Әлем ақпараты

Серікжан Біләшұлы һәм Шығыс Қазақиядан қалай айырылдық

Серікжан Білəшұлына арнап жазылған бір өлеңді оқыдық…
Азаматтың шынайы жүрегінен шыққан сағыныш-өлең. Әлі Серікжан туралы талай өлең жыр шығатын болады. Серікжан шынайы Қазақстанға нағыз азаматтық қоғамды әкелген қарлығаш, қазақ ұлтының мақтанышы жанашыры, оларды қиянаттан, азаптан құтқарам деп көре алмаушылардың торына түскен аңғал батыр, жол бастар серкесі тарихта осылай қалады … Оны шеттету көре алмаушылық оның әкесі де шешесі де 7 атасына дейін жергілікті жердің қазақтары секілді қазақ, дүбәра емес текті ұрпақ!!!! Бір жарым ғасырдан бұрын Ресейдің боданында болған Қазақтардың ата-бабалары мекендеген жерлері (Шығыс Түркістан аймағы) олардың ықтиярынсыз Ресей мемлекеті тарапынан Қытаймен өзара саудаланып, 1860 жылғы Пекин, 1864 жылғы Шәуешек, 1881 жылғы Петербург келісімдері бойынша заңдастырылды. Ал 1864 жылы қазан айының 7-сі күні Ресей мен Қытай арасында “Шәуешек келісімі” қазіргі қазақ-қытай шекара сызығының тартылып белгіленуінің негізі болды. Қытайдың батыс шекарасы жөнінде алғаш жасалған 1860 жылғы Пекин келісімінен бастау алып, 1869 жылы Қобда хаттамасына, 1870 жылы Тарбағатай демаркациялық хаттамасына және 1881 жылы Петербург келісіміне ұласты.
Петербург шарты — 1881 жылы Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесін айқындауға арналған келісімі. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінің қол астындағы ұлт аймақтарына қанат жаюынан сескенген Ресей 1871 жылы қазақ жеріне жақын Іле аймағын басып алды. Қытай Шыңжаңдағы көтерілісті басқаннан кейін Ресейге Ілені қайтару туралы талап қойды. Екі ел арасындағы ұзаққа созылған дипломат. келіссөздерден кейін 1881 жылы 12 ақпанда екі жақ Петербург шартына қол қойды.
Келісім бойынша орыс әскерлері басып алған Іле аймағы Қытай үкіметінің билігіне қайтарылды, тек Цин өкіметінің билігінде қалғысы келмейтіндерді орналастыру үшін деген желеумен Ресей Іленің батыс бөлігін иемденді. Іле халқына бір жыл ішінде Ресейге дүние мүлкімен кедергісіз қоныс аударуға рұқсат берілді. Екі мемлекеттің Іле аймағындағы шекарасы Бежінтаудан басталып, Қорғас өзенін бойлай оның Ілеге құяр тұсына дейін созылып, одан қазіргі Алматы облысындағы Көлжат ауылының шығысын орап өтіп, оңтүстікке қарай Ұзынқаратауға дейін, ал қалған жері 1884 жылғы Шәуешек келісімінде көрсетілген сызықпен өтетін болды.

Есенғазы Қуандық

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары