Санатталмаған

“Франция24” Телеканалында Серікжан ісі және Қытайдағы Қазақ Мәселесі Көтерілді

Қазақстандықтар Синьцзян түрмесіндегі туыстары туралы жаңалықтарды алғысы келеді: Бүкіл әлемге бұл туралы айту керекпіз !

Қытайдың Синьцзян түрмелеріндегі Қазақтардың фотосуреттерін «Талпын жастар» ұйымы беріп отыр, олар туыстары жоғалып кеткен қазақ отбасыларына көмектесіп келеді.

Қытай – қазақ-ұйғырлармен мен басқа да жергілікті халықтарды жаппай қамап, оларды Қытайдың батыс бөлігіндегі конц.лагерьлерге қамауды жалғастырғандықтан, Қазақстандағы еріктілер тобы кісілік құқықтардың өрескел бұзылуына байланысты отбасылардан мыңдаған-он мыңдаған шағымдарын жинады.

Алматылық “Талпын Жастар” ұйымының мүшелері Қазақ отбасыларына жоғалған туыстарына арыздануға және лагерлерге қамалған туыстар туралы ақпараты бар видеороликтер жасауға көмектеседі.

Мұнда қазақ тіліндегі видео бар, ұзақтығы 12:41 минут.

Бұрын қамалған 39-жастағы Гүлзира Әуелхан Синьцзяндағы концлагердегі кешірмесі туралы “Талпын Жастар” мүшесі Құрманалиева Гауһарға айтты. «Біз Қытай тілін (Мандарин), Қытай саяси тарихы мен Си Цзиньпиннің идеологиясын мәжбүрлі үйрендік», – деді Әуелхан видеода. Қамалғандарға уколдар салынды, ал қазір Әуелхан басым, бүйрегім ауырады, енді бала көтере алмаймын, деді ол. (“Талпын Жастар” ұсынған видео)

Бұл топ – отбасыларға Қазақстан билігіне хат жазып, оларды Қытайда жоғалып кеткендерді іздеуге шақырады. Еріктілер бұрын лагерден босатылғандарды медициналық тексеруден өтуге де көмектеседі.

«Талпын жастар» сәуір айынан бері 2000 жоғалған этникалық Қазақтар туралы мәлімдеме жинаған. Бұл құжаттар бұрынғы белгілі белсенді Серікжан Біләш бастаған осы ұйымға дейін жұмыс істеген «Атажұрт Еріктілері » ұйымы жинаған 10 000-ға жуық дәлелі мен видеосы бар деректердің жалғасы болатын.

Қамалғандар Қытай тілін (Мандарин) және Коммунистік партияның тарихын үйренуге мәжбүр болған лагерьлер – халықара тарабынан айыпталды. Қытай лагерьлерді қорғауға ұмтылды, олар бұларды өздерінің терроризмді жою мақсатында ашылған кәсіптік оқу орталықтары деп көрсетуге тырысуда.

Миллионнан астам қазақ- ұйғыр және басқа да жергілікті ұлттар концентрациялық лагерлерде қамалған. Этникалық Қазақтар екінші үлкен топ болып саналады. Синьцзян аймағында шамамен 1,5 миллион этникалық Қазақтар мен 12 миллион Ұйғырлар тұрады.

«Адамдар Қытайдағы оқиғалардың ықпалынан алаңдайды»

«Талпын жастар» мүшесі Гаухар Құрманәлиева, ол және басқа да еріктілер бүкіл отбасылардың өтініштерін жинау үшін Қазақстанды жиі аралайды.
«Біз Синьцзянда туыстары ұсталған адамдармен сөйлесеміз. Біз олардың дәлелдерін жариялаймыз, кейде олардың өтініштері мен видео түсіреміз. Біз қамалғандарды құжаттандыруға арналған бланкілерді толтырамыз.

Кейбір отбасылар – оларды Қазақстанда да қамап тастайды деп қорқады. Кейде Қытайдағы туыстары оларға ештеңе айтпауды өтінеді, өйткені олар болашақта болатын салдардан қатты алаңдайды. Біз бұл бланктердің оларға немесе олардың туыстарына зиян тигізбейтінін түсіндіреміз, керісінше бұл оларға көмектесіп, оларға құқық қорғау ұйымдарының көмектесуіне мүмкіндік береді деп түсіндіреміз.

Содан кейін, Қазақстанға денсаулық жағдайы өте нашар бұрынғы қамалғандар бар. Кейбіреулерін «Құлдық зауыттарға» жұмысқа жіберген, онда олар мәжбүрлі түрде өте ұзақ уақыт бойы киім-кешек жасайды және оларға өте төмен жалақы төленеді. Көптеген ер адамдар ұрпақсыз болып қалды, ал әйелдерде етеккір енді жоқ, себебі оларға лагерьде укол салынды. Олардың көпшілігі бүйрек ауруымен немесе артритпен ауырады. Біз оларға медициналық тексеруден өтуге және ауруханаға баруға көмектесеміз. Қытайда ата-аналары қамауға алынған балалар да бар, біз оларға тұрғын үй және киім тауып беруге көмектесеміз».

«Мен басқа адамдар осыны қайтадан бастан өткізбесе екен деймін».

20 жастағы Еркін Ержан тоқыма фабрикасында жұмыс істеген, 2017 жылы Қазақстанға көшуден бұрын Синьцзянда туылған ерікті – осы жылы Талпын Жастарға қосылды, ол өзі сияқты құқықтары бұзылған адамдарға көмектесу үшін.
“Мен Қазақстанға келгенде шетелдік жаңалықтарға қол жеткіздім, мен бұрын ұсталғандардың мәлімдемелеріне негізделген лагерьлер мен тұтқындар туралы баяндамаларды көрдім. Мен бірт

е-бірте концлагерлердің шын екендігін түсіндім. Қытайдағы адамның еркіндігі, құқығы бұзылып тапталып жатыр”.

Маған құлдық киім фабрикасында жұмыс істеуге тура келді. Қызметкерлері негізінен Қазақтар болды, біз күнделікті 14 сағат жұмыс істедік, тұрақты жалақысыз, өте лас жағдайда жұмыс істедік. Бұл менің бүйрегімнің ауыруына әкелді, мен 30 минуттан артық тұра алмаймын. Бірақ осы лагерьлердегі адамдардың не көріп жатқанын, не бастан кешіріп жатқандығын елестете алмаймын. Сондықтан басқа адамдар осыны қайтадан бастан кешірмеуі, өткізбеуі үшін мен адам құқығы үшін күресуді тоқтатпаймын, .

«Дәлелдерді жинауға бара жатқанда билік бізді аңдып қудалады»

«Талпын Жастар» тобы, билікпен қайшылықтан аулақ болу үшін, сәуір айында Алматыда ресми түрде тіркелген. Атажұрт пен оның бұрынғы басшысы Билаштың жұмысын жалғастыруға үміттенеді.

Билаш наурыз айынан бастап үй қамақта. Қазақстандық шенеуніктер оның Қытайлықтарға қарсы «джихад» деп жариялаған сияқты видеоға сілтеме жасап оны нәсілдік жеккөрушілікке түрткі болды деп айыптауда, Құрманалиеваның айтуынша, Билаш қарулы күреске емес, ақпараттық күреске шақырды және бүкіл видео билік тарапынан толығымен өзгертіліп өңделген деді ол.

«Талпын жастар» – еріктілер дәлелдерді жинаған кезде жиі қудаланады деп айтуда. «Біз әртүрлі қалаларға барған кезде бізді қудалап, жұмысымыз заңсыз деп айтты», – деді Құрманалиева. «Біздің топтың қызметі заңды екендігін дәлелдеу үшін әр жолы оларға тіркеумізді көрсетуіміз керек болды».

Мұнда фотосурет көрсетілген.
Синьцзянда туысқаны жоғалған Шығыс Қазақстандағы отбасы. «The France 24 Observers» тобы олардың жеке өмірін қорғау үшін отбасының бет-жүздерін анық емес көрсетті. (“Талпын Жастар” ұсынған фотосурет)

Әкесі 1950-ші жылдары Синьцзяннан Қазақстанға қоныс аударған Құрманалиева, туысы туралы жаңалық алуға үміттенеді. Кейінірек Қазақстан азаматы болған Синьцзянда туған інісі Асқар Азатбек 2017 жылы желтоқсан айында Қорғас еркін сауда аймағында тұтқындалды. Құрманалиеваның айтуынша, Қытайлық шенеуніктер Азатбекке қос азаматтық алдың деп айып тағып, содан бері ол інісімен сөйлесе алмады. Оның айтуынша, ол Адам құқықтары үшін күресте, бұрын «Атажұртта» , қазір «Талпын жастарда» зор белсенділік танытуда.

«Біздің мақсатымыз – халықаралық құқық қорғау ұйымдарына туыстарының және жәбірленушілерінің дәлелдерін беру, яғни олар Қытайға қысым жасап, конц.лагерьлерді толық жабуға ықпал ету, Синьцзяндағы адамдар қорқынышпен өмір сүреді, олар ертең тұтқындаламын ба? деп ойлайды. Лагерлерден босатылғандар – Қытай полициясы оларға: «Сендерді ешкімді қорғамайды. Біз халықаралық заңдарды елемей, қалағанымызды істей аламыз» деп беттеріне ашық айтқан. «Сондықтан, бізге, дәл қазір, бұл туралы бүкіл әлемге айту керекпіз».

Бұл хабарды дайындаған Дженни Че (Jenny Che).

“Франция24” телеарнасының ағылшынша таратқан ақпараты негізінде қазақшаға аударылды.
Түпнұсқа:
observers.france24.com

https://observers.france24.com/en/20190703-kazakhstan-china-xinjiang-families-detained

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары