Санатталмаған

Мұрат Әуезовтің Серікжан Біләшұлы туралы сұхбатынан түйген ой немесе тұлғалар сабақтастығы

Мұрат Мұқтарұлы Әуезовтың сұхбатынан көңілге түйген 5 тақырып:

1.Қазақстанның құзырлы орган өкілдерінің Серікжан Біләшұлын әділетсіз ұстауы – оған жасаған үлкен қиянат және үлкен қателік.

2.Қылышынан қан тамып тұрған Кеңес өкіметі кезінде шекарадан асып келген ержүрек әрі Қытайдағы мәдениет төңікерісінде ұлт үшін үлкен жұмыс жасаған, қазақ пен ұйғыр арасында үлкен беделге ие болған Айтан Нүсіпхан мен Серікжан Біләш арасындағы өзара типологиялық ұқсастықтар бар деп ерекше тоқталып өтті. Сұқбаттың маңыздылығы осы тақырыпта өрбіді.

3.Мұрат Әуезов ағаны таң қалдырған тағы бір нәрсе , қасиетті жердің киесі. Бұраталада дүниеге келген қазақтың қахарман ұлдарының ерліктері.
Бұратала – үлкен құрметке лайықты қасиетті мекен деп баға берді.

4.Мұрат Мұқтарұлы Әуезов “жихад” сөзіне түсіндірме берді. Серікжанға осы сөз үшін жабылған жаланы сынады.

5.Мұрат ағамыздың арманы, ойы, алдағы мақсаты – Серікжанмен кездесіп , жақынырақ танысып, дидарласу

Айтпақшы, атақты сұхбатты “Атажұрт Еріктілерінің” арнайы каналынан көре аласыз. Сілтемесі мінеки:
https://youtu.be/pl8jCxf95nA
Сқхбатты жасаған азаматқа айтар алғысымыз қисапсыз. Бір өтініш:
Осы азаматымыз алдағы күндерде осындай сүбелі сұхбаттарын тез әрі молынан жария етсе екен.

Құрметпен:
Айнел Мұқанова

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары