Ел жаңалықтары

Қытайдың қамшысы-“qamshy.kz”

At vero eos et accusamus et iusto odio dignissimos ducimus qui blanditiis praesentium voluptatum deleniti.

Алмас Карасартовтың facebook парақшасынан алынды.

Елімізге «Нұр.кз» секілді өсек-аяңмен едәуір танымал қазақтілді «Қамшы» деген сайт бар. Одан жібі түзу сараптама, талдау көрмейсіз. Тек өрден-қырдан жинаған ақпараттар. Оның өзінде сарыжағал. Әу баста оралмандардың мұң-мұқтажын жырлайды деп жар салған сол сайт қазір мүлдем басқа «деңгейге» көтерілді. Оралмандар туралы, әсіресе, Қытайдағы қазақтардың ауыр жағадайын сөз етуді қойды. Анда-санда бірер ақпар бергені болмаса, тіс жармайды.

«Қамшы» қалай өмірге келді?

Сайттың негізін қалаушы – Біләл Қуаныш деген жігіт. Алғаш ашылғанда оралмандардың мұң-зарын жырлаймын деп, күллі қытайдан келген байларды шақырып, тұсаукесерін өткізген. Содан бері Қытайдан келгендерді шыр айналдырып еміп шықты. Бұл сайтқа демеуші болмаған адам жоқ. Сайтты жүргізу үшін қыруар қаржы керк дегенді желеу етіп, байлардың бәріне алақан жайып жүргенін талай көрдік. Ақыры арманына жетті. Қазір мемлекеттен қыруар қаржы алады. Спонсрлары да мол-ақ. Бас-аяғы 5 жылдың ішінде елге танылып үлгерді. Бірақ әу бастағы мақсатынан айнып кетті. Оған бұгіндері қытайлық байлар ақша бермейтін болды. Қуаяқ, жылпос, бірді бірге соғып, шағыстырып, бірінің өсегін екіншісіне таситын зәндем екенін бәрі тұсінді. Сол үшін де бұл тақырып қызық болмай қалды, білем. Екіншіден, оған Қытай тарапы да белгілі бір шектеу қойып, өзінде болған жағдай туралы жазғызбауға уәде алған секілді. Оны сәл кейінірек баяндаймыз.

Өзінен басқа ешкім жоқ

Біләл Қуанышұлы руларды бір-бірін шағыстырудың майталманы. Шыны керек, қытайдан келгендер ру туралы дау-дамайға өте берілгіш келеді. Соны жақсы білетін ол, бір руды екінші руға жамандап, «олар маған көмектеспей жатыр, сендер мықтысыңдар» деп, екіншісіне барып: «Олардан қайыр жоқ, өз ұлдарыңмын ғой, өзіміз үшін қызмет етелік» деп, ақшаны қидай сыпырды. Қасында жүргендер мұны жақсы біледі. Бұл басы ғана екен, қазір тіпті жетіліп алды. Байлардың психологиясын меңгеріп, біріне екіншісін қарсы қою арқылы ақша тауып жүр.

Дәлел керек пе? Жеңіс Түркия деген Қытайлықтарға жақсы таныс бай кісі бар. Кезінде «Қамшыға» бір кісідей көмектесті. Қазір Біләл үнемі отырған жерінде: «Рушыл біреу ғой. Ұлт үшін емес, ру үшін ғана ақша бөледі» деп өсектейді. Омарәлі Әділбекұлы бастаған бір топ өз ағалары көмегін аяған жоқ. Олар да қолынан келгенше осы сайтқа бар күшін салып жәрдем қылды. Бікең оны да мұқатып: «Рушыл, шығай, білімсіздігі сонша, сүрінбейтін жерде сүрінеді» деп отырады. Ал олармен кезіксе, арттарына кіріп кете жаздап жағатсиды.

Сол секілді, оның жамандамайтын адамы жоқ. «Қамшыға» ақша бергендер жақсы, оған көмектеспегендер жаман.

Кезінде көп көмегін берген, тіпті біраз жігіттердің сайтқа ақша құюына ықпал еткен Әлхан Сатыбалды деген азамат бар. Оны бір кездері хандай сыйлап, көпірте мақтап жүретін Біләл қазір тіс-тырнағымен қарсы. Бөлек қалған жерде: «Қамшы» арқылы танылды. Әйтпесе, оны кім таныр еді. Мақтанудан өзгені білмейді» деп жер-жебіріне жетіп отырады. Бір кездері қасында жүргендерді осы Әлханды айтып ықтыратын. «Әлхан братан аямайды, ол батыр ғой» деп жүретін. Одан қалса Қанат Ислам өзінің досы екенін айтып, кез келген шақта сен үшін тұрам деді деп шіренетін. Маңында жүрген талай жастың ақшасын сыпырып, оларға көк тиын бермей қуып жібергенін білетіндер айтып жүр. Олар Біләлдің таныс-тамыры көп екен деп қорқатын көрінеді. Әлхан мен Қанаттың атағын пайдаланғаны бір басқа, қазір министрлерді айтып елді ықтырғысы келеді. Өзінің бұрынғы әйелін екі ұл, бір қызымен қуып жіберіпті деген сөз бар. Оған да көрсетпегені жоқ екен. Қақаған қыста түн жарымында үйден қуып шығып: «Сені өлтірем, өлігіңді таппайсың» деп бопсалаған талай рет. Бірнеше мәрте пышақтай жаздаған. Осы әйелінің шешесі Назарбаевтың туған күніне арнап 72 метрлік сырмақ тіккенін біраз жұрт білмейтін болса керк. Идея авторы – Біләл. Оны ақпаратты шулатып жүріп, қымбат бағаға сатқан. Сол ақшаға джип мініп, алшаң басқаны қазір есінде жоқ. Бұрынғы әйелін танитындар небір адам айтса нанғысыз қылықтарын естіп, жағаларын ұстапты. Ұрған , соққан, доқ көрсткен. Өз ұйыне қонуға келген тусықан қыздарды да бопсалаған… Аузың бармайды айтуға. Керек болса, оны да ақтаруға болады.

Көші-қон үшін аянбай тер төккен белсенді Ауыт Мұқибекті сырттай келеке етіп, «Ауыт құсамашы, Ауыт секілді болмаңдар» деп көемсітіп жүреді. Ол үшін шетелден келген ілікке аларлық ешкім жоқ өзінен басқа. Жазушы-журналист Қойшыбекті, Ырысбекті, Тоқтарәліні, Ұларбекті, Жарас, Мұратты кекету, сырттай өсектеу дағдылы ісіне айналған. Бұрындары Жасан Зекейді мақтап, соның шекпенін қанағат тұтатын, қазіргі ұстазы ақын Алмасбек

Ахметбекұлы. Алмас та ылпың-жылпың пәле ғой, бір-біріне бап үйлескен. Қазірше Біләлдің сынына ілікпеген жалғыз адам осы.

Ол түгіл, бір кездері «Қамшының» отымен кіріп, күлімен шыққан Айнұр Төлеу, Нұргелді Әбдіғани, Тұрдыбек Құрметхандарды «біздің сайт арқылы адам болғандар» деп мұрын шүйіретінін қайтерсің.

Оларды қойшы, Біләлдің Біләд болуына айрықша ықпал еткен, қолынан келгенше көмегін аямаған, «Абай» сайтына шақырып жұмыс істеуіне мұрындық болған жазушы-журналист Дәурен Қуатты сырттай ызғытып, жерден алып, жерге салып отырады. «Ақшадан басқа білері жоқ, қазақ үшін емес, ақша үшін жанын салатын аяр» деуден арланбайды. Өзі екі күннің бірінде кафе жағалап, қымбат ресторандарда калян шегіп жүретіні есте жоқ, өзгелерді «алқаш, сандалбай» деу дағдылы әдеті. Оны жоғарыдағы журналистердің бәріне қарата айтады.

Қазір ол ортасын ауыстырып, Астана жағалап, Ерлан Қарин, Дархан Қыдыралы секілді кісілерді жағалап жүр. Оларды отырған жерінде мақтап, өзімен ақылдасатындарын, қонаққа шақырғанын айтып мақтанады. Тіпті бүкіл министр Біләддің досы көрінеді.

«Абаевтың адамымын»

Сол Біләл қазір өзін өте парасатты адам сезінеді. Екі сөзінің бірі қазақ үшін істеймін деген ұран. «Қазақ үшін» деген ұран арқылы біраз жылдан бері қыруар ақша тапты. Қарны қампиды. «Қамшыны» қазақтілді №1сайт деп таныстырады.

Біләлдің иненің көзінен өтер іскерлігіне, шындығында су жұқпас жылпостығына тәнті болмай тұра алмайсыз. «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Қазақ дауысы», «Қазақ көш-қоны», «Алашорданың 100 жылдығы» секілді бірнше ірі шаралар өткізді. Ол үшін қытайлық байлар алды миллиондап қаржы құйды. Соның бірде бірінің есебін берген жоқ.

Осы шаралар кезінде ол елге, әсіресе биліктегілерге танылды. Оның министрлерді айтып, жұртты қорқытып-ұркітіп жұргені тегін емес.

Бір кездері Назарбаевтың ресми сапары аясында осы Біләл Англия мен Францияға барды. Сол сапар алдында сол кездегі Ақорданың баспасөз хатшысы, қазіргі Ақпарат министрі Дәурен Абаевтан сұхбат алған. Содан бастап мұның жұлдызды шағы туды. «Францияға бару үшін ақша керек» деп ел-елден ақша жинаған. Осы жақтағы, тіпті Қытайдағы қазақтарда бұл науқаннан шет қалмаған. Сол сапар үшін 10 мың доллардан ақша жинап үлгеріпті. Ал бұл мемлкеттік сапарға қандай ақша керек еді. Бәрін мемлекет көтеретін еді ғой. Жоқ, Бікең орайы келіп тұрғанда аңқау оралмандарды алдап, өзінің қалтасын қалыңдатты.

Сол кезде қасында жүргендер: «Назарбаевтың өзі мені тізімге қосыпты. Президент менімен амандасып, қолымды қысты» дегндей жойдасыз ойды екі беті бүлк етпей айтып отырады деп таңданады.

Бұл күні Біләлдің екі сөзінің бірі – Абаев. «Абаев шақырып жатыр, Абаев звондады, Абаев жеке қабылдады. Абаев кеңесшілікке шақырды. Абаев Алматыға келем деді». Айтса айтқандай, осыдан үш жыл бұрын 5-6 миллион тендер алып жүрген «Қамшы» Абаев келген соң ірі сөйлей бастады. 2016 жылы 15 миллион алса, 2017 жылы екі секіріп 40 миллион алыпты. Ал биыл 80 миллион алады дейді. Ала берсін-ақ. Бірақ «Қамшының» деңгейі соған шақ па? Білетіндер, «Қамшыда» Абаевтың үлесі бар дейді. Әрине, олай болса, 80 емес, 800 миллион алса да қолында тұр ғой. «Абаевтың адамымын» деп тектен тек айтпаса керек.

Абаевтан да асып кетеді кейде. «Сағынтаевтың көмекшісі звондады. Мені қабылдамақшы екен», «АП-дан Талғат Ешен хабарласты, Президент рахмет айтыпты» секілді әңгімелерді ыздитып, кілең марғасқалармен бірге жүріп, кешкі қонақасыда шалқақ басады.

Звондаса звондаған шығар. Қытайдың қолы ұзын. Біздің билікте олардың небір «ақылмандары» отыр деседі. Солар арқылы байланысын қоюлата түссе, таңғалудың реті жоқ. Күні ертең осы Қуанышымыз Парламентте отырса, таңғалмаймыз.

Оның бар ойы елге сыйлы адамдарды паралап болса да өзіне қарату. «Алаш қайраткерлерінің 100 ізбасары» деген медалды оңды-солды бәріне таратты. Кімнің қоғамда ықпалы бар, соның бәрін алдына әкеліп, сөлкебай үлестірді. Бар ойы өзінің орнын нығайту. Айла ғой. Қытайлық мезірет. Ақылшылары ұлтшыл болып көрініп, өзіңе жақындарды молайт десе керек. Онсызда жылпос Біләл ұлтшылдықты ұран етіп, пайдасын еселей түсуде. 100 есіміне қарасаңыз, оппозициядан тартып, билік өкілдері, загер, әлеуметтік сала белсенділеріне дейін жіті бақылаған.

Қуаныштың «Қытайға сапары»

«Қамшы» әу баста Қытайдағы қазақтардың жағдайын біршама тәуір жазды. Оралмандар да өз сайтымыз ғой деп, титтей жаңалық болса, осы сайтқа жүгіретін. Қытайдың қитұрқы саясаты туралы да аннан-мұннан келген мақалаларды беріп тұратын. Кейін кілт өзгерді. Өзінің журналистеріне: «Қытайда нелерің бар? Қытайды жамандама, Қазақстанды жаманда» деп тапсырма береді екен. Бұл екі елге де таныла бастаған кезі болса керек. Байқап отырсаңыз, Біләл сайты арқылы Қытай туралы тек беймарал ақпараттар береді. «Бейжіңді қою тұман басып тұр», «Қытай киносының апталығы өтті», «Қытайда пәлен мың жылдық мола табылды», «Қытай

полициясы қалай дамып келеді?», «БҰҰ басшысы Қытайға барды» деген сыңайдағы дүниелерді беріп отырады. Ал ондағы қандастардың ауыр халін анда-санда бипаздап беруге амырақ. Ондағысы өзінің кім екенін білмесе деген сақтық болса керек.

Біләлмен жақын араласатындар оның осы күнге дейін Қытайға жиі барып тұратынын айтады. Оның бір бүйрегі Қытай деп соғады деседі. Оған шешесінің әлі күнге дейін Қытайда тұратыны себеп деседі. Білуімізше, шешесі ол жақта 2016 жылы Біләл салып берген үйде жалғыз тұрады екен. Өзі отаншыл, патрот болса, елге неге әкелмейді? Шешесін Қытайға неге жалғыз тастады? Бұл күмән ұялатады.

Шешесіне қалай үй салып берді дерсіз. Өз ақшасына ма? Жоқ. Қуанышұлының шешесіне үйді 100 пайыз қытай үкіметі тегін салып берген. Тіпті жеріне дейін Үкімет берген дейді қала орталығынан. Бұл недеген батпанқұйрық? Өзгелер қамалып, ұсталып жатқанда «Қытайды сынаумен» аты шыққан Біләлдің шешесі екі ортада аман-есен жүр. Жүре берсін.

Оны айтасыз, сол 2016 жылы жазда «Қазақ үшін қызмет етем» деген ұранмен өмір сүретін Біләл Қуаныш ұлына сүндет тойды Қытайда, туған жерінде жасапты. Барғандар Қытайда ондай той болмапты деп жүр. 400-дей қонақ келген. Ауданнан, аймақтан сыйлы меймандар қатысыпты. Тіпті, Үрімжіден де келіпті арнайы. Жай келмеген, тойға аямай көмектескен. Сол жолы Біләл Қуанышұлының қалтасы 20 мың доллармен толығыпты. Оны ең жақын деген адамдарына ішіп отырып айтқан. Онда да «Қытайлар маған келіп, дос болайық деп кетті» деген. Сол жолы аудан және аймақ орталығында үш-төрт күн шалқыпты. Біләлді күтуге қытайдың ресми және бейресми басшылары кезекке тұрыпты. Бұл бұрыннан, содан бірер жыл бұрын басталған «ішкі сыйластық» екен. Біләл десе ішкен асын жерге қоятындар оның аяғын жерге тигізбейді деседі. Кез келген уақытта Біләл яки оның мейманы барса күтіп алу солардың міндеті. Бұл кісіміз осы жақта жатып қоңыраулатады. Қаласа шауып барады.

Жоғарыда Францияға барғанда да сол жақтағы «қазақшыл» топ алыста жатып «жылу» атапты дедік қой. Одан өзге де Қуаныш ұйымдастырған шаралардан тыс қалып көрмеген. Осы жақтағы оралман байларын түсінуге болар, ал Қытайда жатып көмектесу тектен тек емес. Бәрі ұйымдастырылған. Осы жақтағы Қытай кампаниялары яки қытайдың үлесі бар, бір аяғы анда, бір аяғы мұнда жүрген кампаниялар да бұл «тойлардан» шет қалмаған. Гәп қайда жатыр?! Олардың адамдары, «елшілері» осы күнге дейін «арнайы жолығу» үшін келіп-кетеді екен. Алматының ең қымбат ресторандары мен сауналарында оңаша жолығып, сырласып тұрады дейді.

«Үш арысты» жоқтау

2016 жылы күзде Үрімжіден Біләлдің ай дидарын көру үшін бір қазақ бизнесмен арнайы келген. «Алматы» қонақүйінде жолыққан ол «ұлт үшін» қызмет еткені үшін 3 миллион теңге ұстатыпты. Мұны да ішіп отырып, өзі ақтарған. Мұндай ақшаны тектен тек кім береді? Аты ұлт үшін, заты – «өзіміз үшін».

Дәл осы шақта Ұзынағаш базарында мал саудасын жасаған Қытайдан келіп, осы жақтың азаматтығын алған үш ағайынды жігіт кісі қолынан қаза тапты. «Қамшының» көктен тілегенін жерден берді. Күнде шу, күнде айқай. «Үшағайындыны» «үш арыс» деп соқты. Мұны әлуметтік емес, саяси қылмысқа теңеді. Кемі қырық-елу мақала жариялады. Аяусыз өлтірілгендерді аяған «Қамшы» емес, одан арман ушықтырды. Сөйтіп жергілікті және оралман қазақтарды екіге бөлуге күш салды. Өлгендердің баяғыда бір отырыста ән айтып отырған видеоларын салып, аһ ұрып, қазақстандықтарға қарғысын аспанға жаудырды. Оның астына жазылған пікірлерді оқу мүмкін емес. Былапыт, лас. Қытайдағы қазақтарда қарап қалсын ба? Қазақстанға барсақ бізді де өлтіре ме? Олар адамды аямайды екен ғой. Бармағанымыз қандай жақсы болған десіп жатты. Сол оқиғаның салдарынан қаншама қазақ көші кейінге шегерілді.

«Бұлай етуге болмайды. Кісі өлімі қайда болса да болады. Бұл әлуметтік мәселе» дегендерді ұлттың жауы ғып көрсетуге тырысты.Қасына ерге Ерлан Төлеубай деген «белгілі журналист», «Қамшының» бірінші жазарманы әр мақалаға «журналистік зерттеушілік» тұрғысынан келіп, соңына өзінің шелтиіп түскен суретін қоса қойып жүрді.

Жарайды, білместік болар, ағайындыларға жаны ашыған шығар, өздерінің деңгейі сол шығар дерсіз. Бірақ…

Бірақ сол мақалалардың бәрі күнбе күн «Вичат» желісіндегі мыңдаған топтар арқылы (пинтай) тарап, тіпті қытайша, ұйғырша аударылып, арғы жаққа «үлкен қозғау» салды. Білетіндер, қытайдың «үш әріптері» «Қамшыдағы» мақалаларды көшіріп басасыңдар» деп бұйрық беріпті дейді. Гәп қайда?..

Мұның өтеуі 3 миллион теңге ғана ма екен? Оны Біләлдің өзі біледі.

Мына бір жағдай күдігімізді одан арман қоюлата түседі. Қазір сол мақалаларды Біләл түгелдей сайтынан өшіріп тастаған. Тек «Алматы облысында айуандықпен өлтірілген үш ағайындының туыстары қоғамнан қайғылы жағдайды көп талқыламауды сұрады» (видео) деген бір ғана мақала тұр. Кезінде гуілдеткен мақалаларын неге алып тастады сайтынан? Түсінікті, әрине. Ол өтеуін өтеді, жемісін берді. Енді керек емес.

«Қытайды мақта, Қазақстанды жаманда»

Жоғарыда бір сөзімізде осылай демеп пе ек. Қуаныш бұл ұстанымынан таймай келеді. Қазақтілді тендер алатын сайттардың дені аса ушығып тұрған материалдарды дер уақытында биліктің тапсырмасымен өшіріп тастайды. Тек әдетте өшіріп тастағыш «Қамшы» жариялап, алаулатып отырады сондай сәтте. Байқасаңыздар, бұл сайт жоғары билікті де аямай сынап алады орайы келгенде. Назарбаевқа астарлап тисіп қояды. «Диктатор», «билікте ұзақ отырған ақсақалдар» деп мақала беріп, арасына біздің президентті де қосып қояды.

Қытайдағы қазақтардың мәселесі ушыққалы бері «Қамшының» кімнің қолынан жем жейтіні белгілі болды. Біләл бұрынғы әдеті бойынша Жарқын Жеті, Қыдырәлі Оразұлы секілді азаматтарды өз ортасына аямай сынаумен келеді. Бүгінгі жаулары ұлт үшін ұйықтамай еңбек етіп жүрген осы азаматтар. Оларға қарата айтпайтыны жоқ. Ерлан Төлеубай екеуі қосылып, «Жарқын Жеті» туралы сықпырта айтқанда, есің ауады.

«Бұлар – шпиондар», «Бұлар – оңбағандар», «Бұлар – пиаршылар». Құдай-ау, бұл жігіттер оған не жазды. Қытайдағы қазақ мәселесін аяусыз жариялағаны үшін жазықты ма? Осы Қытайдан келген қаламгерлер мен журналистер неге сақсына қалды? Бір Біләл емес.

Тоқтарәлі Таңжарық деген бар. Ол да былтырдан бері мандымды ештеңе жазған жоқ. Тиіп-қашып, бірдеңе дегенсиді. Сосын айлап-жылдап ештеңе жазбайды. Сұрасаң: «Сабырлылық керек. Нақты ақпарат керек. Әр тараптың көзқарасын беру керек» дейтін «сұрапыл керектері» бар. Журналистикалық қағидаға сай жазалық дейтінін қайтерсің. Оныңды күтіп отырған Қытай ма? 100 мыңдаған қазақ бауырың түрмеге түсіп, алды ажал құшып жатса, қайдағы журналистикалық қағида? Қытайға бармай-ақ қой, осында келіп, отбасы екіге бөлінген ағайындар туралы неге жазбайсың? Неге сұхбат алмайсың? Соның бәріне «Атажұрт» жауапты ма? Бұл сендердің міндеттерің емес пе еді?

Сол Тоқтарәлі Таңжарық бір жылдан бері жұмған аузын ашпай жүріп алып, күні кеше көсемсіген бір пост жазыпты. Сабырға шақырыпты. Бір-біріңді шпион демеңдер деп ақылмансыпты. Оттапсың! Айтсаң бұрыннан бері қайда қалдың?.. «Аспанға қарап, жұлдыз санап» жүрдің бе? Сабырға шақырудағы мақсатың не сенің? Қытайдың шпионы бар болса, сендерге әртүрлі жолмен ықпал етіп жаздырмаса, біз кінәліміз бе? Ана жақтағы қазақты өзің ойлайсың ба? Әлде сенің де кеңірдегіңді тығындап кетті ме?.. Оны да көрерміз алдағы уақытта. ..

Жарқын Жеті бір лексиясында «Қытайдың жұмсақ күші» туралы айтып еді. Сол «жұмсақ күш» негізінен ақпаратты сатып алуға, ақпаратқа иее болуға ұмтылады. Ойланарлық дүние.

Қытайдың IT мамандары не істеп жүр?

«Қамшы» сайтының әу бастан-ақ Қытайдағы қазақтардың интернет мамандарының қолынан шыққанын жұрт жақсы біледі. Ойлан деген жігіт жасаған. Өзі Қытайда тұрады. Бірақ осы бетке ай сайын келіп тұрады. Кейбір кісілер «Қамшының» рейтингісін көтеру үшін Қытайдағы белді сайттарға байлап қойған дейді. Былтыр Ішкі Қытайдан тағы бірнеше маман шақырыпты. Бұнда да тұрған ештеңе жоқ дерсіз. Әлемді қазір IT мамандар басқарып отыр. Олар кез келген қажетті ақпаратты суырып алады. Керек жеріне жеткізіп береді. Сондықтан «Қамшы» секілді жоғарғы билікпен етене байланысы бар, министрліктен миллиондап тендер алып отырған, мемлкеттік ақпаратқа қолы жетімді сайттар қытай үшін тиімді. Ол аз болғандай, «Қамшының» қасында жүргендер еліміздегі бірталай сайттың дизайнын жасап үлгерді. Тіпті, «Қазлатын» сайтын ашып, еліміздің латын әрпіне көшуін қолға алу үшін тағы неше жүз миллион тендер ұтып алыпты деседі. Бұл қолыңдағы ақпаратты қытайларға тегін ұстату деген сөз. Сақтанбаса болмайды. Жазда осы «Қамшы» бас болып, күллі түркінің жастарының, онда да интернет мамандарының басын қоспақ кқрінеді. Негізгі демеушілері – Абаев дейді. Ортақ талқысын, келісімдерін Қытай жағы өзі басқарып отырса таңғалмаймын. Тұтас түркі десее, жиырыла қалатын Қытай өз адамдары арқылы соны ұйымдастыруы да мүмкін. Интернет мамандары арқылы бәрін бақылауға ұстау үшін.

«Қазақшыл» Біләл енді «түркішіл» Біләлға айнала бастады. Көз алдынан ұзақты көрмейтін, адамгершіліктен жұрдай ол мұндай өре-сауияға қалай тез көтеріліп барады, ә…

Соңғы кезде оралмандар арасында троллдар көбейіп кетті. «Уатсапп», «фэйсбук» желілерінде өріп жүр. Соларды осы мамандар жасап отыр ма деген де қауіп бар. Бізідң билік абайлағандары жөн. Бар ақпаратты қиналмай-ақ Қытайдың қолына ұстатып отырмалық.

Қытайдың сайт жасау технологиясы бойынша жасалғандықтан, олардағы әрбір үтір-нүкте уақытында арғы бетке жетіп жатқан шығар-ау.

Иә, Қытайдың шпионы көп деседі. Олар ортамызда жүрген болса ше?

 

4 комментария

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары