Әлем ақпараты

АҚШ Конгресі Серікжанға “Саяси Тұтқын” Мәртебесін Берді

Америка Құрама Штаттары Конгресінің Том Лантос Адамдық Құқық Комиссиясы Серікжан Біләшұлына “Саяси тұтқын” мәртебесін берді. Бұл ақпарат Америка Конгресінің ресми сайтында жарияланды. Сіздерге осы ақпаратты қазақшаға аударып жеткізгенді жөн көрдік:

СЕРІКЖАН БІЛӘШ

Ұсталған уақыты: 2019 жылдың 10 наурызы

Айыптау: Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру

Сотталған мерзімі: белгісіз

Өмірбаяны:

Серікжан Біләш – белгілі Қазақстандық құқық қорғаушы және Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қамауда отырған этникалық қазақтар мен басқа да азшылық ұлттардың құқығын қорғаушы. Қазір ол “ұлтаралық араздықты қоздырды” деген айыппен үйқамаққа алынды. Егер сотталса, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталғанға дейін Серікжан Біләш Алматы қаласында, «Атажұрт Еріктілері» азаматтық қоғамдық ұйымның негізін қалаушы және жетекшісі болған. 2017 жылы құрылған «Атажұрт» еріктілерінің миссиясы – Қытай үкіметі қамауға алған этникалық қазақтардың босатылуына атсалысу және лагерлерде ұсталған адамдардың туыстарына белсенді қолдау көрсету.
Серікжан негізін қалаған «Атажұрт» Шыңжаңда орын аьлып жатқан адам құқықтарының кең ауқымда бұзылуы туралы ТҰТАС ӘЛЕМГЕ түсінік берді. «Атажұрт» Шыңжаңдағы лагерьлерден босап, Қазақстанға оралған көптеген адамдармен сұхбат жүргізді. Осы сұхбаттар арқылы «Атажұрт» Қытайдың Шыңжаң аймағындағы өрескел құқық бұзушылық туралы көптеген мәліметтер жинады. «Атажұрт» Шыңжаңдағы құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты тұрақты түрде баспасөз мәслихаттарын өткізу арқылы әлемге жариялап отырды және жақындары мен туыстарын іздеушілердің бейне айғақтары арқылы нақтылы дәлелдерді көрсетті.
Осы күш-жігердің нәтижесінде Серікжан Біләш және Атажұрт еріктілері Қытайдың Шыңжаңдағы заңсыз қамауға алу саясаты туралы ақпараттың ең толық және сенімді ресурстарының бірі болып табылады. Шыңжаң халықаралық журналистер мен ұйымдар үшін жабық болғанымен, Атажұрт еріктілері Дүниежүзіне Батыс Қытайдағы қысымның ауқымын жақсы түсінуге көмектесті.

Жақында Біләш және Атажұрттың құқық қорғау жұмыстары Қазақстан билігінің назарын аударды. 2019 жылы 13 ақпанда Біләшқа Атажұрттағы жұмысына байланысты тіркелмеген ұйымды басқарғаны үшін жеке айыппұл салынды. Алматы соты оған 252 000 теңге (шамамен 670 доллар) көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Осы уақытқа дейін Серікжан Біләш Атажұртты Әділет Министрлігіне тіркеуге бірнеше рет тырысып, құжат өткізді. Бірақ Қазақстан Әділет Министрлігі тіркеуден бас тартты. 2019 жылдың 10 наурызында таңертең Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Серікжан Біләштың қонақ үй бөлмесіне түнде басып кіріп, оны жарақаттады. Атқарушылар Серікжан Біләшты тұтқындау туралы ордер көрсеткен жоқ. Олар оны Алматыдан – Нұр-Сұлтан (шамамен 1300 шақырым) рейсіне отырғызып, Ішкі Істер Департаментіне жеткізді.

Сол күні полиция «Атажұрт» кеңселеріне тінту жүргізді. Мемлекеттік агенттер компьютерлерді, камераларды және Шыңжаңда ұсталған адамдар туралы ақпарат сақталған қатты дискілерді тәркілеп алды. Кейін кеңсе құлыпталып, құқық қорғау органдары мөрмен бекітті. Үкімет Біләшқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырды деп айыптады. Айыптау оның 2019 жылғы 8 ақпанда ұйғырлардың асында айтқан сөздерімен байланысты. Кездесу барысында Серікжан Біләш жеке адамдарды Шыңжаңдағы жаппай тұтқындау туралы әлеммен ақпарат алмасуға шақырды.

Серікжан Біләш 2019 жылдың наурыз айынан бастап Нұр-Сұлтанда үй қамақта. Оның сот процесі 2019 жылдың 29 шілдесінде басталды. Ол сотты күтіп жатқан кезде, оған мемлекеттік қызметкерлер 20 мәртеден артық келген. Шенеуніктер Серікжан Біләшты түрлі жазбаша және бейне жазбалар жасауға мәжбүрледі. Бір кезде полиция Серікжан Біләштан Шыңжаңда ұсталған этникалық қазақтардың мәселесін көтеруді тоқтатуды сұрады. Шенеуніктер Серікжан Біләш пен оның отбасына физикалық зиян келтіреміз деп қорқытқан. Бірде, орган қызметкерлері қазіргі уақытта Қытайда тұратын Серікжан Біләштың туысқан арайының суретін алып келді. Оған үкімет отбасы мүшелерінің кім екенін білетінін айтты. Адвокаттық серіктес: Freedom Now (Қазір еркіндік).

https://humanrightscommission.house.gov/defending-freedom-project/prisoners-by-country/KAZAKHSTAN/SERIKZHAN-BILASH
Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары