Ел жаңалықтары

Бағаласаң тірісінде бағала!!

Маған қазіргі таңда ең маңызды дүние Серікжан Біләшұлының бас бостандығы мен оның ақталып шығуы…!

ҚАРА ҚАЗАҚТЫҢ БАСЫНА КҮН ТУҒАНДА, Миллиондаған қытайдың саяси жүйесінен қорықпай, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМЫ ҮШІН ЖАНКЕШТІЛІККЕ БАРҒАН АЗАМАТТЫҢ БАСЫНА БҮГІНДЕ ҚАРА БҰЛТ ҮЙІРІЛІП ТҰР.
Ал сол СЕРІКЖАНДЫ ҚАМАТЫП, ҮНІН ӨШІРУГЕ АТСАЛЫСҚАН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚТЫҢ ЗИЯЛЫСЫМАҚТАРЫ мен басқа да Серікжанның балағынан тартқан иттер мен биттерге де ҮЛКЕН “рахмет” .

СЕРІКЖАНДАЙ АДАМ ОРЫСТАН НЕ ЕВРЕЙлерде тіпті басқа ұлт өкілінен болса , ОЛАР ОНДАЙ АЗАМАТЫН ӨЛСЕ ЖАУдың АЯҒЫНЫҢ АСТЫНА ЖЫҒЫП БЕРМЕЙДІ. ОЛАР ОНДАЙ АДАМЫН ТӨБЕСІНЕ КӨТЕРЕДІ, АЛАҚАНДАРЫНДА ҰСТАЙДЫ , ОНЫСЫМЕН МАҚТАНАДЫ.
ЖИРИНОВСКИИ сияқты БЕЙАУЫЗ, шовинистерін дауға да, жауға да қарсы қояды, қазаққа да қарсы талай рет сөйлетті. ТҰТАСТАЙ БІР ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҰЛТЫҢА , КӨЗІҢДІ БАҚЫРАЙТЫП ҚОЙЫП, НАМЫСЫҢА ТИІП , ҚАРАЛАП , КҮЙЕ ЖАҚҚАНДА ДА КҮҢКІЛДЕП ҚОЙҒАННАН АРЫ АСА АЛМАДЫҚ.
ОРЫСТЫ ДОС ТҰТЫП КӨҢІЛІНЕ ҚАРАҒАНДЫҚТАН БА , ОНЫҢ СӨЗІ ЕЛЕУСІЗ ЖӘНЕ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛДЫ.
ОРЫСТЫҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС ДЕГЕН ҚҰЛДЫҚ САНАДАН АРЫЛА АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАНДЫҒЫМЫЗДАН ШЫҒАР. ЖИРИНОВСИИДІҢ АЙТҚАНДАРЫН БІЗ РАСЫНДА СОНДАЙ ҚАЗАҚПЫЗ ДЕП МОЙЫНДАДЫҚ ТА ҚОЙДЫҚ. ОНЫ ЖАУАПҚА ТАРТА АЛДЫҚ ПА, ӘРИНЕ ЖОҚ. ӨЙТКЕНІ БІЗ ҚАЗАҚТАР ТЕК ӨЗІМІЗДІҢ ІШІМІЗДЕН ШЫҚҚАНДАРҒА ҒАНА ШАМАМЫЗ КЕЛЕДІ.
Серікжан қытайдағы қазақ мәселесін көтеріп, қаншама жұмыстар атқарды. Асыраушысынан айырылып қалған қанша отбасына көмек көрсетті. Жылаған-зарлаған қазақтың мұнын -зарын жоғарғы билік өкілдеріне, Сыртқы Істер Министрлігіне жеткізді.
Қытайда құқығы тапталып жатқан халықтардың жан -айқайын халықаралық ұйымдарға жеткізді.
Қытай өз қылмысын жасырып бақты. Ал ол Қытайдың қылмысын көптеген дәлелдермен, нақты фактілермен әлемге әшкереледі. Бұл туралы әлемдік ақпарат өкілдері жарыса жазды. АҚШ-тың ең ірі медиалары Нью – Иорк Таймс, Вашингтон пост басқа Англия, Германия, Францияның баспасөз өкілдерінен басқа , ірі медиалар CNN, BBC … ГОНКОГ-тың Еркін радиосы, Жапон және Ресей, Татарстан тілшілері де қарап қалған жоқ. Олар Қытайдың аз ұлттарға жасалынып жатқан қысымынан басқа , адам ағзасын сатумен айналысатын бірден -бір мемлекет екенін, сондай -ақ түрмеге, саяси лагерьлердегі адамдарды мәжбүрлі түрде зауыттар мен фабрикаларға арзан жұмыс күші ретінде пайдаланып, олар күніне 12-16-ы сағатқа дейін жұмысқа жегіліп жатқандығы туралы ақпараттардан әлем хабардар болды.
Серікжан Біләшұлы адам құқығын қорғау мен әділеттілік жолында тынбай еңбек етті. Қытайда адам құқы тапталып, қысым мен зорлық-зомбылық көрген барлық ұлт өкілдеріне арашашы болды. Халықаралық ұйым өкілдері оған – Халықаралық құқық қорғаушы деп баға берді.

-Ал біз, қазақтар оның “ұлы іс” жолындағы еңбегі мен жұмысын бағалай алдық па?
Оның қытайдағы қазақтарды құтқару үшін жанкештілікке барғанын бағалау үшін міндетті түрде уақыт таразысынан өткізіп барып ақтап алуымыз керек ПА? Азаматтың адамгершілік пен ГУМАНИСТІК, ашық демократиялық көзқарасы мен қазағы үшін жасаған еңбегін дәл уақытында бағалаудың орнына оған күмән туғызып, күдікпен қараймыз. Себебі, ол ойын ашық айтатын. Ойын ашық АЙТҚАНЫ үшін оны АЙҒАЙШЫ дедік. Қытайдың жұмсақ күштері туралы және тағы да басқа лексияларын тыңдап оған таң қалған жұрт оған “қытайдың шпионы” деді. Ұйғырлармен суретке түсіп еді оған “террорист-экстремист”деген ат тақты.
Намаз оқығаны үшін “уахабист” атанды.
Қазақстандағы этникалық ұлт өкілдерінің мәдени орталығы ұйымдастырған жиында сөйлеген сөзі үшін сұмдық ” жихадқа” шақырды деген айып тағып, қамауға алынып тынды.
Міне біздің “ұлылығымыз” осында . Барымызды бағалай алмай, елім деп еңіреген ерлерімізді жігерін құм етіп, сағын сындырып, жұрттан бездіріп, үнін өшіріп, қолына кісен, аяғына тұсау салдырып, ЖОҚ етіп, тыныш отырсақ көңіліміз жайланып, өзгенің жаманын ұлықтап, ауызымызды ашып, жағымпаз-жампоздықтан аса алмай, бір күндік қарнымыздың тойғаны мен қалтамыздың тоқтығына ғана масаттанып жүргенімізге мәз боламыз. Ақша мен атақ -абырой үшін ұлт мүддесінен де жеке бас мүддесін бірінші орынға қойдық.
Бұлай айтуымның себебі, Қазақстанда қытайшыл күштердің көбейуінен елімізде түрлі қитұрқы іс-әрекеттер орын алып барады. Қытайдың саяси жүйесін, оның әсіресе мұсылмандар қауымына, азшылық ұлттарға жасалынып жатқан қиянатын айтып , бүкіл дүниеге оның қылмысын жариялаған Серікжан Біләшқа жасаған ақпараттық шабуылынан басқа, негізсіз айыптар мен ” домалақ” арыз жазып , нағыз арсыздыққа барып отыр. Бұл олардың ұлтқа жасаған қиянаты. Қытай өзі оқытқан, миларына коммунистік идеологиясын әбден сіңіріп, өзі тәрбиелеп өсірген қазақтарды, оларды Қазақстанға жіберіп, қазақтың қолымен қазақтың арасына іріткі салдырып отыр. Қытайдың көздеген мақсаты , кез -келген елге өзінің жұмсақ күштері арқылы жаулау. Қазақстандағы кез-келген медиа, БАҚ -саласын, Теле-Радио корпарацияларында , ішкі құрылымдардың барлық басты салаларына қытайдың жұмсақ күшінің “қолы” еніп, олар өз мақсаттарын жүзеге асыруда тынбай жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба үшін қытай қаншама миллардтаған қаржы бөледі, ал бұл істі олар қытайшыл-қазақтардың қолымен жүзеге асырады.
Осылай ар мен намысты кеше орыстың алдында сатсақ, бүгін қытай алдында сатылды.
Кешегі ұлт мүддесі жолында , қазақтың жарқын болашағы үшін күрескен тарландарымыздың барлығын ОРЫСТЫҢ алдына жығып, өз қолымызбен ұстап бердік . Жала жаптық, соттаттық, атқыздық!
Ал бүгін, қанды қол Қытайдың озбырлығына, әділетсіздігіне қарсы тұрып, қазақтың намысы мен ар-ұжданы жолында, ұлтының келешегі мен АҚИҚАТ жолында күрескен Серікжанның туын жығып, дұшпанның алдына жығып бергенде ұтарымыз не?
Тарих сатқындарды кешірмейді. Сатқындар жазасыз қалмайды!

Авторы: Айнел Мұқанова

7 комментариев

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары