Санатталмаған

Серікжан Біләш Ресей аудиториясында: Серікжан-Заманымыздың Батыры

Білмейтіндерге Будда Гришнаны қысқаша таныстыра кетейін. Ресей азаматы, өте белгілі блогер. Димашты танудан бастаған құмарлық Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін сырттай танып-білуге әкелген. Қытай түрмелерінде жазықсыз қамалған қазақтар мен өзге мұсылман халықтары жайлы ақпаратқа әбден қанық. Ютубтағы каналында Қытайдың адамзат алдындағы қылмысын бүркеп отырған Қазақстан үкіметін аямай сынаушы. Өзінің айтуынша, блогердің осы әрекетін тоқтату үшін біздегі билік өкілдері 4 млн рубль ұсынған екен. Жігіт екен! Бас тартыпты. Одан соң, Қазақстан Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, Қазақстанға алдырғысы келіпті. Бірақ ол мақсатына әзір жете қоймапты. Соңғы уақытта енді оны Қытайдың жұмсақ күштері шыр айналдыра бастаған құсайды. Бірақ ол Қытайда жапа шеккен мұсылмандар мен Серікжан Біләш туралы лекциясын тоқтатқан емес. Соның бірін назарыңызға ұсынайын.

Авторы: Тоқтар Жақаш

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары