Атажұрт

Батыстың Қытайда тұратын 15 елшілігігі Шыңжаңның партия секратары Чэнь Цюань Гомен (chén quánguó) кездесуді өтінді. Ал Қытай болса бұл әрекетті әдепсіздікке балауда.

Пекиндегі батыстың 15 мемлекет елшілері бірлесіп хат жазып, Шыңжаңдағы Ұйғыр қатарлы жергілікті азшылық ұлттардың кісілік (адамдық) құқығы тапталуын түсіндіріп беруін талап ету мақсатында Шыңжаң автономиялық өлкесінің (ШҰАР) партия хатшысы Чэнь Цюань Гомен кездесуге үміттенеді.
Чэнь Цюань Гоға арналған хатта Шыңжаңдағы жергілікті азшылық ұлттардың құқығы тапталып, зардап шеккен жағдайларға байланысты жарық көріп жатқан ақпараттарға бола қатты алаңдайтындығы айтылып, мәселені жете түсіну үшін Чэнь Цюань Гоның ыңғайлы бір уақыт тауып, тезірек кезігіп өзара талқылауды өтінген.

(2018) 15 қараша Канада елшілігінің бастауымен Чэнь Цюань Гоға хат дайындап төмендегі елдердің Қытайдағы елшіліктері оны қолдаған. Олар – Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Еуропалық Одақ, Германия, Нидерланды, Австралия, Ирландия, Швеция, Бельгия, Норвегия, соның ішінде басқа елдер, Эстония, Финляндия және Дания.

Пекиндегі 15 батыс дипломаттары өте сирек кездесетіндей ұйымшылдық танытып Қытайдағы адам құқықтары мәселелеріне алаңдаушылық білдірді.

Ағымдағы жылдың (2018-08) тамыз айында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Синьцзяндағы тұтқындар лагерінде бір немесе бірнеше миллион Ұйғырлардың ұсталғаны туралы көптеген сенімді хабарламалар алғанын айтты. Кейбір белсенділер, шетелдік үкіметтер мен Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі сарапшылары көп мөлшердегі Ұйғыр, т.б. жергілікті азшылық ұлттардың лагерге қамауға, қатаң бақылауға алынғанына қатты наразылық білдірген болатын.

Алайда, Қытай бұл айыптаулар үшін оталып, қопаға түсіп, Қытай Мемлекеттік Кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван И (wáng yì ) мырза 13-ші күні журналистерге бұл «өсекке» сенбеуге шақырды. Шыңжаңның (Синьцзянның) ісі Қытайдың ішкі ісі, Шыңжаңның (Синьцзянның) ісін жекелеген адамдар емес немесе ұйымдар емес, Шыңжаңның жағдайын Шыңжаң (Синьцзян) билігі, яғни Қытай билігі жақсы түсінеді деп соқты.

Reuters (路透通讯社) агенттігі Чэнь Цюань Гоға жазылған хат жіберілдіме немесе оның кейбір мазмұны қайта қаралдыма, ол жағы әлі анық емес екенін айтты. Кейбір дипломаттар бұл хаттың көп елдерге таратылып жатқанын және көп адам қосылып қолдауға, қол қоюға үміттенетінін білдірді.

Бұл хатқа қол қойғандардың ішінде Америка Құрама Штаттары жоқ. Дегенмен, Қытайдағы АҚШ елшілігінің өкілі Reuters агенттігіне берген сұхбатында: «2017 жылдың сәуір айынан бастап Шыңжаңда 800 мыңға жуық немесе тіпті 2 миллион ұйғыр, қазақтар және басқа да жергілікті ұлттар лагерде қамалып саяи қайта тәрбиелеуде екендігіне, және бұл сұмдық жағдайға шошына қарайтындығын айтты. Америка Құрама Штаттары Қытайдың лагерде қамалғандардың бәрін босатуын, Қытайға осы контрпродуктивно (екібеткей саясат, яғни сөзі басқа, ісі басқа саясат) саясатына нүкте қоюға шақырады. Біз Қытай орталық билігіндегі адам құқығын таптап отырған лауазымдыларға жауапкершілік қузастырылатындығын, Шыңжаң жергілікті биліктегілерге тиісті қарсы шаралар қолдануды ойластырып отырғанын да айтты.»

Құрама Штаттар Чэнь Цюань Го (Chén quánguó) және басқа да Шыңжаңдағы жергілікті халықтардың адам құқығының тапталуымен байланысты лауазымды тұлғалар мен компанияларға санкциялар қолдануды қарастыруда екенін мәлім етті.

Қытай Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Хуа Чунинг (Хуа Chunying) кезекті баспасөз мәслихатында Reuters баяндамасында берген жауабында: «Қытайдағы батыс елшілері егер Шыңжаңға жақсы ниетпен /бұл арада «жақсы ниет» -деп Қытай билігінің көңіліне жағатын, Қытай билігінің айтқанына сеніп, қолдайтын ниетті меңзеп отыр/ барса қызу қарсы аламыз. Ал егер дипломаттар Шыңжаңға Қытай билігіне қысым түсіру мақсатында, кектеніп, сыңар жақтылы көзқараспен /бұл арада Хуа Чунингтің ойынша Шыңжаңда саяси лагер бар, онда неше миллион жергілікті ұлттар қамауда отыр деген нағыз шындықты айтсаң батыс ел дипломаттарын арам ниетті, сыңар жақтылы деп қарайды екен/ барып Қытайдың ішкі ісіне араласқысы келу ниеті болса, Чэнь Цюань Гомен (Chén quánguó) кездесуге түбегейлі қарсымыз дейді.

Аударған: Кенжебек.Қ

Гиперсілтемесі:
https://www.voachinese.com

3 комментария

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары