Атажұрт

Чжан Сяо: Президент қытай тілін үйренуге кездейсоқ шақырған жоқ

Фото: baq.kz

ҚХР-дың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо «Бейжің сарайы» қонақүйінде Қытайда білім алған қазақстандық студенттерге арналған жиын өткізіп, өз сөзінде: “Президент (Нұрсұлтан Назарбаев – автор) қытай тілін үйренуге кездейсоқ шақырған жоқ. Енді Президент тапсырмасын орындау мақсатында біз Қазақстанда алтыншы Конфуций институтын ашу жағын ойлауымыз керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес институт жұмыс істеп жатыр. Қызығушылық жоғары және бес институт әлі шегі емес” депті. Бұл туралы baq.kz жазады.

 

Қытай елшісінің сөзіне қарағанда, 14 мың қазақстандық азамат Қытайдың түрлі оқу орнында білім алып жатыр және Қазақстанда қытай тілін, қытай әдебиетін үйренуге деген қызығушылық артып келеді екен.

 

Бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев жастарды қытай тілін үйренуге шақырып: “қытай тілі біз үшін маңызды. Қытаймен арада өте ауқымды сауда-саттық айналымы бар. Мен үйреніп көрмедім, бірақ басқаларға қарағанда қазақтар тез үйренеді дейді” деген еді.

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары