Санатталмаған

СЕРІКЖАНҒА ЖАҢА ЖАЛА ЖАБЫЛДЫ

Серікжан Біләшұлына тағы бір “тың жала” жабылды.
Жұртқа түсінікті болсын деп әңгімені арыдан бастағанды жөн көріп отырмыз. Алдымен мына видеоға назар салыңыздар:
Серікжан Біләшұлы мына видеодағы Аман Аңсаған деген жігіттің үйіне іздеп барады. Бұл кез 2018 жылдың 24 қаңтары еді. Бұл жігіт Алматы іргесіндегі Қарақыстақ ауылында тұратын ҚР азаматы. Әйелі Қытай азаматы, ұлты қазақ. Бұл жігітті Серікжан ашық арыздануға көндіреді. Ол кезде Қытай әлдеқашан Аманның әйеліне укол салып іштегі үш айлық баласын өлтіріп болған кез. Бұл Жігіт арызданудан қорқады. Серікжан “арызданбасаң Қытайлар әйеліңді де өлтіруден тайынбайды”-дейді. Аман ақыры арызданады. Серікжан айтады:”арыз көп. Халықаралық қауымдастықтың назарын бірден аудару үшін бір миллион доллар төлем талап етемін де”-дейді. Айтса айтқандай Аман Аңсаған Қытай билігінен бір миллион доллар өтемақы құн талап ететінін жариялағанда бүкіл шетел ақпараты шулап, іліп әкетіп, жазып ала жөнеледі. Бір айдан соң Қытай билігі Аман Аңсағанның әйелі Гүлзия Мөгдінқызын концлагерден босатып Қазақстанға жіберуге мәжбүр болады. Сіздер енді Аман Аңсағанның сол атышулы видеосын көріңіздер:

Осы видеодағы жігіт Аман Аңсаған. Атажұртқа көөп келген. Әйелі Гүлзия Мөгдінқызы екеуі Қытай билігінің қазаққа жасаған қорлығы мен зорлығын өте белсенді түрде айдай әлемге айпарадай ашып келеді. Аман Аңсағанның туған анасы Әлима Ысқаққызы Қазаққа танымал үлкен зерттермен, он шақты кітаптың авторы екенін ескерте кетелік.

Ал осы күнде әлеуметтік желіде тағы бір сұмдық видео тарап жүр. Оны жаппай таратып, фейсбук топтарында Серікжан Біләшұлына жала жауып жүргендер болса Қытайдың жалдамалы жазғыштары. Видеода сөйлеген жігіт Арман Думанның Серікжанға жала жабу ниеті бола қоймаса керек. Себебі, Серікжан мен Арманның арасында еш қайшылық жоқ.
Бірақ өлген жеті әкесі тіріліп келгендей болып есі шыққан қытайшыл иттер, қытайдың жалдамалы жазғыштары осы видеоны Серікжанға жала жабудың құралына айналдырғысы келеді.
Ал мына Арман Думан болса Қытай түрмесінде ҚР азаматтары Орынбек Көксебек, Аманжан Сейіт деген жігіттермен бірге жатқан. Өзі ҚР азаматы. Орынбек Көксебек пен Аманжан Сейіт Қытай түрмесінен шыққан соң ашыққа шығып Қытай қылмысын ашты. Шетелдік және қазақстандық тілшілерге ашық сұxбат берді. Шетел тілшілеріне Қытайда көрген қорлығын жасырмай ашық айтты. Мына Арман Думан болса керісінше бұғып қалды. Қорқып сұxбат бермей қойды. Сол кезде Серікжан оған звондап “Қорқып ашыққа шықпасаң да тым құрығанда жазбаша арызға қолыңды қой, топтық арыз жазып Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропаға берейік”-дейді. Серікжан Арманға Қытай билігінің түптің түбінде осы жасаған қылмыстары үшін бодау төлейтінін сан мәрте түсіндіріп айтқанына біз куәміз.
Ол сөйлесуді Қытай шпиондары немесе Қытайшыл иттер біздің “Ұялы телефон байланысын Ұрлап Тыңдауға құқы бар” Сатқындардан сатып алып, желіге жариялап жібереді.
“Серікжан ұлт үшін емес, ақша үшін істеп жүр”-деп жала жабады қытайшылдар. Ол шу 2018-дің көктемі еді.
Мақсат біреу ғана: Серікжанға жала жабу, Серікжанның беделін түсіру, Серікжанды xалыққа жеккөрінішті көрсету.
Орынбек Көксебек Қытайда 125 күн жазықсыз түрмеде жатқан Қазақстан азаматы. Оның да арызын Серікжан Біләш жазады, ағылшыншаға аударады, xалықараға жібереді. Сол Орынбек Көксебек нағыз батыр болып шығады. Қазақстанға келген соң Қытайдың қылмысын әлемге ашады. Түрмеде қорлықты көөп көрген ол Қытай билігінен Бір Миллион Доллар өтемақы талап ететінін ашық жариялайды. Төменде Орынбектің Азаттық Радиосына берген сұxбаты және өзі секілді түрмеде отырып шыққан қазақ әжемен болған видео сұxбаты:

Қытайдан төлем талап қылған азаматтардың қатарында Қайрат Самархан, Аманжан Сейіт те бар. Бұл тізімдікті айтсақ өте көп. Қытай түрмесінен шыққан соң денсаулығы күрт нашарлап кеткен азаматтар да өте көп. Сап-сау жігіттер белсіз болып, сап-сау келіншектер бедеулікке душар болып шығып жатқанын жұрттың бәрі біледі.
Қытайшылдар немесе әлде бір арам ниетті топ Серікжанға жала жабудың жаңа жолын тауыпты. Ол тағы да осы Арман Думанның атышулы видеосы. Арманның Секеңе жала жабу ниеті жоқ екені көрініп тұр. Бірақ фейсбуктегі Қытайшылдар Арманның видеосының тонын теріс айналдырып, “Серікжан ақша үшін істеп жүр”-дейді. Онан да сорақысы- Серікжан Қытайдың шпионы дейді. Қытайда қорлық көріп жатқан қазақтың, жалғыз қазақ емес-ау, қазақпен бірге жасасып келе жатқан ондағы қорлық ішіндегі қырғыздың, өзбектің, мұңғұлдың, татардың, дүңгеннің жан-айқайын күллі әлемге дәлел-фактісімен жеткізген Серікжанның не жазығы бар? Халқын, қазағын сүйгені қылмыс па? Қырғызды, татарды сүйгені қылмыс па? Киіз туырлықты мұңғылдың мұңын мұңдаса жазықты ма? Діндес дүңгеннің арызын әлемге жеткізсе несі айып?
Ендеше, Арман Думанның Қытайшылдардың Серікжанға жала жабуына себеп болған атышулы видеосын көріңіздер:

Бұл арада бір ескертеріміз-Арманда жазық жоқ. Ол Серікжанға жала жабу ниетінде болмауы бек мүмкін. Осы күнге дейін Түрмелестері Орынбек Көксебек пен Аманжан Сейіт ашыққа шығып, қытай қылмысын ашып жатқанда үнсіз қалған Арман Думанның жоғарыдағы видеоны Серікжан жалалы болып үй қамақта отырған дәл осы сәтте жариялай қалуы нені білдіреді?! Қытайшылдар арбады ма, алдады ма, әлде Серікжанға жала жабуға мүдделі мәлім бір күштер бопсалады ма?
Жасырары жоқ, Арман Думан Қытайдағы түрмеден шығып, Қазақстанға жеткен күні Алматыдағы Ақсай ықшам ауданындағы Аманжан Сейіттің үйінде және үй алдында кездесу болды. Біздің қолымызда сол кездегі кездесудің барлық аудио жазбасы бар. Арманның туыстары, Тіпті Мыңбай ауылындағы лауазымды мансапты туысының да суреттері мен сөздері бізде жазулы. Бар болғаны Арман өз разылығымен ашыққа шығуды қаламаған соң біз де оны жария етпеген болатынбыз. Біз Арманды құрметтейміз. Ол өз қалауы бойынша ашыққа шығудан бас тартақнда да біз оған түсіністікпен қарадық. Қытай түрмесінде әбден қорлық көріп, рухы жаншылып кеткен болуы мүмкін деп ойладық. Ұлт мүддесі үшін, қытайда қорлық көріп жатқан жарты миллион қазақтың мүддесі үшін бір күні ашыққа шығып, куәлік беріп, қытайдың қылмысын ашады деп үміттенеміз. Өкініштісі, қытайша оқыған Арманның онша толық емес қазақша видеосын пайдаланып, Арман айтпаған сөзді айтты қылып, Серікжанға жала жабушыларды мүсіркейміз.
Құрметпен:
“Атажұрт Еріктілері” мүшесі
Ғалым Рақыжанұлы

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары