Ел жаңалықтары

Серікжан Біләшұлы Саяси Ойын Алаңында

Серікжан Біләшұлы саяси ойындардың құрбаны болып кеткелі тұр. Әбілиязов оның құтқарылуына, бостандыққа шығуына емес, керісінше, сотталып кетуіне, тіпті өліміне мұқтаж.
Әбілтязовтың ютуб каналына қараңыздаршы. Канал толып тұрған арандату. Басқа ештеме де жоқ.Арандатқыш видеоларының фонына Серікжан мен Назарбаевтың фотосын қатар қойып қояды . Қытайдағы геноцид мәселесі көтерілгенге дейін ешкім де емес Серікжанды әлем танитын Саяси ІРІ ТҰЛҒА санатындағы президентпен қатар қою -қайсы ақылға сыйымды? Серікжан бар болғаны Қазақтың өте қарапайым ұлтжанды азаматы ғана. Онан басқа ешкім де емес. Серікжаннан қолдан саяси тұлға жасау, қазіргі билікке Серікжанды қауіпті қылып көрсету – Әбілиязовтың арам есебі. Билік бұл қақпанды баспауы керек.
Анығында, Әбілиязов немесе басқа да өз жоспарлары бар топтар билік пен оралмандар арасына от жағып, Серікжанды билікке қауіпті, бәсекелес адам ретінде көрсетіп отыр. Үрейленіп отырған Билік қолымен Серікжанды құртып, соттап, билік пен халық арасын ашып, алшақтатып, отқа май құя түспек. Бұл- өте зор қақпан. Бұл қақпанды билік зәудеғалам баса жатса, әлемдік тақырыпты көтеріп жүрген Серікжан Біләшұлы сотталады. Есесіне, биліктің әлемдік беделі түседі. Себебі, Серікжан ешкім болмағанымен оның көтерген ісі ірі. Зор. Ол-әлемдік тақырып. Серікжан сонысымен ғана Серікжан. Сарабдал саясаткер, дуалы ауыз саясаттанушы Әзімбай Ғалиша айтсақ, Серікжанды соттау- Қазақстанды Батыстың санкциясына ұрындыруы бек мүмкін. Онда, шеттегі ақшамыздан миллиондар емес, миллиярдтар бұғатталуы мүмкін. Әбілиязов мұны біліп отыр. Оның күткені осы.
Серікжан ірі тұлға емес, оның істеген ісі ірі. Тұтас батыс, әсіресе, Қытайды сауда соғысында қыспаққа алмақ ниеттегі ала тулы Америкаға Серікжан керек. Серікжанның амандығы керек. Ісін жалғастырғаны керек. Серікжан тұтқындала сала күллі батыс ақпаратының күңіреніп кеткені содан. Батыс ақпараты ғана емес, тұтас ғаламдық саяси ұйымдар дабыл қақты. Біздің билікке Батыспен ұстасу пайда бермейді. Билік оны анық біледі. Сайрагүл Сауытбайдың ісін сағызша созып келген билік оны Қытайға қайтарып беруге мүдделі емес. Берер болса баяғыда беріп тыныш болар еді. Серікжан ісі мұнан сәл қызықты. Себебі, Билік дәл осы істе Батыс пен Қытай арасынан жол табуға мәжбүр. Қытайды қырсықтырмай, Батысты байбаламға салмай, өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай жол табу керек. Оның жалғыз жолы – Серікжанды бостандыққа шығару. Қытайға «Қытайдағы Қазақтарға қаратқан қатаң саясатыңды доғар» деп ашық талап қою. Қазағы Қытайдан қысым көрмесе, Серікжан тауға шығып қой бағып кетуге дайын екенін сан мәрте айтқан ғой. Жігіттің қарапайым ұлтжанды Қазақ екенінің, саясаткер емес екенінің дәлелі осы. Ол, бар болғаны күйеулері Қытайда жазықсыз қамалып отырған тірі жесірлердің көз жасын сүртуші, әке-шешелері Қытайда нақақтан нақақ сотталған тірі жетімдердің басынан сыйпаушы. Мұнан басқа ешкім де емес.
Әбіләиязов билікті арандатып отыр. Қытайдан келген Қазаққа орыс тілді Әбілияжовтың көк тыйындық беделі жоқ. Оралмандар мен Орыстілді қоғам мүлде екі бөлек әлем. Жуас, тыныштық сүйгіш, кәсіпке бейім Оралмандар Отанды сүю дегенді Билікті сүю деп біледі. Тәрбие-танымдары солай. Бір қызығы, Серікжан тұтқындалғанға дейін ол туралы не ол көтерген тақырып туралы жақ ашпаған ,не жақ ашса да тек теріс пікір айтатын, не атышулы «Шаханов шағым хатына» қол қойғыш

Дос Көшім, Расул Жұмалы, Айдос Сарым, Дәурен Бабамұрат, Әміржан Қосановтар да Әбілиязовше осы арамза әдісті қолданады. Олардың ютуб каналындағы кей видеоларда Серікжан мен Путиннің немесе Серікжан мен Назарбаевтің суретін қатар қойып қойған.
Гәп қайда жатыр.
Анығында, Серікжан ол деңгейде емес еді. Мақсат не? Неге Серікжанды көкке көтере қалды?
Тоқ етері: Серікданды қолдан әдейі биіктетіп, билік қолымен басын қырықпақ.
Алдыңғысы отқа май құймақ. Соңғылары қызғаныштан болса керек немесе Қытай тапсырмасы болуы бек мүмкін. Расул Жұмалының Қытайдың Қазақстандағы диаспораларымен бірге Қытайшылап келгені есте. Достың «Қытай-қауіпті емес» дейтіні есте.
Демек, Серікжанды құрту үшін көп жоспар жасалған.
Билікте отырғандардың ішінде көзі ашық жан болса, Серікжанды соттамайды. Отпен ойнамайды.
Серікжан Біләшұлы, тағдырдың жазуымен, ӘЛЕМДІК ірі тақырыпты кездейсоқ көтеріп қалған кішкене тұлға. Оны соттаудан ұтарымыз жоқ, ұтқызарымыз көп болмақ.
ОЙЛАН, БИЛІК!!!

Авторы: Шәріпхан Қайсар

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары