Ел жаңалықтары

Асқар Мәмин үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Асқар Мәмин бастаған үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлап отыр. 

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Тағайындау:

Смайылов Әлихан Асханұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы – премьер-министрінің орынбасары; Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі;

Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;

Абаев Дәурен Әскербекұлы – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Бекетаев Марат Бақытжанұлы – Қазақстан Республикасының әділет министрі; Біртанов Елжан Амантайұлы – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;

Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы премьер-министр лауазымына Асқар Мәминнің кандидатурасын ұсынып, парламент мәжілісінің депутаттары бір ауыздан қолдаған болатын.

“The Qazaq Times”

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары