Санатталмаған

Асқар таудың арғы жағында да, бергі бетінде де тағдырдың тепе­ріші мен тепкісін көрген тек қана – қазақ.

Соңғы жылдары қытайдағы қандастарымыздың ауыр ақуалы – жанымызға терең батып келеді. Қоңсылық құрмет пен жәй-жалтарма сөздің уақыты өтіп барады.

Асқар таудың арғы жағында да, бергі бетінде де тағдырдың тепе­ріші мен тепкісін көрген тек қана – қазақ.

Біздің билік мейрам мен мерейтойлар өткізумен әлек. Бірқатар құзыр­лы шенеуніктердің елдің маң­дай тері мен жердің қазына-бай­лы­ғын ұрлаудан қолдары тимей жатыр…

Меніңше, бұл мәселеге жаңа президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиялық көршілеріміз – тәжіктер мен өзбектердің, түркімендер мен қырғыздардың басшыларын араластырса, тіпті, тиімді болар еді. Өйткені, аусар айда­һар оңайлықпен тынши қой­майды…

Әрбір намысты қазақтың көзінде жас бар, қазір… 
Жер де, жігер де – қазақтікі…

Қазақ билігі жасанды сыпай­гершілікті сақтай отырып, Қытайдағы жапа шеккен қазаққа мейлінше белсенділікпен араша түсуі керек. Жер бетіндегі әрбір қазақтың тағдыры – қазіргі қазақ билігінің жіті бақылауында һәм жауапкершілігінде болуға тиіс. Ел боламыз десек, етегімізді де, есімізді де жинайық!

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары