Санатталмаған

Екіге бөлінген отбасы қайта қауышқан сәтінде балаша қуанған Серікжан ағамыз!

Біз, басқаны жоққа шығарсақта қытайдың қазақтарға және азұлттарға қаратқан қудалау, қырғындау, геноциттік саясатын жоққа шығара алмаймыз! Ол қытайдың табан астында ойлап тапқан құйтырқылығы емес, тарихи жоспары азұттарды тізгіндеп тілімен дінін жойып салт-санасын бұғаулап еркіндігін шектеу, тарихтан бері соғыссыз жаулап келе жатқан өзін <аспан асты еліміз>, – деп атайтын територясының қожасы екендігін көрсету.
Сабан астынан су жүгіртетін қытай үкіметі, бүгінгі күні ашықтан ашық қол астындағы азұлттарды жаппай қысымға ала бастауы қай сасқаны? Ел аман жүрттың тыныш кезінде көше -көшеге қарауыл қойып қолдан қылмыскер жасап құрықтап жатқаны, қаймағы бұзылмаған қазағымының айрандай ұйған берекесін кетіріп бір-біріне айдап салуы қарнымызды қатты ашытты.
қыс қыстау жаз жайлау көшіп қонған өзін даланың еркесі сезінген қайран қазағым, бүгінгі күні екі шоқып бір қарайтын , ұрланған тышқақ лағың түгілі, туған ұлыңды қузамайтын күйде қалдың -ау! 
Ал, осындай тарпаң тағыдырдың талқысына түскен қазаққа жоқтаушы сұраушы болып араша түскен батырымызды бағалай алмау қазаққа сын! Құлан құдыққа құласа құлағына құрбақаны ойнатқан қу тірліктің құрығынан қашан шығамыз. 
Басы бақырдай ұл туылса елін жерін қорғайтын азамат болсын деп бата берген қазақ едік, сол бабалардың батасын басымызға батпандай бақ санамау кімге керек! ? 
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырмызда ұлтының ұлы мүддесі жолында күрескен әрбір азамат біз үшін батыр! Біз сол батырларымызды сатқындардың қолымен емес, бабалардың жолымен ардақтап алайық ағайын! 
Серікжан Біләшұлы ағамызға араша бол қазағым!!!

Авторы: Ошыман Қонан

5 комментариев

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары