Саясат

ҚЫТАЙШЫЛДАР

Ұлтшылдық “ұлтымды сүйемін” – деп басқаларға құлақ қағыс еткен бір ауыз сөзден тұрмайды.
Ұлтын сүйген адам өзінің ұлтына деген сүйіспеншілігін – ұлттың мүдесі, хақы мен құндылықтары сынға түскен сәттерде қолдап-қорғаған сөздерімен, халықты үгіттеуімен, ұлтқа пайдалы іс-әрекеттерімен автоматты түрде көрсетіп тұрады. Өмірде өз ұлтын сүйетін ұлтшыл азаматтардың болатыны сияқты, өз ұлтынан жиренетіндер де, өзінің жеке бас мүддесі үшін біліп не білмей өз ұлтының мүддесін сататындар да, өзге ел, өзге халықты ақтап, жақтап, қорғап сөйлейтіндер, олар үшін іс-әрекет жасайтындар да болады. Қытайда, Шыңжаңдағы мұсылман азшылық ұлттардың құқығын таптау, еркіндігін шектеу, қудалау, жазықсыз концлагерге, түрмеге тоғыту сынды геноцидттік саясаттың жүрілуіне байланысты, қазақ қоғамында “Қытайшыл” деген жаңа түсінік, термин пайда болғаны жасырын емес.

Ендеше қытайшыл қазақтардың идеасы мен іс-әрекетінде қандай ерекшелік болады?
Менің өз түсінігім бойынша мына төмендегі ерекшелікке ие адамдарды қытайшыл немесе соған бейім адамдар деуге болады:

1) өзі не жақындары қытайдан зиян шегіп, зәбір көрсе де қытай билігінің жасаған заңсыздығын, қылмысын әшкерлемеген қазақ, жүрегінде “қазағым” деп ойлағанымен, іс жүзінде (нақты іс-әрекетінде) қытай билігінің жасаған қылмысын жасырғаны үшін, қытайға байланысты өз ұлты Қазағына еш пайдасы тимеген үнсіздігі, әрекетсіздігі оның белсенді қытайшылдармен бірдей қытайшыл болғанын білдіреді.

2) қытай билігінің заңсыздығын, қылмысын әшкерелеген ақпараттарды қолдап үн қоспаса, оны әлеуметтік желіде таратып, қоғамдағы анағұрлым көп азаматтарымыздың одан хабардар болуына, санасын оятып, қытайдың (билігінің) жағымсыз, зиянды, қауіпті жақтары туралы түсінігін тереңдетуге, өз қазағын одан сақтандыруға белсенділік танытпай, немқұрайлық танытса, тіпті қарсы шықса, оның да қытайшылдардан айырмашылығы аз.

3) билікте орны жоқ, қарапайым адам бола тұра өзінше дипломат, мәдениетті, білімді, ақылды кісімісіп, ашық не астарлап болса да, қытайды ақтап, мақтап, жақтап сөйлеу, қытай туралы жағымсыз пікір айтпау немесе қытай тақырыбынан қашу, тек ғана қытайдың жақсы жағын дәріптеу, жаман жағын жасыру – қытайшылдық. Әрине, орынсыз даттау, боқтау да дұрыс емес.

4) қытай билігінің заңсыздығымен, қылмысымен күрескен қазақ азаматтарымен күресу, Осы азаматтардың үстінен (дәлелсіз) өсек айту, тырнақ астынан кір іздеу (яғни, кішкене, маңызы жоқ түймедей істі үлкен қылмыс, түйедей етіп көрсету),  халыққа жек көрінішті етіп көрсетуге тырысу да – қытайшылдық.

5) Қытай еліне, билігіне байланысты бүгінгі күндегі қазақ қоғамындағы басты бір қайшылық Шыңжаңдағы қазақтардың саяси қысым көруіне қарсы тұру, Қазақ елінде қытай экспансиясының алдын алу болса, осы маңызды бір мәселеге атсалыспау, күреспеу,  керісінше атсалысқандармен, күрескендермен күресу – қытайшылдық.

6) қытай азаматтарының қазақстанда бизнес жасап, баюына көмектескендер, көптеп келуіне әрі тұрақтап қалуына жағдай жасағандар да – қытайшылдық.

7) қытайға қазақ қызын берген, қытайға заңсыз азаматтық бергендер де – қытайшылдық.
Қытайшылдық билікте де, қарарайым азаматтар арасында да бар.

8) қытай елін асыра мақтап,  құдіретті күш етіп көрсету, қазақты Құдайдан емес, қытайдан қорқатын ету, осы арқылы халықты қытайдың бетіне түзу қарамауға, қарсы шықпауға, олардың айтқандарына көнуге итермелеу де қытайшылдық.

9) ақша да, техника да, қол жетімді товар да, бәрі де тек қытайда ғана, басқа ешбір елде ақша да, техника да, қол жетімді товар да жоқ деп біржақтылы қытайға ғана қол жаю, қытайдан басқа елді көрмеу, қытайға табыну да қытайшылдық.

Қандай адамдардың қытайшыл екенін анықтаудағы басты мақсат – ұлтшылдарды қорғау, халықты ұлтшылдардың артынан ергізу, адамдардың біліп не білмей қытайшыл болып кетуінен сақтандыру. Халықтың бірлігі мен күшіне сүйене отырып кейбір қытайшыл шенеуліктерді де райынан қайтару, олардың қытайшылдық түс алған, қытайға пайдасы зор экономикалық іс-әрекетіне қарсы тұру.

Қателіксіз адам болмайды. Мақалада қате кеткен жерлердің болуы бек мүмкін. Оқырман дұрысын қабылдап, қатесін түзетіп, дұрыстайды деп ойлаймын.
Кенжебек.Қ 10-2019ж.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары