Санатталмаған

Қытайдың Ғаламтор Армиясы жəне Омарəлі Əділбек

Соңғы бірнеше он жылда Қытайдың ғылым-техникасы қарыштап дамыды. Əрине, Қытай ғаламтор саласы да осы өркендеу барысында Қытай үкіметі жағынан көп қаржы жұмсап, ден қоя дамытқан баса мəн бере дамытылған саланың бірі ғана емес бірегейі болды. Бірегейі дейтінім Қытай үкіметі 30 жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде бүкіл мемлекет бойынша жоғары сапалы жылдам ғаламтор байланыс жүйесін толық жалпыластырумен бірге,  өз ел ішінде ғана емес  халқаралық деңгейдегі бəсекеге түсе алатын, ғаламтор байланысы  техникаларын өндіре алатын  жəне əлемдік деңгейде ғаламтор сервистік қызметін көрсете алатын Хуавэи, ZTE, OPPO сияқты алпауыт компаниялар құра білді. Бұл қытайға миллиардтаған қаражат пайда əкелумен қатар Америка  сияқты дамыған елдердің əскери медицина жəне басқа салалардағы жаңа тапқырланған  технологияларын урлап қолды қылу арқылы  Қытай өндірісінің əр саласының оданда жылдам өркенднуіне өлшеусіз үлес қосты. Қытай
ғаламтор байланыс сервистік қызымет көрсету арқылы сол тапсырыс берген елдің қаржысын бір алса, өзінің серверлерін осы елде жалпыластыру арқылы өзіне тəуелді қыла түсіп жəне сол серверларының ішіне арнаулы чиптер салып қалдыру арқылы тапсырыс берген елдің бүкіл ақпаратын иелеп отырды. Яғни, қытай ғаламтор сервистік қызметін пайдаланған елдің Қытайдан жасырар құпиясы қалмайды. Хуавэи техникаларын, серверларын, сервистік қызметін пайдаланған өз еліміз Қазақстан да  сол Қытайдан сыр жасырмайтын елдердің қатарында екені ащы да болса шындық.
Трамптың Қытай Хуавэиына сонша шүйліккені бұл мәселенің қандай қауыпты екенін түсіндіруге жеткілікті болар деп ойлаймын.
Қытай онымен ғана тоқтаған жоқ. Олар он мыңдаған тіпті жүздаған  мыңдаған болуыда мүмкін. “Ғаламтор Əскерін” жасақтау арқылы Қытай өз үкіметіне қарсы немесе ұқсамаған пікір айтқан дамуды тұншықтырды. Халықарада  өздеріне өң пікірді қолдан қалыптастыруға пайдаланды. Жақында ғана Твиттерде қысқа уақыттың ішінде 2000-нан астам аккаунт блокталған. Себебі олардың  барлығы да қытайды сындаған жазбалар не Қытай жайлы жағымсыз комментарилер жазған аккаунттар болатын.
Қытай өзіне қалай ұнамсыз аккаунттарды блоктайды?
Енді кезек тақырыпта айтылған “ғаламтор əскерлеріне” келді. Ғаламторды күндіз-түні бақылап отырған адам емес жасанды интеллект, программа орнатылатын “жасанды ми” деген сөз. Ол программа аясында ғана жұмыс істей алады. Бірақ, өзі ойланып жағдайға қарай шешім қабылдай алмайды. Өз əрекетінің нəтижесіне не болмаса келтіретін зардабына бас қатыра алмайды. Əлеуметтік желіні басқару-қадағалау программасында “арыздану” деген түймешік бар екенін бəріміз білеміз. Егер кімде-кім нəсілдік, ұлттық, діни кімсіту мағанасындағы, араздық-өшпенділік қоздыратын, не порнографиялық видео таратты деп есептесе, сол түймешікті басып арызданды. Арыз программасы белгіленген мөлшерге жеткенде, ол аккаунт блокталады. Бұл негізі желідегі кейбір пікір қоғамдық топтар арасында кикілжің мен жанжал тууына себеп болып кетпесін деген игі мақсатта жасалған жақсы программа. Ал Қытай “ғаламтор əскерлері” ол программаны теріс пайдаланып өздеріне қарсы не ұқсамаған пікір айтқандарыды тұншықтыру үшін не аккаунтын блоктауға пайдаланады.
Мысалы, бір қазақ қытайдың азшылық ұлттарға қарата жүргізіп отырған зорлықшыл саясатын сындады делік. Осында отырған қытайдың адал құлы Омарəлі Əділбек сияқты сатқындар мынау “қытайды қаралады” деп көрсете қояды. Ал жаңағы Қытай “ғаламтор əскерлері” бəрі жабыла сол аккаунтты өтіріктен  жоғарыда айтылғандай себептермен арыздану түймешігін басып арызданады. Арыз саны белгіленген деңгейге жеткенде жасанды интеллект автоматты түрде сол аккаунтты блоктайды. Қытай Қазақстандағы
қытайға бір ауыз жағымсыз пікір айтқан кезкелген аккаунттың адымын аштырмай шаужайлап отыр. Бұған Омарəлі таздың “Қытай жаман” деген əр адаммен ерінбей жеке-жеке кездесіп алдап-арбауын, қорқытып-үркітуін қосыңыз. Осының бəрін қорыта келгенде,  бізде мызғымас табанды, ердің ері ғана қытайға “ісің теріс” дей алады

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары