Санатталмаған

Айман Омарова “Ұлттық Кеңеске” Кірді. Серікжан Біләш Босатыла ма?

“Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесі” құрылды. Халықтан алшақтап кеткен билік осы арқылы қара қазаққа жақынаспақшы. Ертегі тыңдап Өзгеріссіз өткен отыз жылдың қазақ жүрегіне салған қаяуын осымен жумақ. Ызалы қазақтың тебіні аспандап алысқа кеткен билікті ойландырды. Әлеуметтік мәселе тау-төбе. Қайырышылық қамытын киіп үлгірген қара xалық “езуінен май аққан” билеуші топты Атажауы ретіндет көре бастаған. 
Билеуші топ өсіп, байып, қоңданып билеуші тапқа айналғалы қашан? Ескі саяси тілмен айтсақ, Үстем Тап. Қазақ қоғамы бұл күнде Езуші тап пен Езілуші тапқа қақ ортадан жіктеліп-ақ тұр!
Қоғамдық қайшылық күн санап ушыққан осы сәтте, “Ұлтьық Кеңес” құрылды. Құрамы белгілі болды. Қазақты қуантатын екі адамды көрдік ішінен. Көңілге медеу, көзге қуанышы осы ғана. Қалғанының дені бұрынғы ескі әртістер. Мүмкін, кейбірін жыға танымадық. Жорға шыға жатса онысын көрерміз.
Ащы тілмен айтсақ, айт дегенді айтатын тордағы тотықұстар мен бір бананға “байын айырбастайтын” кәнігі “Жануарлар Бақшасындағы” маймылдар мен саяси салдақылар. 
Жақсы жағын айталық. Аймаңдайлы Айман Омарова xаным осы кеңеске кіріпті. Қуандық! Қуантсын! Қазақтың әділетшіл қызы енді биік мінберден ақиқаттың ақ туын желбіретпек! Бұл Айман қай Айман?! Бұл күні кеше Американың бірінші xанымы Мелания Трамптың қолынан “Батыр Әйел” xалықаралық сыйлығын алған Айман! Бұл Айман Күллі адамзат баласына аты әйгілі атақты “Сайрагүл Сауытбай” оқиғасын сәтті шешкен Айман! 
Қытайдағы қазақтың мәселесін әлемдік деңгейге жеткізген, миллиондаған қазақтың жүрегіне ұлттық руx ұялатқан, Миллиондардың көкірегіне үміт сәулесін сепкен Атақты Халықаралық Құқық Қорғаушы Серікжан Біләшұлының адвокаты Айман ғой бұл! 
Сайрагүл Сауытбай Ісі Қытайда қорлық көріп жатқан қазақтардың мәселесін ең жоғары деңгейде күллі адамзат баласына ашып көрсеткен Халықаралық һәм Тариxи оқиға болды. Сайрагүл ісін әлемдік ақпаратқа Ең бірінші болып жеткізуші-Серікжан Біләшұлы екенін баршамыз білеміз. Сайрагүл тұтқындала салғанда оның қайын інісі Нұрболат ең алдымен осы Серікжан Біләшұлын тапқан. Секең одан Бірінші болып видео-мәлімдеме алады. Видеоны Ағылшыншаға және қытайшаға аударып, бір сағаттың ішінде-ақ тұтас Батыс Әлемін дүр сілкіндіреді. Ары қарай Сайрагүл ісі әлемдік іске айналып шыға келеді. 2018 жылы Сайрагүлді тұтқындаған құзырлы мекеменің адамдары оны бірден құзырлы мекемеге апармаған. Істі тіркемеген. Олар Сайрагүлді ту баста кәдімгі мал қорасы бар, шөп маясы бар ауылдағы жер үйге апарып қамаған ғой. Бағасы келіссе, Қытай қомақты ақша берсе, Қорғас Кеденінен ары Қытайға өткізіп бере қоймақшы болған! Бұл сұмдықты Сайрагүлдің өзі Өз ауызымен кейін айтты. Сайрагүл ісі Серікжан арқылы тұтас әлемдегі ең дабыралы іске айналған соң барып, айдаладағы жер үйде заңсыз барымталанып отырған Сайрагүл Кәдімгі Үкіметтің Полиция Мекемесіне жеткізіледі. Бұл өзі таңды таңға жалғап айтатын бөлек қиса, бөлек әңгіме! 
2018-дің көктемінде 
Сайрагүлге адвокат ретінде Абзалды таңдаған Серікжан Біләш еді. Оған бұл ұсынысты Ауыт Мұқибек қойыпты. Секең Абзалды танымаса да Ауытқа сеніп бірден келіскен. Сайрагүл ісі арықылы аздап абырой таба қойған Абзал Құспан кейін келе ұлт мүддесін сатты. Ол өзі Қытайшыл қазақтарға үйір болды. Атажұрт Еріктілерімен жау болды. Қытай компартиясы орталық комитетінен арнайы түрде Қазақстандағы Қытай диаспорасы статусын алған атышулы қытайшыл “Жебеу” ұйымы мен Абзал дос болып кетті. Абзалдың айналасы толы Қытайды ақтап- жақтап жүретін, қытай қылмысын жуып-шаятын саяси жезөкшелер болды. Ол солардың мейрамxаналары мен саунасынан шықпайтын болды. Қытайдың бақа-шаянын жеп Қазақтың ұлттық мүддесін сатты. Міне сол Абзал бүгін Ұлттық Кеңеске мүше бола алмай қалыпты. Оның арманы осы саяси мансап еді. Қытайдың және Қытайшылдардың зор қаржылық көмегіне сүйене отырып биікке өрмелеу еді оның жоспары. Абзалдың қателігі көөөп болды. Біріншісі-ол Сайрагүл ісінде Қытайшылдарға сатылды. Қытай елшілігінің шынжырлы төбеттері оны шыжымдап алды. Бұған дәлел жетеді. Абзалдың жасырын және жария аудиолары бар қолымызда. Екіншісі-ол Сайрагүлді бопсалап, Қорқытып, Серікжан Біләшұлына жала жапқызбақ болған. Оған Сайрагүл келіспеген. Бұған да дәлел жетерлік.
Үшіншісі, ол Сайрагүлге босқын мәртебесін не ҚР азаматтығын алып бере алмады. Ұлттық намыс, ар-ұят дегенді ауызға алмай тұралық, ода кәсіби біліктіліктің өзі кемшін болды. Әлде, кәсіби білімі жетсе де, жеп қойған бақа-шаяны оны Сайрагүл ісінде ұлтқа қарсы істеуге мәжбүрледі. Төртіншісі-ол қытайшылдардың тапсырысы бойынша Серікжан Біләшұлымен жау болды. Оған жала жапты және “Серікжанның үстінен арыз жазамын десеңдер мен адвокат болуға дайынмын”-деп ашық аудио үндеу таратты. Фейсбук және YouTube каналында Серікжанды толассыз қаралап, қисынсыз жала жабумен болды.
Бесіншісі, Абзалдан бұрын Қытайшылдардың қармағын қауып болған қаржы пирамидасы алаяғы, талай қазақтың қалтасын қағып байыған Аxметбек Нұрсиламен тоғайда табысқан Абзал Құспан Шайтан аздырып тағы адасады. Серікжанды қаралаумен қатар Тұтас Орта Азияға танымал, үкіметтің заңды имамы, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы қызметкері, діни ұстаз Әбдіғаппар Смановты “уаxабист”-деп неше түрлі қисынсыз жала жапты. Смановтың шәкірттері оның жаласының қисынсыз екенін Смановтың бұрынғы уағыздары арқылы сөзбе-сөз дәлелдеп тастағанда, бір ауыз жауап қайтара алмай қара бет болды Абзал Құспан. Жалақордың жақтасы Аxметбек Нұрсила да xалық наразылығынан шошып, “ойбай, Аятжан Аxметжан мен Абзалға сеніп қалыппын, жаздым, жаңылдым”-деп кешірім сұрап құтылды. Осылардың барлығы Абзал Құспанның өз жүрек таразысы жоқ, кім ақша берсе соның жырын жырлайтын, кімнің тарысы пысса соның тауығы болатын “саяси алаяқ, саяси жезөкше тауық” екенін дүйім жұртқа айпарадай ашып берді. Ел алдындағы беделінен айырды. Саяси банкрот болды. Сол үшін де ол тоты болудың өзіне жарамай қалды. 
Екінші бір қуаныш: Ұлттық Кеңеске Ауыт Мұқибектің және Қазыбек Исаның кіруі болды.

Ал, әлем таныған Айманның саяси беделінің Онан ары асқақтауына өз ісі және Сайрагүл ісі арқылы себепкер болған Серікжан Біләшұлы енді бостандыққа шыға ма? 15 Шілде Серікжан ісінің тергеуі аяқтапты. Айман xаным әрқайсысы бірнеше жүз бет бес томнан тұратын Серікжанның қылмыстық ісімен 15 шілдеде ғана ресми түрде танысып, іс қағаздарын қолына алыпты. Бес ай қамап, бес том қылмыс тапқан билік ары қарай қытай мүддесін қорғай ма әлде ұлт мүддесін қорғай ма? Серікжан Біләшұлының бостандыққа шығуы не шықпауы Айманның саяси жүйеге ресми түрде кіруімен қатысты ма? Арада саяси сауда мен құпия ымыра бар ма? 
(Жалғасы бар….)
Құрметпен:
Шәріпxан Қайсар

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары