Атажұрт

ТАСАТҚЫШТАР

Nemo enim ipsam voluptatem quia voluptas sit aspernatur aut odit aut fugit, sed quia consequuntur magni dolores eos qui ratione.

 

Алдық па алыстағы жаттан үлгі,
Айран боп абыройлар ақтарылды.
Алаштың арыстарын атқызатын,
Ұрпағы сатқындардың атқа мінді.

«Батыр!» деп, «Бағылан!» деп қуды жаман,
Білмеймін, бұл не деген туды заман?
Қазақстан – бейбіт ел қаруы жоқ,
Бірақта, әр қолда жүр улы қалам.

Шығарып әр жағадан екі басты,
Тас-талқан еттік тәуір қатынасты.
Әлеуметтік желі ашып беріп бізге,
Нәлеті аяр жаудың ақылы асты.

Түзелмей қисық іні, қыңыр аға,
Семірді жыны сыймай құмыраға.
Ағымның арамызға мыңын тығып,
Етіпті-ау келе алмастай ымыраға.

Арзан даңқ қуып тілдер салақтады,
Жау іздеп қызыл көздер алақтады.
Болып жүр қандай ниет бауырларда,
Фейсбуктан ашқан кезде парақшаны?

Жұрт едік кеше ғана сезімі ыстық,
Таппадық тыныштықтан безініп түк.
Айтуды әрбіріміз тез үйреніп,
Тыңдауды барлығымыз тез ұмыттық.

Әр қазақ болғаннан соң «білімді асқан!»,
Білімін игере алмай ырылдасқан.
Желінің жазбаларын оқыған көз,
Өте алмай жүр соқтықпай, ұрынбастан.

Әркімнің кесек атып шарбағына,
Өшігу болды өмірде бар мағына.
Айтқандай Абай ата, қайран қазақ,
Шынымен ел болудан қалғаны ма?

Қашанғы жау айтады бүкіл әнді?
Қазақтың қашпаған қай құты қалды?
Бауырлар қоя ала ма, ертелі-кеш
Бірінің артын бірі шұқығанды?
Жорналшы, жазушысы, ақындары…
Жендетті шақыруға мақұл бәрі.
Билікке бір Сталин келе қалса,
Дайын тұр талай қазақ атылғалы.

Жұрт болдық оңдырмайтын ойлап та онша,
Тынбайтын жақындарын жайратқанша.
Қазақпен енді ешкім соғыспайды,
Жетеді бір-біріне қайрап салса.

Тоятын тек тентектік іспен көңілі,
Өзгенің алаңдатып ішкергі өмірі,
Ағайын, айналайын, қояйықшы,
«Әр қазақ – дұшпаным!» деп тістенгенді.

Жау шаппай сыртыңнан да, ішіңнен де,
Баспай ма өрге қарай ісің демде,
Әр қазақ қарашадан ханға дейін,
Мінсіз жан болмайтынын түсінгенде.

Қор қылған заманының заңғарларын,
Мал қылған маңыратып қалғандарын.
Білмеген сүйіну мен сүйсінуді,
Күндеген оза шыққан оғландарын.

Алаштың сорғалатып сорған қанын,
Отанның отаған кім ормандарын?
Сыпырған қазағымның қаймақтарын,
Кім көрді сол иттердің оңғандарын?

Жазғыштар, бәле баққан, жала жапқан,
Осы өлең, біл, өзіңе жолданғанын!
Тоқтат та қандасыңа тас атқанды,
Қалауың керек қазақ ел болғанын!
Бәрін сүй, бәрін мақта, жең нәпсіңді,
Ұлт үшін керек сенің кең болғаның!

Серік ҚАЛИЕВ

3 комментария

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары