Атажұрт

Қазақстанның Қытайдағы елшісі тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды”,- делінген хабарламада.

  • Ғабит Қойшыбаев 1972 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін (1994 ж.), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (1999 ж.) тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімші қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды.
  • 1999-2007 жылдар аралығында Қазақстанның Үрімші қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды.
  • 2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды.
  • 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды.
  • Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.
  • ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген.
  • Үйленген, 3 баласы бар.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Тимур Пірімбетов Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды

https://holanews.kz/view/news/43581
149 комментариев

149 пікір

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары