Санатталмаған

СЕРІКЖАНДЫ ШВЕЦИЯҒА ЖІБЕРЕДІ ДЕЙДІ

Серікжанды Швецияға жібереді дейді. Желіде желдей ескен осы сөзді анау-мынау ауыл саясаткерлері емес, Астана жағалап жүрген “дуалы ауыздардың” өзі сыбырлап айта бастаған көрінеді. Қисыны келіп-ақ тұр. Ақорда Серікжан мәселесінде тығырыққа тірелген көрінеді. Әйтпесе, баяғыда-ақ бас салып соттап жіберер еді ғой. Бұған дейін атышулы 174-ші баптың 2-ші тармағы бойынша қылмыс артылған адамның Серіакжанша үйқамақта отырғаны жоқ. Тағылған айыбы ауыр болса да Үйқамаққа алынуының өзі сырлы. Бұл биліктің әу баста Қытай тапсырысы бойынша Серікжанды тұтқындауын тұтқындап алып, артынан шу ете қалған Халықаралық Ақпарат пен Халықаралық Саяси қысымнан қорқып шарасыздан тапқан шарасы болса керек. Әдетте, бұндай “ауыр баппен” ешкім де үйқамақта отырмайды, көбінде бас салып соттап жіберетін еді. 
Сайрагүл Сауытбай ісінің Швецияға жіберіу арқылы шешілгені билікке ұнап қалса керек. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Ашалап айтсақ, Қытай да тыныш, Батыс та тыныш, Қазақ қоғамы да тыныш. Енді осы әдісті Серікжанға қолданғысы келетін көрінеді. Ендігі гәп Серікжанның бұл ұсынысты қабылдау-қабылдамауында жатыр. Білетін жұрт Серікжанның “тістеген жерде тісі, ұстаған жерде қолы қалатын” қыңыр мінезі барын айтады. Қолға алған ісін аяғына жеткізбей тынбайтынын Серікжанның барлық фанаттары мен жақтастары айтып отыр. Қытайдағы қазақтарды Оңтүстік-Батыс ішкі Қытайға қойша шұбыртып, қайыршы қылып қаңғытып жіберген атышулы қаржы пирамидасы алаяқтығы кезінде Серікжан бастаған қазақты құтқару күресі осыған дәлел. Бұл туралы ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы, редактор, Қоғам Қайраткері Құл-Керім Елемес ағамыз айтып, ашық жариялаған болатын. Ақын, Нұр-Отан партиясының Астана қалалық кеңесшісі, қоғам қайраткері, қазақ көшінің қара нары Ауыт Мұқибек те Серікжанның бір емес бірнеше ерліктеріне куә екенін талай мәрте сүйіне айтып отырғанына куә болғанбыз.
Үрімшідегі Қазақстанның паспорттық-визалық қызметіндегі Қытай қазақтарының виза алу қыйындығынан туған “виза дауы” күресі туралы да көп қазақ Секеңе тек қана сүйінішін, ризашылығын айтады. Қазақстандағы оралмандарды сан соқтырған, қан қақсатқан пирамидалық алаяқтық үлгідегі Қытайдың өтірік дәрі-дәрмегі мен шөптеріне қарсы күрестерде де Серікжан Біләшұлы күресін жеңіспен аяқтап барып тоқтады. Жеңіске жеткенге дейін мың-сан кедергіге ұшырады. Қорқытты, үркітті, Секең быққан жоқ, қайтқан жоқ. Бұл шындықтың да көп куәгерімен кезіктік. Көзіміз жетті.
Ендеше, Секең Швецияны таңдап, Сайрагүлше кете қоймас. “Соттасаң соттап жібер”-деп қасқайып қарсы тұрып алуы бек мүмкін. 
Ендеше, Батыр ұлымыз шынымен сотталып кете бара ма? Ұлт мүддесінде ымыраны білмейтін Серікжанның алдағы тағдыры не болмақ?!
кеше, 1-ші шілде күні “Биліктің үрейі-Серікжан Біләшұлының Нобель сыйлығын алуы”- деген бір мақала жазып едім. Оны әлдебіреулер өзгертіп, басқаша тақырып қойып, “Назарбаевқа бұйырмаған Нобель сыйлығы Серікжанға бұйырғалы тұр”-деп жариялап жіберіпті. Бұл тақырыпты мен қоймағанымды арнайы ескертемін. Ұлт көшбасшысы-Елбасына ерекше ықыласпен берілген адам екенімді арнайы айтқым келеді. менің мақсатым-Қазақтың бүгінгі Қаракерей Қабанбай Батыры, Бүгінгі Оспан Батыры-Серікжан Біләшұлына араша түсу. 

Құрметпен: 
Шәріпxан Қайсар

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары