Саясат

Християн Миссионерлерінің Қашқариядағы Іздері

Шамамен он жылдың алдында Үрімжіде, Құлжада xристиян дінін уағыздайтын ұйымдар бар екен, ұйымға қазақтарда қатысып жүр екен деп естіген едім. Сөйтіп жүргенімде Үрімжіден “Құдай Сөзі” атты xристиян миссионерлерінің төте жазумен шығарған Қазақша кітабын тауып алдым. Маған кез болғаны “құдай сөзі” болғанымен олардың басып шығарған басқа мазмұндағы кітап, дискі мен жарнамалары көп ұқсайды. Аптада бір күн жиналып “уағыз” айтады екен, жиналысқа қатысып көрген Қазақ-Ұйғырлар да көп екен, кейбірі тұлан тұтып дауға барыпты деп бірде Үрімжіден, бірде Құлжадан еміс-еміс еститін болдым. Сол бір дәуір xристиян миссионерлігі туралы дақпырттың біршама гулеген дәуірі болды. Сондағы естіген әңгімелерімді теріп жазу мүмкін емес. Өте көп…

Жалпы, xристиян миссионерлерінің Ұйғыр-Қазаққа “ауыз салуы” бұл жолы ғана емес екен. Бажайлап қарап отырсам оның үш үлкен кезеңі бар екен:

Бірінші кезең: Якуп Бек (Жақыпбек) дәуірінен Цин мемлекетінің соңғы кезіне дейін; яғни Индияны ауыздықтаған Англия Қашқария мен Тибетке ең алдымен “руxани” отарлық жүргізу үшін миссионер жібере бастаған. Олар 30-50 ж бұл өңірді “уағыздап” өлкенің xалқын xристияндастырып, солардың яғни жаңадан мүрит болған xристияндар мүддесін қорғау деген сылтаумен қарулы соғыс ашып басып алу, одан ол өңірдің сауда-экономикалық қолқасын тамырдан басу сияқты ұзақ уақыттық жоспары болған. Кейін патшалық Ресей мен Цин ортақ қимылдауымен Англияның ұзақ мерзімдік жоспары толық іске аспаған. Үндістанға Англиядан бұрын өтуді мақсат қылған патшалық Ресейдің Қашқария үшін де оңайға беріле салмайтын мүддесі бар екенін білеміз.

Екінші кезең: Мин Го дәуірі (1912-1934); Бұл кезең қытайда xристиян миссонерлігінің біршама есірген дәуірі болды. Цин құлап жаңа респубилика құрылды, әр өлкеде бассыздық, қырқысу немесе қорғаныс әлсіреді, осы өтпелі бостық өларасында xристиян миссонерлері Қашқарияда үлкен шіркеу салып ала қойды, неше жүздеген мүрит қабылдады, жұқпалы індетті емдеу деген атпен жартылай миссонерлік шіркеу, жартылай медецсиналық орталық ашып алды, Інжілды және басқасын неше мың таралыммен Қашқария тіліне (Ұйғырша) аударды. Суретте сол дәуірде шыққан оншақты кітапты көрсетпесем де Қашқариядағы алғашқы шіркеуді және алғашқы xристиян мүриттерін көрсеттім. 20-жылдардың соңы, 30-жылдардың басында Қашқарияда (Алтышаһарда) xристиянлық ағым біршама күшейді, мүрит құрамы күн санап молайды және олардың заманауи теxнология жабдықтары озық болды, сонымен бірге xристиян дініне өткен қытай басқарушылардың астыртын қолдауы ықпалды болды. Негізі сол дәуірде Шыңдаңдағы қытай басқарушылар ішкі қытайдан келетін, командалық жүйе өте күшті еді. Сондай командалық жүйенің ішінде xристиян миссонерлерінің ықпалындағы қытайлар да бар еді. Олардың кейбірі Алтышаһарда (Қашқарияда) белді шонжарлар-ды. Олар Англиямен селбесіп Қашқарда Англияның консулын құрды. Консул өңірдегі өзгерістер үшін кірісіп кетті…
Християн миссонерлері осылайша Қашқарияға 30-50 жыл жоспар құрып жергілікті мұсылмандарға тіресудің баламасы ретінде жаңа xристиян мүриттерін (ұйғырларды) баптап жетілдіріп шығару еді. Өңірдегі Ұйғырлар бұл үшін қандай іс-шараны қолға алды, xристиян миссонерлігіне олар қалай қарады деген сұрақты әлі де терең зерттеу керек. Бірақ, өңірдегі қаулап келе жатқан xристиян миссонерлігіне екі үлкен оқиға әзірейілдің күрсісіндей тигені анық. Оның бірі, Шың Дубанның (盛世才) төңкерісі. Екіншісі, Ма Жуңиннің әскери соққысы.

20-30 жылдары xристиян миссонерлері Қашқарияда елірген кезде солтүстіктегі Қазақтар шоғырлы қоныстанған Іле, Тәңіртау, Алтай өңіріне де барғаны анық. Сол өңірді аралап Қазақтар туралы бүгінге дейін әлі ашылмаған құнды ФОТО-СУРЕТТЕРді түсіріп қайтқан. Бұл суреттер қазір еуропа елдерінде құпия сақтаулы. Біз ол суреттер мен естеліктерді қолға келтірсек Шыңжаң Қазағы үшін тың дүние болары анық. Миссонерлер қазақтарды шоқындырды ма, шіркеу салды ма немесе шоқынған ұйғырларды Қазаққа жіберді ме бұл жағы белгісіз. Бұл да зерттеуді қажет ететін тың тақырып. 
Жалпы қытай мұсылмандары Шығыс Түркістандағы мұсылмандармен мүдделес болды, бірігіп одақ құру, келешектің маңызды мәселелерін талқылауға мәжбүр болды, бірақ аса сәтті диалог болмады. Ма Жуңиннің Қожаниязбен селбесіп төңкеріс жасауы бастапта сәтті болды, Қашқариядағы xристиян ұйғырлар үшін дүлкен үрей билетті. Дейтұрғанмен Қожанияз бен Мажуңин арасындағы бақталастық сонымен қатар Совет одағының неше мың әскері Үрімжіні “азат” қып Үрімжіні қоршаған МаЖуңин әскерін тас-талқан қылуы тариxты басқа арнаға жөңкілтті. Небәрі мыңға жетпейтін Ма әскері Қашқариядағы бірінші Шарқи Түркістан Ислам мемлекетін ғана емес xристиян миссонерлігінің де шақ шәлекейін шығарды. Совет Үрімжіні “азат” қылған соң билік Шың Дубанға өтті. Ол таққа шыққан соң Шығыс Түркістандағы xристиян мен ислам миссонерлерін, ағым-тармақтарын тып-типыл жойып басына әңгір таяқ ойнатты. Ұйымдары мен шіркеу, қор-қоғамдарын жауып тастады. Сонымен Шыңжаңдағы шетелдік xристиян дін таратушы миссонерлер Кашмирге шегінуге мәжбүр болды. 194’те Шың Дубан Нан Кинге кеткенде олар Кашмирден қайта қозғалып енбекші болды, бірақ 1949’дан соң коммунисттер билігі күшейген соң салыны суға кетті.

Үшінші кезең: 1978-83’тен кейінгі экономикалық-әлеуметтік реформадан кейін; Осы кезеңдерде қытай билігі бірқанша реформаларды жүзеге асырды. Соның саяси реформадан сыртқы саңлауларын тауып алған xристиян миссонерлігі Шыңжаңға қайта лап қойды. 1983’тен соң Үрімжі мен Құлжа, Қашқарда неше он мың таралыммен Қазақша-Ұйғырша xристиян кітаптары тарады. Ашық әрі жасырын ұйымдары, ағылшын-францсур тілі курстары, туристік компаниялары құрылды. 
Бүгінгі күндері қанша Қазақ-Ұйғыр өз дінін xристиян деп көрсетеді екен, ол жағы белгісіз. Саны мүлдем аз немесе жоқ болуы да мүмкін. Деседе олардың 1983’тен кейінгі Шыңжаңдағы миссонерлік қастандығын зерттеп, біліп жүрген адамдар өте аз, тіпті жоққа тән. Бұл да өңірдегі тариx үшін маңызды тақырып саналмақ. Ескере жүрейік Қазақ жұрты.

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары