Әлем ақпараты

Трамптың үйіне кірген қытайлық қыз сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыз күзетшілерді алдап, төрт телефон, ноутбук, қатқыл диск, флэш карта және екі төлқұжатпен президенттің жеке резиденциясына кірген.

Флорида штатының соты АҚШ президенті Дональд Трамптың үйіне заңсыз кірген Қытай азаматы Чжан Юйцзинді сегіз айға қамау туралы үкім шығарды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Чжан Юйцзин АҚШ Құпия қызметінің қызметкерімін деп жалған мәлімет бергені және кіруге рұқсат етілмеген территорияға заңсыз енгені үшін кінәлі деп танылды.

Ол президенттің Флорида штатының оңтүстігінде орналасқан Мар-а-Лаго резиденциясына келген қонақтың туысымын деп сендірген.

Әйел сегіз айға бас бостандығынан айрылды және қамаудан шыққан соң екі жыл қадағалау қызметкерлерінің назарында болады. 

Чжан Юйцзин осы жылдың 30 наурызында күзетшілерді алдап, президенттің Флорида штатында орналасқан резиденциясына кірген. АҚШ арнайы қызметі ұстаған кезде оның жанынан төрт телефон, ноутбук, қатқыл диск, флэш карта және ҚХР азаматының екі төлқұжаты табылған.

BAQ.KZ тен алынды

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары