Санатталмаған

Американың Колумбия Университетінің ғылыми зерттеу сайты Серікжан ісі туралы жазды

Ескерту:

Бұл жазба-Американың Колумбия Университетінің ғылыми зерттеу сайты “https://eurasianet.org/”-де жарияланған Крис Рикелтонның ағылшын тіліндегі жазбасынан қазақшаға және орысшаға аударылды. Крис Рикеотон көптен бері Қытайдағы қазақ мәселесін жазып жүрген өте беделді журналист. Сайрагүл Сауытбай Ісі мен Серікжан Біләшұлы ісінде өте белсенді жұмыс жасап келеді. Аударған: Атажұрт Еріктілері

Қазақстан: Шыңжаңдағы қазақтардың құқығын қорғаушы Серікжан Біләшұлының ісі сотқа жіберіледі

Серікжан Біләшұлы билік тарапынан тым танымал тұлға ретінде қарастырылуда.

Жаңалық бетінен бірнеше айға жоғалып кеткен, Қытайдағы этникалық қазақтардың ауыр жағдайына әлем назарын аудара білген үйқамақтағы белсенді Серікжанның тергеуі аяқталып, ісі жақын арада сотқа жіберіледі. Ұлтараздық алауыздық қоздырды деген баппен айыпталып отырған Серікжан Біләшұлының қорғаушысы Айман Омарова прокурордың өзіне хабарласып, істі тергеп-тексеру аяқталды деп жеткізгенін 11 шілде EURASIANET сайтына баяндап берді. Осы аптада болған сотта Нұр-Сұлтан қалалық соты Біләшұлының үйқамақ мерзімін үшінші мәрте ұзартты.
«Қазір бізге істің мән-жайын зерттеу үшін уақыт керек, содан соң соттың күнін белгілейміз», – деді Омарова. «Сот отырысы жақын арада екі аптаның ішінде болуы мүмкін, ал шын мәнінде осы айда болмай қалуы да ғажап емес».
Егер ол Қазақстан билігі тарапынан мәлімдеген Қытайға қарсы өшпенділік тудырды деген айып тұрақтандырыла жатса, наурыз айында ұсталғандығы әлем ақарат құралдарында үлкен резонанс-толқу тудырған Серікжан Біләшұлы 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серікжан Біләшұлы өзінің жалғыз мақсаты – Шыңжаңдағы саясаты үшін айыптайтын Қытай билігі және онда кем дегенде 1,5 миллион этникалық қазақтар тұратынын айтты. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл істі Пекиннің Қазақстандағы экономикалық салмағының саяси ықпалға айналғандығының үлгісі ретінде көрсетті, алайда билік харизматикалық және тәуелсіз тұлға оппозициялық саясатта болуы мүмкін деп алаңдайды. Іс қозғауға негіз болған сөздер ақпан айында өткен ашық жиында айтылған болатын.

Тілге абай болу керектігін естен шығарып алған Біләшұлы жиында Шыңжаңдағы саясаты үшін Қытайға қарсы жихадқа шақырады. Артынан бұл қолға қару алып соғысу емес, ақпараттық соғыс деп айтты. Біләшті тұтқындау туралы ақпарат беру үшін телеарна бұл видеода айтылған соңғы сөзді кесіп тастайды. Серікжанның қолдаушылары сотта қаупсіздік комитеті жалған дәлел көрсетуі мүмкін деп алаңдайтынын жасырмады.
Атажұрт еріктілері таратқан сот қаулысына сәйкес Серікжан Біләштің үйқамақ мерзімі 8 шілдеде ұзартылды.

Бұл ұйым Шыңжаңдағы этникалық азшылықтарға қытай билігі тарапынан жасалған бас бостандығынан айыру сияқты адам құқықтарының өрескел бұзылуын анықтауда маңызды рөл атқарды. Сот Біләшты «толық және объективті» тергеуге кедергі келтіруі мүмкін”-деген негізбен кепілге босатудан бас тартты.

Атажұрт еріктілері Біләшты Нобель Бейбітшілік сыйлығына ұсыну үшін қол жинау шарасын өткізді. Шараны ұйымдастырушылар оның Нобель Бейбітшілік Сыйлығына Иегер болу мүмкіндіктері бар екенін, алайда басты мақсат осы арқылы Қазақстан билігіне Серікжанды босату үшін жасалған қысым екенін айтты.
Нұр-Сұлтан және Астана маңында қол жинау барысында еріктілер шараның Ұлттық Қауіпсіздік органы және әкімшілік тарапынан күштеп тоқтатылғаны туралы мәлімдеді. Әзірге дейін 10.000 нан аса адам қол қойып үлгеріпті.
Серікжан Біләштің аса қуатты жұлдыздық жарық сәулесі жоқ кездің өзінде де “Атажұрт” ұйымы өз күш-қуатын сақтап қалды. Біләш ағылшын тілін жеттік біледі және шетел ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болған еді.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі ұйымды өткен айда төртінші рет тіркеуден бас тартты. Алайда, ол Шыңжаңдағы қазақтардың проблемасын негіз еткен екі коммерциялық емес ұйымды тіркеді. Ұйымның бірін Біләштің қарсыласына айналған бұрынғы әріптесіне тіркеді.

Авторы: Крис Рикелтон

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары