Атажұрт

«Қызылағаштың бес азаматына бостандық сұраймыз»

«Атажұрт еріктілері» тіркелмеген ұйымы Алматы облысындағы  «CITIC Construction» компаниясында болған төбелестен кейін қамалған бес жігіттің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Оқи отырыңыздар: Қытай азаматтарымен төбелескен жігіттер екі айға қамалды

Бекзат МАҚСҰТХАНҰЛЫНЫҢ айтуынша, бұндай оқиға Қазақстанда алғаш рет болып отырған жоқ. Шетелдіктер мен жергілікті жұмысшылар арасындағы дау-дамай Атырау, Маңғыстау облыстары мен Ақтоғайда да болған. Сол себепті қоғамда антиқытайлық көңіл-күй бар. Сондықтан да жергілікті билік өкілдері қандай да бір кикілжіңнің алдын алу керек еді деп есептейді қоғам белсендісі.

«Талдықорғандағы қазақ пен қытай төбелесі неден басталды? Ең бірінші қытай азаматтары Қанат Жамбыл есімді жігітті ұрды. Демек бірінші қамаудағы қызылағаштықтар бастаған жоқ. Жол жасайтын базада аспаз әйелге бейәдеп қылық көрсетілген. Қазір аспаз бен Қанат Жамбыл жоқ. Күдікке ілінген азаматтардың туған-туыстары оларды таппай отыр. Қазір қоғамда Қытайға қарсы тірлі митингілер өтіп жатыр. Ол жақтағы «саяси үйрету лагерінде» жатқан қандастарымыздың ауыр хәлі де бәріне белгілі. Сондықтан да жағдайды ушықтырмай бес азаматты босату керек», – дейді тіркелмеген «Атажұрт еріктілері» ұйымының басшысы Бекзат Мақсұтханұлы.

Алматы облыстық полиция департаменті бұған дейін қылмыстық кодекстің 293-бабы 3 бөлімі, 107 бабы 2-бөлімі және 106 бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. 10 қазан күні сот күдіктілер Берікбол РЫСАЛДИНОВ, Бейбіт, Нұрбол МҰХАМЕТАЛИН және Сарқыт пен Еркін САЛҚАНОВТАРДЫ екі айға қамау туралы үкім шығарған. Бұл бес күдікті қанша шетелдік азаматты ұрғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыздар: «Екі інімді полиция ұстап алып кетті»

ЖАС АЛАШ

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары