Санатталмаған

Серікжан – «Прометей» қазақ!

Серікжан бірінші рет Қытай билігінің қазақ диаспорасына жасап отырған әділетсіз қысымы мен адам құқын аяққа басатын қуғын-сүргінін Қазақстан халқына өте сауатты түрде, бұлтартпас айғақ-деректерге сүйеніп түсіндіріп берді.
Қазіргі таңдағы қазақ билігі өз халқының қарсылығына қарамастан Қытай мемлекетінен жүздеген миллиард доллар қарыз алып, аса ауқымды жобаларға инвестиция кіргізіп отырғаны көпшілікке мәлім. Сол себепті де Қазақстан үкіметі адам құқы аяққа тапталып жатқан қандастарына араша түсудің орнына, Қытай үкіметінің заңсыз әрекеттеріне көз жұмып қарап, тіпті азаматтық алу немесе шекара визасы мәселелерінде де сыбайлас әрекеттерге барудан тайынбайды. 30 жыл билікке жабысып отырған, сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтан көз ашпаған қазіргі қазақ басшыларына адам қымбат па, әлде Қытайдың ақшасы қымбат па?
Серікжан Біләш сияқты «Прометей» қазақ белсендісін үйқамаққа тығып, әділетсіз қысымға алуына қарағанда Серікжанның артында тұрған екі миллионға жуық қандастарымыздың тағдырына түкіріп қойып, Қытай ақшасын артық көріп отырғанын байқау қиын емес. Серікжанға бостандық берілсін, оның қоғамдық қызметіне ешқандай кедергі жасалмасын!

Мақала Жарылқап Қалыбайдың Facebook парақшасынан алынды

Келіу қайнары

https://web.facebook.com/story.php?story_fbid=1658103807666799&id=100004015882024&_rdc=1&_rdr
164 комментария

164 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары