Әлем ақпараты

Қытайлық белгілі фотограф Шыңжаңда жоғалып кетті

Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Қашғар қаласы.

Қытайлық танымал фотограф Лу Гуан елдің батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне (бұдан ары – Шыңжаң) барған соң жоғалып кетті. Фотографтың әйелінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, күйеуін Қытай арнайы қызметі ұстап алған болуы мүмкін.

Лу Гуан халықаралық әйгілі World Press Photo конкурсында үш рет жеңімпаз атанған. Шыңжаңның әкімшілік орталығы Үрімжіге қазанның соңында оны Қытай билігі шақырған. Лу Гуан мұнда бірнеше мәдени шараға қатысатын болған.

Фотограф соңғы рет байланысқа 3 қараша күні шыққан. Әйелінің сөзінше, Лу Гуан Шыңжаңға өзі кеткен. Кейін Шыңжаңда оған жергілікті таныс фотограф қосылып, екеуі азшылықты құрайтын мұсылман ұйғырлар тұратын Қашғар қаласына барған. Осы сапарынан екі фотограф та жоғалып кеткен.

Гу Луанның Нью-Йоркте тұратын әйелі күйеуімен бірге болған фотографтың әйелімен сөйлескен. Ол екі фотографты да құқық қорғау органдары тұтқындағанын айтқан. Алайда, Қытай Сыртқы істер министрлігі “фотографтардың жоғалғаны туралы ешнәрсе білмейтінін” мәлімдеген.

Шыңжаң өлкесі Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан. Өлкеде тұратын халықтың көбі – мұсылман ұйғырлар. БҰҰ қыркүйекте жариялаған баяндамасында Пекинді “саяси тәрбиелеу орталықтарын” құрып, ол жерлерде діни экстремизмге қатысы бар делінген аз ұлттар өкілдерін ұстап отыр деп айыптаған. БҰҰ өкілдерінің сөзінше, Шыңжаңдағы лагерлерде миллионнан астам адам отыр.

www.azattyq.org

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары