Әлем ақпараты

АҚШ Қытайдың болат өнімдер экспортына ең ауыр жаза қолдануы мүмкін

Фото: The US International.

АҚШ Сауда департаментінің сол елдің жергілікті уақытымен сәрсенбі күні мәлімдеме таратып,  Қытайдан импортталатын болат өнімдер үшін демпингке қарсы (астыртын сату) және субсидиялауға қарсы тергеудің алғашқы қорытындысын жария етті. Қорытынды мәліметте айтылуынша, Қытайдың болат өнімдерін экспорттаушыларға арналған субсидиясы 5,04 пайыздан 150,49 пайызға дейін екені анықталған.

Сарапшылардың пікірінше, юұл Қытай тарабының Құрама Штатқа мақсатты түрде болат материалдар экспорттап отырғанын көрсетеді. 2017 жылы Қытайдың АҚШ-қа экспорттаған болат өнімдері 200 млн АҚШ долларын құраған еді.

АҚШ Сауда департаменті алғашқы шешімін шығарғаннан кейін, кедендік және шекаралық қорғау органдарына арнайы тапсырма берді. Олар қытайлық болат экспорттаушылардың субсидиясына тең депозит алатын болады. Ал, Қытайдың болат экспортына байланысты әрекеттің нақты шешімін алдағы жылдың 1 сәуірінде жария етпек. Егер Сауда департаменті соңғы шешімінде санкцияны немесе өзге жазалау әдістерін пайдалануды ұйғарса, бұл Қытай экспорты үшін аса ауыр соққы болады.

“The Qazaq Times”

3 комментария

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары