Санатталмаған

Серікжан Біләшұлының тұтқындалуы-Қазаққа пайдалы болды

Бұл күндері Серікжан Біләшұлының атағы аспандап, дүмпуі жер жарып тұр. Пендеміз ғой, қызығып та, қызғанып та қалатынымыз ешкімге жасырын емес. “Бақаның бағынан сұңқардың соры артық” деген мақал бар ғой, тура сол еске келеді. Айға шапқан арыстаным қапыда орға түсті деп күңіреніп жүрсек,
Үй қамаққа түскенінің өзі Әлем жұртшылығын дүрліктірген батырымызға еріксіз мойындадық. Батырымыздың артында әділетшіл адамзат қауымы тұр екен! Шүкір! Құдай өзі бақ берген пендесінің атақ-даңқын осылай аспандатса керек. мейлі қызған,мейлі жек көр, мейліқарала, Серікжан Біләшұлы Алты Алаштың атағын айдай әлемге танытты. Тіпті, оның істі болып тұтқындалуының өзі оның көтерген тақырыбын өзге бір қырынан Адамзат Қауымдастығына жеткізді.

Google деп жаз да Секеңнің атын ағылшынша, немісше, қытайша, корейше жазып іздеп көрші. Шыққан ақпаратта қисап жоқ. Тек, Секеңнің тұтқындалғанының өзі шетелдік ең ірі, ең танымал 200 ден аса басылымда жарияланып үлгіріпті. Оның барлығы Әлемдегі алпауыт ақпарат құралдары.
“Нақақ тұтқындау болды ” деп дабыл қаққан халықаралық ұйымдар қанша ма?! Аптасына 4-5 мәрте конференция өткізіп, алыстан, батыстан ат арытып тілші шақыртып қан-жілік болып еңбек еткен Батыр оғланды енді күллі адамзат баласы іздеп отыр, араша түсіп, артынан жоқшы болып отыр. Қай қазақтың Аты мен Атағы осылай болып еді, түге?!
Жесірдің көз жасын сүртіп, жетімнің басынан сипаған құдайшыл құлын Құдайдың өзі сүйіп тұр ғой! Әйтпесе, атым шықсын деп ақын болып, әнші болып, кітап жазып, білгіш, әулие, ғұлама көрінгісі келетін атақшыл пенде бұ қазақта аз ғой дейсің бе?! Секеңше айтқанда ел аман жұрт тынышта “ұлтшыл, отаншыл” болып, қаңылтыр кеуделерін қаңғырлататындардан мезі болғанымыз өтірік емес қой. Ұлт басына күн туғанда солардың дені, басым көпшілігі бұғып қалды. Әліптің артын бақты. Ақылдымсыды. Оны да Құдай көріп тұр. Бүл күндері олардың бет-перделері жыртылып, жұрт алдында масқара болды.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов, Темірхан Медетбек, Ғаббас Қабыш, Мекемтас Мырзахмет, Қазыбек Иса, Ермұрат Бапи, Қуандық Шамахай, Тұрсынхан Зәкен, Әзімбай Ғали, Құл-Керім Елемес, Айман Омарова, Германия қазағы Өмірхан Алтын, Түркия қазағы Бәбісәлем Өкітан, Шынқуат Байжанов бастаған қазақтың маңдайына біткен марқасқалары Серікжан Біләшұлын ақтап, қуаттап, қолдап шықты! Бұл тізімдікті созсақ сала-құлаш болары сөзсіз. Мыңдаған адамдардың қолы қойылған ашық хаттар қанша ма?!
Видео-үндеулер ол өз алдына. Секеңе арнап толғаулар, жырлар шығуда. Ақсамайлы әжелер, аталар, бүлдіршін сәбилер араша сұрап, аққа жақ болып отыр.
Міне, нағыз азаматтық! Міне, нағыз Қазақылық!
Ал, Әлем жұртшылығы өз алдына!
Секеңнің тұтқындалуы- өзі көтерген Қытай қазақтары мәселесін тағы бір мәрте Әлемдік Ірі Мәселе деңгейіне жеткізді. Қытай мен олардың итаршылары, Қытайшылдар өздері жаққан отты өздері жасырамыз, жабамыз деп отырып, өздерінің Адамзатқа қарсы жасаған қылмысын жасырамыз деп отырып керісінше оны өз қолдарымен ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ әшкере етіп алды. Қысқасы, Секеңнің үнін өшірсек болғаны барлығы тамам болады деген жоспарларының тас-талқаны шықты.
Серікжан Біләшұлының тұтқындалуы- Қазаққа пайдалы болды.

Авторы: Шәріпхан Қайса

6 комментариев

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары