Атажұрт

Қытайдағы қандастардың жан-айқайы Еуропарламентіне жетті.

Бүгін, АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ басшысы Оразұлы Қыдырәлі мен Гарманиялық ұлтжанды азамат Өмірхан Алтын Белгияның астанасы Бруссел қаласында Еуропарламентіне барды.

Олао Еуропарламенттің адам қүқықтарын қорғау комитетінің басшысы Antonio Panzeri мырзамен сөйлесіп, Қытайдың Шыңжан аймағында, Қытай үккметі тарапынан 3 миллионнан астам Қазақтардың паспортынан айырылып, 500 мыңнан астамы Конслагерлерге жазықсыз қамалғанын жеткізді.

Соңынан қолдарындағы Қазақстан азаматтарының Қытайда қамалған туыстарына араша сұрау үшін жазған 1000 нан аса арыздар мен видеоарыздарды Комитет басшысының жауапты хатшысына тапсырды.

“Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды”- дейді АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ басшысы Оразұлы Қыдырәлі, “себебі бұл арыздарды тапсыру үшін, құжаттарды қабылдау тәртібі бойынша алдымен бір апта бұрын өтініш беріп, олар 10 күн ішінде қабылдайтын күнді белгілеп, соған орай айтқан күні акеліп тапсыру керек екен, бірақ Комитет басшысы біздің Қазақстаннан келгенімізді ескеріп, 5 минуттың ішінде хатшысын жіберіп АРЫЗДАРДЫ тапсырып алды” – дейді Оразұлы Қыдырәлі.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай үкіметінің Қытайдағы қазақтарға қысымы 2017 жылдан бері жалғасып келеді, осыған байланысты Алматыдағы Атажұрт Еріктілері деп аталатын еріктілер тобы бұл мәселені Едбасына, Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жиы-жиы көтеріп келеді, олар осыған дейін жүзге жуық баспа-сөз маслихатын өткізіп, алыс шетелдерден ірі ақпарат құралдарын шақырып, Қандастарымыздың мәселесін әлемге паш етті.

Олар енді бұл мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымына жеткізу үшін өткен аптада Атажұрт Еріктілерінің басшысы Оразұлы Қыдырәлі Женеваға барып, Біріккен ұлттар ұйымының 31 сесясының “Шыңжаңдағы адам құқықтары” атты конференцияда Қытай Қазақтарының қыйын тағдыры туралы сөз сөйлеп, қолдарындағы дәлел-фактілерді жеткізді.

Соңында БҰҰ-ның алдында Қытай үкіметінен азап көріп жатқан Қазақ, Тибет, Тайван, Гонконг, Ұйғыр, Моңғол қатарлы ұлыттармен бірге Қарсылық акциясына қатысты.

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары