Атажұрт

Билік Қытайдан гөрі Батыстан Қорқады

Сұмдық!!!
Тағы бір қазақ Қытай-Қазақ шекарасын бұзып Қазақстанға қашып келіпті. Бұл Былтырдан бері қызыл Қытайдың шекарасын бұзған Бесінші қазақ. ЕҢ бірінші болып Сайрагүл Сауытбай, онан соң Қайша Ақан, одан кейін Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы. Бесінші болып қашып келген мына жігіттің аты Бағашар Мәлікұлы.
Сайрагүлдің ісін сағыздай созып, созған сайын Қытайды бүкіл әлемге масқара қылған біздің Қазақ еді. Бұл қазақ ешқашан шекара бұзған бұл батырларды ешқашан кері қайтармайды!!!
Халықтың Қытайға деген кегі мен ызасында шек жоқ. Билік те халықтан қорқып, дірілдеп отыр. Қорыққан билік ҰҚК-нің лауазымды қызметкері, шекара қызметінің басшысы Ділманов арқылы Қазақтың тамырын басып көрді де, ереуілдеп айқайлаған қазақтан да, қысқан халықарадан да, Трамптың қаһарынан да шошып, екі күннен соң ділмарсыған Ділмановтың өзі “тілшілер менің сөзімді қате түсініпті”-деуге мәжбүр болды. Ділманов “Шекара бұзған қазақтарды Қытайға қайтарамыз”-деп еді, сөзі халықаралық зор наразылық қозғап, ақыры желі шықты! “Қытайға қайтарамыз”-деп алды-артына қарамай оттаған бір топ депутаттың үстінен Елбасына арыз да жөнелтілді. Олар алдағы уақытта Халықаралық Заңдарды білмеген сауатсыздығы үшін, халықты биліккк қарсы айдап салғаны үшін істі болуы мүмкін. Биліктің, мемлекеттің беделін төккені өз алдына бөлек әңгіме.
Қытайдан қашып келген қазақтарды Қазақстан Қытайға кері қайтарып бере алмайды. Ең басты себеп-Біздің биліктегілердің Америка мен Еуропада тыққан қисапсыз ақшалары бар, сан жетпейтін ақшаға сатып алынған виллалар мен коттедждер бар. Егер билік Америкамен ашық қарсылыққа ұрынса, әлгі есепшоттар мұздатылады.

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары