Санатталмаған

17 жастағы Пәкстандық қыз Малала Нобель Бейбітшілік Сыйлығын қалай алды

Нобель сыйлығының ең жас иегері кім?
2014-жылы Нобель сыйлығы Пəкістандық Малала Юсуфзайға беріледі. Малала ол кезде бар болғаны 17 жаста болған.
2013-жылы Еуропа Парланменті оны алдымен Андрей Сахаров атындағы “Ой еркіндігі” сыйлығымен марапаттаған. Сол жылы БҰҰ-ның Ассамблеясының Бас Штабына үлкен жиынға шақырады. Малаланың сол жиында сөйлеген сөзі ассамблея депутаттарының көзіне жас үйіреді. Жап-жас қыздың қайсарлығы олардың жүректеріне ерекше əсер қалдырған еді.
Малала қандай ерлікке барды? Оның Нобель алуындағы еңбегі қандай?

2009-жылы Пəкістанда талибтер елдің солтүстік Сват аймағына өз ықпалдары мен билігін жүргізіп, сол өлкедегі елді бақылауда ұстап, өз заңдылықтарын орната бастаған. Діни радикал күштер елде мектептерді жауып, əсіресе қыз балалардың оқуына тыйым салады. Сол кезде Малала небəрі 11 жаста ғана еді. Ол ата-анасымен бірге сол аймақтың Менгура қаласында тұрған. Малала оқыған мектепті күштеп жауып тастағандықтан, сабаққа бармайтын болып қалады. Ал оның бар арманы тек қана оқу болатын. Білімге құштарлық оны күреске шығуына əкеледі. Оған журналист Абдулхай Кахар BBC-ға жасырын атпен талибтердің зорлық-зомбылығы туралы жазып тұруын үйретеді. Блогер Малаланың мақаласы ағылшын тілінде аударылып, əлемді шулатады. Малала əлемдік ақпарат өкілдеріне сұқпат береді. Ол өз күресін тоқтатпайды жəне қорықпай жалғастырады. Ақыры күрескерге қастандық жасалады. Оның басының мойын тұсына оқ тиеді. Бірақ, құдіреттің күшімен ол аман қалады. Ұлыбританияда ота жасалып, емделіп шығады. Оның еңбегін əлем жұрты мойындайды. Жап-жас Малала Юсуфзай ” Қолымызға кітап пен қалам алайықшы. Міне бұл екеуі біздің ең күшті қаруымыз. Бір ғана бала, бір ғана оқытушы, бір ғана кітап пен қалам біздің өмірімізді өзгертуші. Адамзат үшін ең маңызды дүние білім. Біз үшін білім бірінші кезекте тұруы қажет. Білім адам қолындағы ең басты құралы болып табылады” деп аяқтайды сөзін.

2014-жылдың 10-қазанында Норвегияның адам құқықтарын қорғау комитеті Малала Юсуфзайға Нобель сыйлығын береді. Ал оның сөздері Бас Штабтың конференция залында жаңғырып тұрғандай əсер қалдырды.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары