Әлем ақпараты

Адам бостандығының индексі бойынша Қытай рейтингінде 135-ші орында тұр

Дүйсенбі күні жарияланған, жыл сайынғы өтетін адам бостандығы көрсеткішінің (индексінің) тізімінде *Қытай 162 ел мен аймақтың ішінде 135-і орында*, Гонконг – үшінші, Тайван – оныншы орында тұр.

Фрейзер атты Канаданың тәуелсіз зерттеу институтының жақында мәлімдеген 2018-жылғы адамның бостандық индексінің рейтингтері жеке тұлға, әлеуметтік мәселелер, азаматтық және экономикалық еркіндігі қатарлы 79 түрлі бағалау көрсеткіштері бойынша бағаланған. Рейтингтер нәтижесі – бүкіл әлем бойынша 162 елдің ішінде *Жаңа Зеландия* азаматтары әлемдегі ең еркіндікке ие мемлекет болып бірінші орында, ал *Швейцария* екінші орында. Көп жылдардан бері әлемдік рейтингте азаматтары ең еркіндікке ие аймақ ретінде бағаланып келген *Гонконг* үшінші орынға түсіп қалды. Австралия төртінші орынды иеленсе, Канада бесінші орынға табан тіреді.

Фрейзер институтының ішіндегі экономикалық бостандықтың негізгі зерттеушісі Фред (Frank MacMahon) *Қытай Шығыс Азия елдеріндегі бостандығы ең төменгі деңгейдегі ел болып табылады*. Қытайдың әлем елдеріне өздерінің демократиялық емес моделін тықпалауынан маңайындағы көрші елдер қатты алаңдауда.

Баяндаманың алғы сөзінде, Қытай азаматтардың бостаныдына қатер төндіріп келе жатқан, үлкен ел ретінде Ресейден әлдеқайда қауіпті. Баяндамада былай делінген: *«Қытай Коммунистік партиясы жақын жылдардан бері барған сайын тоталитарлық және империалистік сипатқа ие болуда. Ел ішіне аса қатігез тоталитаризмдік моделді қолданса, сонымен бір уақытта өздерінің бұл модельін бүкіл әлемге кеңейтуге ұмтылуда»*.

Зерттеуге қатыстырылған 162 мемлекетті тұтастай алғанда, соңғы онжылдықта әлемдегі көптеген елдерде азаматтардың бостандық дәрежесі төмендеген. Сандық салыстырмалы деректер бойынша 142 ел мен аймақтың ішінде 81 елде адамдардың еркіндік деңгейі төмендесе, 58 елде жақсарған. Үш елде ешқандай өзгеріс байқалмады.

Сонымен қатар, баяндамада азаматтарының бостандықтары жоғары дәрежеде қорғалған елдер әдетте азаматтарының бостандығы төмен елдерге қарағанда әл-ауқаттың жоғары болатындығын көрсетті. *«Жалпы алғанда, азаматтардың еркіндігі неғұрлым жақсы қорғалса халықтың өз әл-ауқатын жақсартып, бай-бақытты болуына көп мүмкіндіктер туылады»*, – дейді МакМахон.

*Адам бостандығының индексі* әр ел азаматтарының бостандықтарын өлшейтін *ең кемелді бостандық индексі*. Ол қарапайым халықтың еркіндігін, экономикалық еркіндікті, заңның үстемдігін, іс-әрекет еркіндігін, әйелдердің құқықтары сияқты т.б. 80 жуық бағалау көрсеткіштерін қамтиды.

Аударған: Кенжебек Құдысұлы

 

https://www.voachinese.com/a/china-human-freedom-index-2018-12-10/4694667.html

3 комментария

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары