Атажұрт

Нағыз Атажұрт Америка Ақпаратында

Американың ағылшын тілді Radio Free Asia медиасында өте керемет мақала жарияланды. Мақала Атажұрт ұйымы туралы, Серікжан Біләшұлының тұтқындалуы және бостандыққа шығуы, Қазақстан-Қытай қатынасы, Қапар Ахат пен Жұмамұрат Шәмшінің он-онбес күнге қамалуы, Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының Қытай шекарасын бұзып Қазақстанға қашып келуі, бәрі-бәрі қаламға ілінген!
Тіркелмеген нағыз Атажұрт Еріктілері Өздерінің осындай жанкешті еңбектерімен халықтың алғысына бөленуде және тұтас әлем жұртшылығының назарын баяғыдай өздеріне аударуда. Ал, билікшіл, қуыршақ, тіркелген аталмыш “Атажұрт Еріктілері”-болса өздерінің су жаңа және сүйкімсіз “Әміржан Қосановтар” екенін дәлелдеді. Бұл күнде бұл қуыршақтар тұтас әлем жұртшылығы алдында қарабет болып отыр. Қытай тақырыбы жөнінде аса танымал тілші, зерттермен Брайс Паннердің өзі бұларды “Расми алаяқтық” деп атады. Оның “Радио Фрий Либерти”-ге ағылшын тілінде жариялаған мақаласының тақырыбының өзі “Ресми Алаяқтық? Билікшіл қуыршақ Атажұрт Қазақстанда Тіркеуден Өтті”-болып еді.
Алға, Нағыз Атажұрт! Қытай құлау алдында тұр! Америка мен Батыс қыспаққа алып отырып Қытайды тығырыққа тіреді. Алға, тіркелмеген, тіркелмейтін, тіркелінбейтін НАҒЫЗ АТАЖҰРТ!!!

https://www.rfa.org/english/news/uyghur/arrest-12172019163038.html

Пікір жазу үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ең танымал

https://kazakhshumanright.org/?p=4542
жоғары