Әлем ақпараты

АҚШ-тың тыңшылыққа қарсы ең жоғарғы лауазым иесі Қытай (ҚХР) сотовой телефон сияқты ақылды құралдар арқылы адамдардың жеке ақпарат әлеміне кіре алатындығын ескертеді

Американың шпиондарға қарсы ең жоғары лауазым иесі қытайдың киберқылмысына қарсы жаңа ескертулерін жариялады. Қытай үкіметі адамдардың қолданып жүрген смартфондарын және планшеттерін пайдалана отырып олардың (адамдардың) пайдаланған ақпараттарын оңай өз бақылауына ала алады деді.

 

АҚШ-тың тыңшылыққа қарсы және қауіпсіздік жөніндегі ұлттық орталығының директоры Вильям Эванина (William Evanina) Колумбияның Телекомпаниясы (CBS) жексенбіде таратқан «60 минут» хабарында сөз сөйлеп қытайға барған туристерді, Қытайдан тыс жерлердегі Қытай қаржыландырған қонақ үйге, ресторан, кафеге барған адамдардың жеке ақпараттарын қалтасындағы немесе алып жүрген ақылды құралдар арқылы кез келген уақытта бақылануы мүмкін екенін айтты. Ол әлемдегі қытай қаржыландыратын қонақ үйлер ұсынатын *Wi-Fi* -дан сақ болу қажеттігін ерекше атап өтті.

 

Оның айтуынша, *Verizon* және *AT* және *T* сияқты американдық интернет-провайдерлер тәуелсіз болғанымен, Қытайда интернетті Қытай үкіметі басқарады, бұл шетелдіктер қытай сайттарына қосылған кезде Қытай дереу қытай сайттарына қосылғандардың жеке ақпараттарына қол жеткізе алады.

 

Ол былай деді: «Сіз көргіңіз келетін жаңалықтың сілтемесін бассаңыз, олар (Қытай) интернетке қосылған сіздің компьютер, т.б. құралдарға кіру мүмкіндігіне ие бола алады. Олар сіздің телефоныңызға да кіре алады.»

 

АҚШ Әділет министрлігі өткен аптада қытай үкіметіне жұмыс істейтін екі қытайлық хакердің үстінен шағымданып, олар (Қытай хакерлері) бірнеше мәрте хакерлік шабуылдар жасап Американың коммерциялық құпиялары мен интеллектуалдық меншіктерді ұрлағанын айыптады. Артынан іле-шала Австралия, Канада, Жапония, Біріккен Корольдік, Жаңа Зеландия және т.б. қытай хакерлерінің әрекетін айыптаған мәлімдеме жасады. Қытай үкіметі болса кез-келген хакерлік шабуылға өздерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп, мойындамауда.

Аударған: Кенжебек Құдысұлы

 

https://www.voachinese.com

6 комментариев

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары