Әлем ақпараты

Қытайдың өзге елдерге қарыз беріп тұзаққа түсіретінін айыптаған «Майк» Пенске Қытай қарсы жауап қатты.

Фото «bowenpress.com» сайтына тән.

2018-11-17 күні яғни, аптаның сенбі күні, Американың Вице-президенті Майкл Ричард «Майк» Пенс
Азия-Тынықмұқит экономикалық кеңестің (АТЭС / Азиатско-Тихоокеанское экономическое совет) жиналысында Қытаймен әріптестік, экономикалық ынтымақтастық орнатқан елдердің қайсы бірі Қытай берген қарыздың батпағына батпай қалғандығын қадап отырып айтты.

АҚШ-тың Вице-президенті «Майк» Пенс Папуа-Жаңа Гвинеядағы тәуелсіз елде өткен Азия-Тынықмұқит экономикалық кеңестің (АТЭС) саммитінде сөйлеген сөзінде Қытайдың « бір белдеу бір жол» бастамасы кейбір елдерді қарызға белшесінен батырып, ең соңында Қытайдың берген қарызын өтеуге еш мүмкіндігі болмай мемлекетінің тәуелсіздігін құрбан етуге мәжбүрлеуде деп атап көрсетті.

Apple Газеттің хабарына қарағанда, Оңтүстік Тынықмұқит аралдарындағы сегіз мемлекеттің Қытайға аса ірі көлемдегі қарызы бар. Солардың ішінде Тонга елінің Қытай алдындағы қарызы өз елінің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үштен бір үлесіне тең. Әрі кезінде жасалған келісім бойынша жақын күндерден бастап мемлекетінің қарызын Қытайға қайтара бастауға тиісті болатын.

Reuters интерграциялық медиасының хабарында Тонга елінің Премьер-министрі Акилиси Пишива (Akilisi Pōhiva) ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «бір белдеу бір жол» бастамасына қосылатынын білдіріп қол қойды. Соның арқасында қарызын 5 жыл кешіктіріп барып өтей бастайтын уағдаластыққа қол жеткізген.

Ол олма, бұдан басқа, Шри-Ланка Қытайға өзінің қарызын өз мерзімінде өтеу мүмкіндігінің болмауына байланысты өзінің стратегиялық порты Хамбантотаны (Hambantota) Қытайға 99 жыл мерзімге жалға берді.
Шри-Ланканың сыншылары бұл келісім Шри-Ланканың егемендігіне қауіп төндіреді деп мәлімдеді.

Кейбір елдер бір жағынан Қытайдан қыруар қарыз алып, тағы бір жағынан халықаралық қаржы институттарына мойнындағы қайтара алмайтын қарызынан босатуды өтінуде. Халықаралық валюта қоры әр елге осы жылдың сәуірінде (2018-04) алды-артын ойламай тәуекелшілдікпен қарыз алудың қауіптерінен сақ болуға шақырды.

Жексенбі күні (2018-11-18) журналистің сұрағына күлімсіреп тұрып жауап берген Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Chunying – Қытай өзара сыйластық, өзара тиімділік негізінде әлемнің көптеген елдерімен жап-жақсы келісім жасауда. Қытай өзге ел мен халықтардың тілектерін құрметтеп, ешқандай саяси талап қоймайды. Сол елдің жергілікті экономикалық және әлеуметтік дамуына көмектеседі деп жауап қайтарған.

Редактор: Рао Йиминг
Қазақшаға Аударған: Кенжебек Құдысұлы

https://www.rfa.org/mandarin/Xinwen/9-11182018160555.html

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары