Әлем ақпараты

АҚШ-Қытай қатынасы ушығуы мүмкін

Қытай Гонконгтегі ереуілшілерге қолдау көрсететін заң қабылдағаны үшін АҚШ билігіне қатаң ескерту жасады. «Қытай үкіметінің басқаруындағы қаланың ішкі шаруасына араласу – Американың қиындықтарға тап болуына алып келеді» деп ескертілген ресми мәлімдемеде.

 АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен арадағы маңызды келісім-шартты қабылдамай тұрып, сәрсенбі күні Гонконг халқының наразылықтарын қолдайтын Конгресстің заңдық ұсыныстарына қол қойған болатын.

Трамптың бұл қадамына Пекин билігі жедел әрі қатаң жауап қатты. «Егер ресми Вашингтон Гонконгке қатысты осылай «ойланбай шешім» қабылдай берсе, қытайдың контршарасының нәтижесіне ұшырайтын болады» делінген хатты Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэн елдегі АҚШ елшісі Терри Бранстеданы шақыртып алып, табыс етті.

Алматы, NEGE. KZ

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары