Атажұрт

Сараптама: Ресми көз бояушылық? Үкіметті жақтайтын Билікшіл «Атажұрт» ұйымы Қазақстанда тіркеуден өтті

Авторы: Bruce Pannier
Ағылшын тілінен қазақшаға аударған: Нағыз Атажұрт Еріктілері аударма орталығы

Ағылшын тіліндегі түп нұсқа мақала “Редио Еуропа әнд Рейдио Либерти” ағылшын сайтында жарияланған.

Мақала:
Екі жылға жуық құлшыныстан кейін, Атажурт еріктілері ұйымы Қазақстанда тіркелді.

Ұйымның тағанын Қытайдың батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық облысынан келген этникалық қазақтар қалаған. 1991 жылдың аяғында Қазақстан тәуелсіздік жариялағаннан кейін, Қазақстан үкіметі әлемдегі этникалық қазақтарды тарихи отанына шақырды. Осы “Оралман” бағдарламасының аясында шетелден көптеген қазақтар Қазақстанға өтті.

Аталмыш ұйым 2017 жылы құрылған. Содан бері, бұл ұйым Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың заңсыз ұсталуы, түрмеге түсуі және азапталуы туралы мәліметтерді жинап, ашық жариялап келген.

Пекинның бұған мүлдем жылы қабақ танытпайтыны анық.

«Қайта тәрбиелеу орталығы» деп аталатын лагерлерде жатқан мыңдаған қытай қазақтарының бұл тағдыры – Шыңжаңда және Қытайдың басқа бөліктерінде жасайтын мұсылмандарға, әсіресе ұйғырларға, сонымен бірге өзбектер мен дүңгендерге (этникалық қытай мұсылмандары) бағытталған ірі көлемдегі репрессиялық науқанның бір бөлігі болып табылады.
Бийыл, қыркүйек айының соңына қарай, Әділет министрлігі барлық қажетті құжаттарды қабылдап, тіркеуге алғанға дейін, Атажұрт ұйымы тіркелуге өту туралы төрт рет өтініш тарсырған болатын.

Алайда, 24ші қыркүйекте министрлік шынымен қайсы Атажұрт ұйымын тіркеуге алды?

Ұйымның Алматыдағы кеңсесінде отырған Ербол Дәулетбекұлы өзін Ұйымның жаңа жетекшісі деп таныстырды.
Бірақ, Бекзат Мақсұтханұлының соңынан ерген топ өздерін «Атажұрт»тың негізгі және анағұрлым белсенді фракциясы деп мәлімдейді. Бұнымен келісетін бір адам бар. Ол ​​бұл ұйымның ең танымал қайраткері Серікжан Білаш.

Сонымен, бұлар кім және бұл жерде не болып жатыр?

Ыңғайсыз жағдай

Соңғы екі жылда Атажұртты басқарған Серікжан Білаш – Шыңжаңнан келіп Қазақстан азаматтығын алған қазақтардың бірі. Қазақстандағы Шыңжаңнан келген қазақтар Серікжан Білаштың Шыңжаңда Қытайдың этникалық қазақтарға қаратқан саясатын сынға алғанын қолдайды.

Олардың көпшілігінің туысқандары Шыңжанда Қытай билігінің сепаратизм, экстремизм, және терроризмге қарсы күресу науқанына кез-келген сылтаулармен ұсталып кеткен. Қазақстан азаматтығын жаңадан алған кейбір «оралмандар» Қытайға туысшылай барғанда немесе аяқталмаған шаруасын бітіруге барғанда ұсталған.

Серікжан Білаштың басқаруында Қытайдың зұлымдықтарын әшкерелеумен Атажұрт , Қазақстан үкіметін ыңғайсыз жағдайға душар етті.

Қытай елі Қазақстанның шекаралас көршісі, ірі сауда серіктесі және ірі инвесторі. Осы себепті, Қазақстан билігі Шыңжандағы қазақтарға жақындығы бар түркі тектес мұсылман ұйғырлар қудаланғанда, жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Бірақ, Серікжан Білаштың тобы және соларға ниеттес басқа адамдар Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайына бейжай қарап тұра алмады. Қазақстан билігі де Пекинге наразылық танытқансып, жұрт көңілін аулады.

10 наурызда,Серікжан Білаш Алматыдағы қонақ үйінде ұсталып, этникалық араздықты қоздырды деген айыппен қамауға алынды. 16 тамызда, Серікжан Білашқа 280 доллар көлемінде айыппұл салынып, 7 жылға саяси белсенділіктен аулақ болу келісімі бойынша шартты түрде босатылды.

Серікжан Білаш шеттетілді, бірақ Атажұрт ұйымы жұмыстарын жалғастыра берді. Жаңа көшбасшы қалай болмасын керек еді. Алайда, жаңа басшылар ұйымның жақ-жаққа бөлінуін тездетті.

Ербол Дәулетбекұлы «Атажұрт» жетекшісінің Бекзат Мақсұтханұлы болуы керектігі жайында Серікжан Білаштың солай айтқанын мойындайды. Бірақ, Ербол Дәулетбекұлы бұл ұйым Серікжан Білаштың жеке компаниясы емес деді, ол және ұйымда көптеген адамдардың жұмыс істейтінін айтты.

Серікжан Білаш Азаттық радиосының қазақ тілі бөліміне «Ербол Дәулетбекұлы өзін-өзі сайлап алған » деді.

«Осы және өзге бір адамнан басқа, Атажұрттың 99 пайыз белсенділері Бекзатты (Мақсұтханұлы) қолдайды», – деді Серікжан Білаш.

Үкіметтің жыртысын жырту

Бұл екі адам -Ербол ​​Дәулетбекұлы және Қайрат Байтолла болуы мүмкін. Бірақ, Ербол Дәулетбекұлы Азаттыққа оның 10 тіркелген мүшесі және «30-40 қа жуық жақтаушысы» бар екенін айтты.

Тіркелмеген Атажұрт фракцияның мәлімдеуінше, Ербол Дәулетбекұлының тіркеп алған ұйымы көрер көзді көлегейлеу, және олардың ұстанымы Қазақстан үкіметінің Қытайдағы істерге болған көзқарасымен бірдей.

Бұған дәлел бар.

4-Қазанда, Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытайдың қамау лагерлерінде этникалық қазақтар жоқ деп мәлімдеді, ол лагерлерді Қытай билігі ауыз толтырып тұрып,” қайта тәрбиелеу орталығы” деп атайды.

Сол күні , Аззаттық радиосы Ербол Дәулетбекұлы мен Бекзат Мақсұтханұлы екеуін студиясына шақырып алып, оларға Тілеуберді мәлімдемесінің клипін көрсетті. Осы туралы пікір білдірулерін сұрады.

Ербол Дәулетбекұлы мәлімдеменің мазмұнымен келісіп, Тілеубердінің айтқандарын растады. Ал, Бекзат Мақсұтханулы болса, мәлімдемені теріске шығарды. Ол дәл қазір Шыңжаң лагерінде қамауда отырған «100( этникалық қазақтың)» адамның атын атап бере аламын деді.

Атажұрт тіркелді дегенде, Қазақстанның іші-сыртындағы көптеген адамдар қуанып қалған болатын.

Бірақ, содан бері көзге шалынып жатқан фактілер – тіркелген ұйымды үкіметтің жыртысын жыртатын адамның басқарып отыруы – қандай да бір көзбояушылықтың болғанын аңғартады..

Түпнұсқа:

https://www.rferl.org/a/qishloq-ovozi-kazakhstan-atajurtregistered-pro-government/30213406.html

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары