтар, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 16-бабымен қарастырылған шарттарға сәйкес қабылданады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Министрлік тарапынан «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленді.

Осы Тұжырымдаманың екінші бөлімімен Қазақстан Республикасына келген этникалық репатрианттар және қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау нормалары қарастырылып, соның ішінде бөлімнің 5-тармағымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  16-1 – бабы           1-тармағына сәйкес «тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар» редакциясын, оралман мәртебесіне тәуелсіз этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы редакциясы қарастырылғанын қосымша хабарлаймыз.

Аталған өзгертулер барлық этникалық қазақтардың, сонымен қоса оралман мәртебесі өтіп кеткен этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының  азаматтығын  жеңілдетілген тәртіппен алу мүмкіндігін көздейді.

Осы орайда, аталған Тұжырымдама қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігіне келісуге  жолданды.

 

 

Төраға орынбасары                                                             Е. Райғаниев

орынд.: Икенов  К.

 

 

 

Қысқасы, алдағы уақытта шығатын заң бойынша, бұдан былай “шеттен келген Қандасиарымыз “Оралман куәлігінсіз” АЗАМАТТЫҚ алала алатын болады. Құтты болсын Қазағым!

6 комментариев

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары