Санатталмаған

ТҮСІНДЕ СЕРІКЖАНДЫ КӨРІПТІ

БАЙБЕСІКТЕ ТҰРАТЫН БІР АҒАМ,
АҚ КӨҢІЛ МЕНІҢ ІЗГІ АҒАМ.
ЖОЛ ТҮСІП БАРСАМ ҮЙІНЕ,
МӘЗ БОЛЫП ОТЫР БАЛАША.

КӨРГЕН ТҮСІН АЙТЫП ЖАҢАША,
ТІЛЕК ТІЛЕП АЛЛАДАН.
АҒАМНЫҢ ТҮСІН ТЫҢДАЙЫҚ,
ЖАҚСЫЛЫҚ БОЛАР ДЕП ҰҒАЙЫҚ.

ӨТКЕН ТҮНДЕ ТҮС КӨРДІМ,
ТҮСІМДЕ ЖАҚСЫ ІС КӨРДІМ.
ТАРИХТА БОЛМАҒАН КЕПТЕЛІС,
ҚАЛАДА СОҒАН ДҮП КЕЛДІМ.

НЕ ЖАҒДАЙ БҰЛ ДЕП ТАЯДЫМ,
МОЙЫНЫМДЫ СОЗЫП ҚАРАДЫМ.
ЖИНАЛҒАН ЖҰРТТА ҚИСАП ЖОҚ,
БАЙҚАСАМ ЕЛДІҢ АУЖАЙЫН.

СЕРІКЖАН КЕПТІ ОРТАҒА!
БІРЕУЛЕР АП ЖҮР ҚОЛТАҢБА,
БАТЫРДЫҢ ЖҮЗІН КӨРУГЕ.
ҚОЛЫН АП СӘЛЕМ БЕРУГЕ,
ТЕҢІЗ БОП ХАЛЫҚ АҒЫЛҒАН.
СЕРІКЖАНДЫ КӨРУГЕ,
АЛАҚАЙЛАП ЖҮР АҒАЙЫН.

ТОЙ ДЕРСІҢ БЕЙНЕ МАҢАЙЫҢ,
КИМЕЛЕП МЕНДЕ ҰМТЫЛДЫМ.
БАТЫРҒА ЖАҚЫН БАРАЙЫН,
СӘЛЕМ ҚЫП ҚОЛЫН АЛАЙЫН,
БІЛЕЙІН ДЕП ЖАҒДАЙЫН.

САҢҚЫЛДАП ШЫҚҚАН ДАУЫСЫ,
СӨЙЛЕП ТҰР ЕЛДІҢ АРЫСЫ.
ҚУАНЫШТАН БА БІЛМЕЙМІН?!
ЖЫЛАП ТҰР ЕЛДІҢ ЖАРТЫСЫ.

ТҮСІМДЕ МӘЗ БОП ҚУАНДЫМ,
БІР ЖЫЛАП АЛЫП УАНДЫМ.
АЛЛАҒА САНСЫЗ ШҮКІР ДЕП,
БАТЫРҒА ҚОЛДЫ БҰЛҒАДЫМ.

ТҮСІМДЕ СӨЙТІП ОРТАҒА,
ОРАЛЫПТЫ АМАН САУ,
АҚИЫҚ МЕНІҢ ҚЫРАНЫМ!
ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖОРЫП ТҮСІМДІ,
ТАҢ МЕН БІРГЕ ОЯНДЫМ.
ЖАҚЫНДА БАТЫР ОРАЛАДЫ,
ӨЗДЕРІҢДІ ШАҚЫРЫП,
АҚ САРБАСЫМДЫ СОЯМЫН!

АҒАМНЫҢ ТҮСІ ҰНАДЫ,
СЕЙІЛТІП БАРЛЫҚ КҮМӘНДІ.
АЯНИ ТҮС БОП АҒЕКЕ,
СЕРІКЖАН КЕЛСЕ БОЛҒАНЫ.
ОРТАСЫ ТОЛЫП ХАЛҚЫМНЫҢ,
ОРЫНДАЛСЫНШЫ АРМАНЫ.
ОРЫНДАЛСЫНШЫ АРМАНЫ!!!

Ақмарал Құнанбайқызы,
16.07.2019
Алматы қаласы

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары