Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды
Берік Уәлидің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және президенттің Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған.

Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды
Сондай-ақ, мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізбек.

Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды
Қазақстан президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы “Hikvision” компаниясының жұмысымен таныспақ.

Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды
Сонымен қатар бағдарлама бойынша “Alibaba” компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.
Источник: NUR.KZ
