Әлем ақпараты

Жүздеген қытайлықтың Қазақстанға заңсыз кіргені анықталды

Атырауда трансұлттық қылмыстық топ мүшелері сотталды. Олар 2 мыңға жуық Қытай азаматына Қазақстанға заңсыз кіру үшін құжат дайындап бермек болған, сонымен қатар 758 адамды заңсыз тіркеген, деп жазады ATPress.kz

Атыраудың №2 қалалық сотында трансұлттық қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында Қытай азаматының шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізу үшін трансұлттық қылмыстық топ құрғаны белгілі болды.

«Қазақстанға жалған еңбек мигранттарын кіргізуге Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көмектескен. Ол бұрын Қытайда білім алып, аздаған уақыт ҚР Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің визалық қолдау басқармасында жұмыс істеген. Сыртқы істер министрлігіндегі таныстарының көмегімен ол шетелдіктерге заңсыз құжаттар дайындап берген», – деп жазады басылым.

Қылмыстық топ 2015-2018 жылдар аралығында жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында олар Қытайдың 2 мыңға жуық азаматына виза алу үшін 35-ке жуық жалған кәсіпорын атынан шақыртулар жіберген, сонымен қатар, Қазақстан аумағында 758 шетелдікті заңсыз тіркеген.

«Шақырту құжаттары, фирмалар, шетелдіктердің тіркеу мекен-жайлары жалған болғандықтан, Қазақстанға кірген Қытай азаматтарының жеке жұмыстарымен келгені анықталды», – деп жазады басылым.

Қылмыстық топ осы уақыт аралығында Қытайдағы басшысынан ең кемінде 140 млн теңге алғаны анықталды. Оның 84,5 млн теңгесі шенеуніктердің, полиция қызметкерлері мен делдалдардың қалтасына түскен.

158 комментариев

158 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары