Әлем ақпараты

Қытайдың АҚШ-тағы елшісі Трамп-Ши келіссөзінің табысты болмайтынын аңғартты

"The Qazaq Times" 

АҚШ-Қытай арасындағы сауда соғысы мен түрлі саладағы қарым-қатынас шиеленісіп тұрған тұста, Қытайдың Құрама Штаттағы елшісі  ескертуге ұқсас мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемесінде, егер америкалық қатаң саясат әлемдегі ең ірі екі экономиканы – АҚШ пен Қытайды бөлуге тырысатын болса, бұның салдары тым ауыр болатынын айтқан. Қытай елшісінің бұл мәлімдемесі, ресми Бейжіңнің алда болатын Трамп-Ши келіссөзіне деген ұстанымын анық байқатты.

Кеше Reuters ақпарат агенттігі Қытайдың АҚШ-тағы елшісі Цуй Тянкайдың эксклюзивті сұхбатын жария етті. Қытай елшісі сөзінде, Бейжің тарабы Буэнос-Айрестегі G20 саммитінде АҚШ-пен сауда соғысын тоқтататын келісімге қол жеткіземіз деп үміттенетінін, әрі Қытай келіссөз барысында өз мүдделерін сақтап қалуға тырысатынын айтқан. Бұлай болғанда, Қытай тарабы Трамп үкіметінің қойған талаптары туралы ойланып та отырған жоқ деуге болады.

Қытай елшісінен бұрын Ақ үйдің экономика жөніндегі кеңесшісі Ларри Кудлоу да бұл мәселе жөнінде мәлімдеме жасаған болатын. Ол мәлімдемесінде, президент Трамп  G20 саммиті аясындағы Қытай басшысымен өтетін келіссөзді «тамаша мүмкіндік» ретінде, келіссөзге үлкен үміт артып отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ, Кудлоу АҚШ тарабы тек әділ сауда келісіміне, айталық, зияткерлік меншік құқығын қорғайтын, америкалық кәсіпорындарға технологияларды өткеріп беруге мәжбүрлемейтін, тарифтер мен өзгеде сауда қатынастары тең қарастырылғанда ғана Қытаймен келісімге келе алатынын айтқан болатын.

Аргентинадағы G20 саммитінің басталуына бірнеше күн қалды. Ал, қос тараптың өкілдері кезегімен жасаған мәліметтерге қарасақ, АҚШ пен Қытай алдағы кездесуде пікір бірлігіне келе алатын түрі жоқ. Егер Қытай бұл жолы Трамп үкіметінің дегеніне көнбесе, онда Қытайды қандай ауыр сынақтың күтіп тұрғанын президент Трамп осыдан бұрын айтып кеткен. Айталық, 200 млрд доллар көлеміндегі қытайлық тауарға салынған 10 пайыз салық ендігі жерде 25 пайызға дейін көтерілетін болады. Ақ үй бұл шарасын Қытай тарабы өз нарығын ашып, америкалық компанияларға әділ сауда нарығын бергенге дейін жалғастыруға бекіп отыр.

Алдағы кездесу туралы әлем елдеріндегі сарапшылар да түрлі көзқарас айтады. Басым көбі, қос тараптың қазіргі бейнесінен алдағы келіссөз сәтсіз болады деп болжайды. Қытайдың АҚШ-тағы елшісі алдағы келіссөз туралы Қытайдың қатаң ұстанымын көрсеткендей болды. «Біз өзіміздің экономикалық саясатымыз үшін бір ғана тараптың өтінішін қабылдай алмаймыз. Бұл басқа да барлық тараптарға сай болуы керек», – дейді Цуй Тянкай аталған сұхбатында. Айта кетейік, Қытай басшысы бастаған делегация ішінде Құрама Штаттағы елшісі де G20 саммитіне қатысады.

“The Qazaq Times”

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары