Санатталмаған

ЖАҺАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ МАГНИТСКИЙ ЗАҢЫ

ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
Адам құқықтарын сақтау жөніндегі Магнитскийдің жаһандық заңы АҚШ үкіметінің адам құқықтарын өрескел бұзған адамдар мен сыбайлас жемқорлыққа (коррупцияға) ерекше құныққан лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға қарсы жаза ретінде қолданатын заңы. Мысалы, АҚШ-қа баруға тиым салынады, яғни, АҚШ-қа баруға виза ашпайды, ашылған визаның күші жойылады. Құрама Штаттардағы қаржысын бұғаттайды, сауда-саттығына тыйым салады. Заң АҚШ Сенатында 2015 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған және 2016 жылғы 23 желтоқсанда ұлттық қорғаныс саласындағы авторландыру туралы заңға жарлық ретінде қосылды. Әлемнің көптеген елдері, мысалы, ЕО (Еуроодақ), Австралия, Франция, Швеция және Нидерланды осы заңдарды мойындайды және қолдайды.

КЕЛУ ТАРИХЫ
Заң жобасының атауы Мәскеудің тергеу абақтысында қаза болған Британдық инвестициялық қордың заңгері Сергей Магнитскийді (Ресейлік) еске алуға байланысты қойылған. Ол Ресей билігінің іріп-шіруін әшкерлегені үшін 2009 жылдың қарашасында Ресей үкіметі қамауға алғаннан кейін, уақытша ұстау абақтысында қаза тапқан. Осылайша, АҚШ конгресі 2012 жылы адам құқықтарын бұзу мен сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ресейлік шенеуніктер үшін «Магнитский заңның үстемдігі туралы» заң ережелерін қабылдайы. Бүгінгі күнде Магнитскийдің адам құқықтарын қорғау туралы Жаһандық заңы Ресейден тұтас әлемге кеңейтілді.
Заң жобасының жаһандық нұсқасын 2015 жылдың қаңтарында Америка сенатының сыртқы істер жөніндегі комиссия мүшесі Бен Карден ұсынған.

ЗАҢНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Заң бойынша әрекет ету (шара қолдану) құқығы президенке берілген. Заң талаптары бойынша Америкалық емес кез-келген азамат осы заңмен қудаланады, санкция (sanctіo – аса қатаң қаулы, мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары ) енгізеді. Нақтырақ айтқанда мүдделі тұлғаның немесе ұйымның осы заңдарды қабылдаған елдерге баруына тиым салады, мүлкін бұғаттайды.

Алайда санкциялар Біріккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтеріне, АҚШ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының өзара келіскен міндеттемелеріне және Құрама Штаттардың халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмеуге тиіс.

Заңның санкциялар салуының негізгі объектілері мыналар болып табылады: 1) адамды (адамдарды) заңсыз өлім жазасына кескендерге, 2) азаптау немесе адам құқықтарын аяусыз таптаған іске байланысы бар жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғаларға, 3) адам құқықтарын қорғау үшін күрескен жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың ісіне кедергі келтірген жеке тұлғалар (мемлекеттік қызметте болу, болмауына қарамастан) мен ұйым мүшелеріне немесе солардың уәкілдеріне, лауазымының жоғары-төмендігіне қарамастан сакциялар қолданады. 4) ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлықпен айналысқан немесе пара алған шенеуліктерге, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен айналысуына көмектесіп, оларға жағдай жасаған; заңсыз табыс табуына техникалық қолдау көрсеткен адамдарға.

ЗАҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАР ж/е ОРЫНДАЛУ МЕХАНИЗМІ
Санкцияларды енгізу туралы шешімді негізінен Мемлекеттік кеңес пен Қаржы министрлігі бірігіп жасауы мүмкін. Санкция салуды нақтылы жүзеге асыратын органдар мен орындалу механизмі: (1) Мемлекеттік кеңеске қарасты (жанындағы) демократиялық адам құқықтары және еңбек бюросы. Демократияға, адам құқығының сақталуы мен еңбекке жауапты мемлекеттік хатшының көмекшісі мемлекеттік кеңестегі қатысты лауазымды тұлғалардың пікірін ескере отырып, мемлекеттік хатшыға санкция салуға тиісті адамдар туралы ұсыныс жасайды. (2) Сонымен қатар, заң жобасында президенттің ешқандай әрекет жасамауына жол бермеу үшін конгресс арқылы әрекет етуіне жол ашылған. Конгресс те (Оларға сенаттың банк пен тұрғын үй және қала істері жөніндегі комиссиясы, Сыртқы істер жөніндегі комиссиясы, Қаржы жөніндегі комиссиясы кіреді) президенке санкцияға ілігуге тиісті тұлғалар мен ұйымдардың тізімдігін бере алады. АҚШ президенті санкциялар туралы шешім қабылдаған кезде, басқа елдер мен мемлекеттік емес ұйымдардың сенімді ақпараттарын пайдалана алады.

Заңға сәйкес Президент жыл сайын Конгреске санкция қолданған шетелдік азаматтардың атын, қолданған санкциялардың түрі мен себептерін хабарлауы тиіс. Президент ерекше бір жағдайларда санкцияларды тоқтата алады.

АҚШ президенті Трамп 2017 жылдың 20 сәуірінде конгреске осы заңның орындалуы туралы хат жолдады. Хатта Трамп әкімшілігі «бұл маңызды заңнаманы қолдайды» және «құқық қорғау органдарының табанды, қатаң және мұқият болуын талап етеді»-деп мәлімделген. АҚШ Үкіметі санкция салуға тиісті жеке тұлғаларды, ұйымдар мен органдарды іздестіреді. Әр федералды органдар адам құқықтарының бұзылмауын қамтамасыз ету үшін кешенді ведомство аралық тексеру жүргізіп, құқық бұзушылар мен жемқорларға «Магнитский заңын қолдану үшін қажетті дәлелдемелерді жинауды» қамтамасыз етеді.

Кенжебек Құдыс ұлы
2019-02-14

Пайдаланған материял: http://www.wikiwand.com/zh-cn/%E5%85%A8%E7%90%83%E9%A6%AC%E6%A0%BC%E5%B0%BC%E8%8C%A8%E5%9F%BA%E4%BA%BA%E6%AC%8A%E5%95%8F%E8%B2%AC%E6%B3%95

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары