Әлем ақпараты

Соғыс басталды

Өзімізге мәлім,Саудия Арабиясы өздерін мұсылман дінінің діңгегі санайды. Бұған қоса, мұнай өндіру іске қосылғаннан бері осы өңірде ірі ойыншыға айналды- араптар. Саудиттер сунниттік бағытқа басымдық берсе,  Иран-шейттік жолды таңдады. 1979 жылғы “ислам төңкерісінен” кейін Иран мүлдем радикалданып бөлек кетсе де,  милитаристік көзқарастан бас тартқан емес!

Каспи өңірінде де Иран бізге-дос емес.  Түркі елдерімен Тұран кезінен.  Саудияның “Aramko” компаниясына жасалған дрондар шабуылы бұлардан шығар мұнайды екі есеге төмендетті! Бұл өз кезеңінде әлемдік бағаға әсер етті. Бұл дрондар Иеменнен шықты деп АҚШ мәлімдеме жасады.  Бұны ” хуситтер” өз мойнына алды!  Өте тез, әрі жылдам жоспарлы түрде оқиғалар өрбуде.

Иранға қарсы салмақты Иракты құртқаннан бері-Иран “ауыздықсыз, шідерсіз” кетті. Бұған қоса “зұлымдық осі” Ресей қызылбастарды емізіп,  АҚШ-қа қарсы салуда. Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхамед бен Сәлмен майданды ұнатқыш, керістен шегінбес жан болып шықты.  Осы кездерде ханзада АҚШ президентімен телефон шалысып, сөз көмегін алды. Іс көмегі белгісіз…

Саудиттерді Біріккен Араб Әмірлігі,  Кувейт,  Египет,  Бахрейн қолдайды. Бұның алдында Сирияда Иран мен Ресей Башар Асадты сақтап қалды.  Бұл саудиттер мен АҚШ-тың жеңілгеніндей болды. Иранның күшеюінен қауіп көретін елдің бірі -Израиль.  Осы майданға АҚШ-тың араласуына да еврейлер мүдделі.

Саудияның сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейір осы жұмада ” …әлем экономикасына зияны тиер шабуылға бірігіп қарсы шығуға” шақырды.

Иран Төңкерісі Қорғаныс Корпусы Қолбасшысы Хоссейн Салами “байқаңыздар…біз кез келген агрессорға жауап бере аламыз…” деді.   АҚШ мем.хатшысы Майк Помпео шабуылдардың егесі Иран екенін қоймай айтуда…

Иран сыртқы істер министрі Мұхамед Жабад Запар “Твитерде”…максималды қысым кезінде-максималды алдау болатынын” жазуда…

Wall Street Journal айтуынша мұнайдың тәуліктік өнімі бес миллион баррельге азайған. Бұл әлем мұнайының жеті пайызы!

БҰНЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?  Ресей,тағы Ресей!

Еуропаға барар газ бағасын реттеу үшін Путин Украинаға шабуыл жасады! Трамп билікте отырғанда-ешкім орыстарды кінәлі демейді! Путиннің былығын жабушы ғана емес, Қытайға санкция салып тұсаушы- Дональд Трамп Мәскеудің Ақ Үйден тапқан қазынасы! Осының алдында ғана Рамзан Қадыров Сауд Арабияға жеке ісімен барып қайтты… Путиннің “сенімді солдаты” бейсуат, бұйрықсыз, тапсырмасыз жүрмейді..

Соғыс бола ма? Жоқ! Дүрбелең,әрі-сәрілік мұнай бағасын өсіруге әкеледі. Бұл Путин режимінің ғұмырын ұзартпақ! Үлкен саясат-мол шығынға мұқтаж…

Серік Елікбай

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары